Мазмұнға өту

Ұлттық ойындар халық мұрасы

Оразгалиев Ерлан Канатович 2 мин оқу 305 оқылым

Тақырыбы: Ұлттық ойындар – халық мұрасы

Мақсаты:

Ұлттық ойындар дене шынықтыру іс–әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу.

Керекті құрал-жабдықтар: арқан, жылқы макеті, қамшы.

Барысы:

Жүргізуші:  Құрметті ұстаздар мен тәрбиешілер!  Бүгінгі «Ұлттық ойындар – халық мұрасы»  атты сайысымызға қош келдіңіздер!  Ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.

Жүргізуші: Міне, балалар шықты алаңға,
Жас  спортшылар жеке – жеке команда.
Ал, балалар өздеріңді таныңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанды.

«Ура» деген ұранды біз тастаймыз,
Жарысымызды ал енді бастаймыз.
«Жеңіске жетеміз!» деп,
Жалынды ұран тастаймыз.

Бүгінгі жарысқа қатысуға екі топ келіп тұр.

«Тұлпар» тобы
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па!
Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа.

«Қыран» тобы
Босқа қарап тұрмайық,
Бағымызды сынайық
Намысты қолдан бермейік
Жарысты озып шығайық.

Жүргізуші: Балалар, сендерге сәттілік тілей отырып, жарысымызды бастаймыз. Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныстырайық...

Сайыс шарттары:
1. Бәйге
2. Арқан тартыс
3. Теңге алу

Ұлттық ойын «Бәйге». Ойын шарты: Әр топтың алдына 3 - 4 м қашықтықта межелер белгіленді. Екі топтың балалары ( арақашықтық 2м) сап түзеп тұрады.  Бұл ойында жұптасып жарысады. Әр топқа бір ат, бір қамшы байланады.  Белгі бойынша әр топтан бір баладан атқа қонады да жарысады.  Балалар аттың шабысына салып шабуы тиіс.

Жүргізуші: -Жарайсыңдар балалар! Седер өз ептіліктерің мен жылдамдықтарыңды көрсете білдіңдер. Келесі кезең «Арқан тартыс» ойыны.

          Ұлттық ойын «Арқан тартыс». Ойын шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойын бір түрі.  Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады.  Қай топ өз жағына алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші: - Өте жақсы балалар! Белсенділік танытып ойынға жақсы ат салыстыңдар! Келесі ойнайтын ұлттық ойын «Теңге алу» деп аталады. Алға!

Ұлттық ойын «Теңге алу».Ойын шарты:  Бұл ойынды ер балалар ойнайды.  Аттың орнына шыбық ат пайдаланады.  Белгілі бір жерге теңгені ыдысқа салып қояды.  Ойыншылар атпен шауып келіп еңкейіп теңгені ыдыстан тез алып шаба жөнеледі. Егер ойыншы теңгені алмай қалса жеңілген боп  есептеледі.

           Жүргізуші: Құрметті көрермендер, балалар біздің алға қойған мақсатымыз ата – бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ұлттық ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге – құрмет, кішіге – қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру.
Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан - жақты жетілдіруге бағытталған.
Бүгінгі балалармен ұйымдастырылған сайысымызды қорытындылап, әділ шешімімен «Тұлпар» және «Қыран» топтарының арасындағы сайыста достық жеңді. Көріп тамашалағандарыңызға  рахмет!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Оразгалиев Ерлан Канатович

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Ұлттық ойындар халық мұрасы

Алматы облысы Талдықорған қаласы Дене шынықтыру нұсқаушысы Оразгалиев Ерлан Канатович Тақырыбы: Ұлттық ойындар – халық мұрасы Мақсаты: Ұлттық ойындар дене шынықтыру іс–әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене…

Оразгалиев Ерлан Канатович 229 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин