Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ұлттық ойындар халық мұрасы

Оразгалиев Ерлан Канатович
2 мин оқу 229 оқылым

Алматы облысы
Талдықорған қаласы
Дене шынықтыру нұсқаушысы
Оразгалиев Ерлан Канатович

Тақырыбы: Ұлттық ойындар – халық мұрасы
Мақсаты:
Ұлттық ойындар дене шынықтыру іс–әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу.
Керекті құрал-жабдықтар: арқан, жылқы макеті, қамшы.
Барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен тәрбиешілер! Бүгінгі «Ұлттық ойындар – халық мұрасы» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.

Жүргізуші: Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке – жеке команда.
Ал, балалар өздеріңді таныңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанды.
«Ура» деген ұранды біз тастаймыз,
Жарысымызды ал енді бастаймыз.
«Жеңіске жетеміз!» деп,
Жалынды ұран тастаймыз.
Бүгінгі жарысқа қатысуға екі топ келіп тұр.

«Тұлпар» тобы
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па!
Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа.

«Қыран» тобы
Босқа қарап тұрмайық,
Бағымызды сынайық
Намысты қолдан бермейік
Жарысты озып шығайық.
Жүргізуші: Балалар, сендерге сәттілік тілей отырып, жарысымызды бастаймыз. Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныстырайық...

Сайыс шарттары:
1. Бәйге
2. Арқан тартыс
3. Теңге алу

Ұлттық ойын «Бәйге». Ойын шарты: Әр топтың алдына 3 - 4 м қашықтықта межелер белгіленді. Екі топтың балалары ( арақашықтық 2м) сап түзеп тұрады. Бұл ойында жұптасып жарысады. Әр топқа бір ат, бір қамшы байланады. Белгі бойынша әр топтан бір баладан атқа қонады да жарысады. Балалар аттың шабысына салып шабуы тиіс.

Жүргізуші: -Жарайсыңдар балалар! Седер өз ептіліктерің мен жылдамдықтарыңды көрсете білдіңдер. Келесі кезең «Арқан тартыс» ойыны.

Ұлттық ойын «Арқан тартыс». Ойын шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойын бір түрі. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ өз жағына алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші: - Өте жақсы балалар! Белсенділік танытып ойынға жақсы ат салыстыңдар! Келесі ойнайтын ұлттық ойын «Теңге алу» деп аталады. Алға!
Ұлттық ойын «Теңге алу».Ойын шарты: Бұл ойынды ер балалар ойнайды. Аттың орнына шыбық ат пайдаланады. Белгілі бір жерге теңгені ыдысқа салып қояды. Ойыншылар атпен шауып келіп еңкейіп теңгені ыдыстан тез алып шаба жөнеледі. Егер ойыншы теңгені алмай қалса жеңілген боп есептеледі.

Жүргізуші: Құрметті көрермендер, балалар біздің алға қойған мақсатымыз ата – бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ұлттық ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге – құрмет, кішіге – қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру.
Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан - жақты жетілдіруге бағытталған.
Бүгінгі балалармен ұйымдастырылған сайысымызды қорытындылап, әділ шешімімен «Тұлпар» және «Қыран» топтарының арасындағы сайыста достық жеңді. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Оразгалиев Ерлан Канатович

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Ұлттық ойындар халық мұрасы

Балаларға арналған ұлттық ойындар сайысының сценарийі. Бәйге, арқан тартыс және теңге алу ойындарының шарттары берілген.

Оразгалиев Ерлан Канатович 2 мин 305 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 61 оқылым