Мазмұнға өту

Түлік туралы сабақ

Косболова Жаркынай 3 мин оқу 803 оқылым

Косболова Жаркынай

Сабақ мақсаты: Төрт түлік туралы білім беру,төрт түлік малдың тіршілік табиғатымен, қадыр-қасиетімен таныстыру.Қазақ халқы малмен айналысатынын түсіндіру.Оқушылардың ой-өрісін,тілін дамыту,малды күтуге ,қадірлеуге,ой –өрісін,тілін дамыту,малды күтуге,қадірлеуге,оны өсіруге,ата кәсіпке айналдыруға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ой — өрісін, сөздік қорын байыту, мәнерлеп, түсініп оқуда білім-білік дағдыларын дамыту
Тәрбиелік:  Қазақ халқының өмірін төрт-түлік малмен байланыстыра отырып, оқушыларды төрт түлікті құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі:  суреттер, сызбалар, интерактивті тақта
Әдіс – тәсілдер:    Ой қозғау, топтастыру, түсіндіру, ойын, талдау- жинақтау

Сабақтың барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
1)    Балалардың сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
2)    Сабақ тақырыбымен таныстыру.
Кіріспе
Балалар, қазір біз барлығымыз бірлесіп, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын сөзжұмбақ арқылы шешіп, тауып алайық.

  1. Кішкене ғана бойы бар,
    Айналдырып киген тоны бар.(қозы)
    2.  Ер қанаты не?
    3.  Қойда бар, тонда жоқ. ( Й)
    4.  Төрт түліктің төресі не ?
    5.  Сиыр сүтінен алынатын сусын. (айран).
    6.  Ешкінің төлі. ( лақ)
    7.  Сүттің түсі қандай? (ақ)
    8.  Малдың төлдегендегі алғашқы сүті не деп
    аталады? (уыз)

-Сонымен бірінші қатардағы ,торкөздегі әріптерді қосқанда қандай сөз шықты?
- Қайталау.
- Өте жақсы.
-Ендеше балалар, біз қандай тараумен таныс болған едік ?
-Төрт түлік мал туралы.
II. Жаңа сабақ
1.Суреттер арқылы балаларға төрт түлік малдың қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде  алатын орнын түсіндіру.
 
Балалар,  «Малы бардың- жаны бар», « Елдің көркі- мал» деген халық нақыл сөздерінен- ақ  қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде төрт түлік малдың ерекше орын алатынын түсінуге болады.Қазақ халқы ежелден-ақ мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірбиесі бойынша олар малдың өрісін,  тіршілік ету сырын, жай- күйін , қадір –қасиетін әбден зерттеп білген.  Қазақ халқының ұлттық  ойындарында да төрт түлік малға байланысты қызықты ойындар көптеп кездеседі.
Мысалы: «Көкпар», «Қыз қуу», «Бәйге» және тағы басқалары.
Оның өнімдерін тіршілік құралы ретінде пайдаланып, малдың еті, еті, терісі, тіпті мүйізі мен сүйегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған.
Мал шаруашылығы біздің еліміз үшін қазіргі таңда да маңызды саланың бірі болып келеді.Сондықтан біз ұлтымыздың қасиетті төрт түлікке қатысты ұғымдары мен бай тәжірбиесін ұмытпай, күнделікті тіршілігімізде ала беруіміз керек.
Ендеше балалар, төрт түлікке қандай түліктер жатады:
2.Енді осы төрт түлікті топтастырамыз.

3.Төрт түліктің төлдерін ,мал пірлерін атау .
Жылқының төлі- құлын, пірі- Қамбар ата.
Түйенің төлі – бота, пірі – Ойсылқара.
Сиырдың төлі – бұзау, пірі – Қамбар ата.
Қойдың төлі – қозы, пірі – Шопан ата.
Ешкінің төлі – лақ, пірі – Сексек ата.

  1. Төрт түлік туралы тақпақтар айту.
                                       Құлыншағым
    Құлыншағым- құндызым
    Құлдырайды, шабады.
    Жылтылдаған жұлдызым,
    Құстай қанат қағады.
    Боз бие
    Әжем жиі сауады,                             Құлыны да тояды.
    Боз биені баяғы.                                Сабамыз да толады.
    Сүті неткен көп еді,                          Қанады әбден қымызға

Суалмай- ақ келеді.                           Біздің үйдің қонағы.

            Ақ бұзау       
Ақ бұзауым ұнайды,                              Келеді өсіп күн санап,
«Мө- мө» деп сүт сұрайды.                   Қоямын ба тұмшалап.
Ақ бұзау жақсы фермада,                     Тұмсығын созып қарайды,
Апарамын көрмеге.                                Тілімен мұрнын жалайды.

                                             Сиыр
Әукім, әукім, сиырым,
Мүйізінің сүйірін.
Шүйгін жерге келгелі,
Шығып қапты бүйірің.
                                             Қозы
Кіп- кішкене момақан
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам қозым деп,
Қошақаным өзің деп.
Бөрте лақ
Шөре- шөре лағым                             Марқа туған бөрте лақ,
Тентек болма, шырағым.                   Әңгімеме сал құлақ.
Секектеме деміңді ал,                        Ойнай көрме тым ұзап,
Селтеңдемей құлағың.                       Боп жүрмесін бөрі тап.

  1. Төрт түліктің адамға пайдасын суреттер арқылы әңгімелеу.
    6. Төрт түлік туралы мақал мәтелдер айту.

    1.Сиырдың сүті – тілінде.              2.  Ат- адамның қанаты.

3.Қойдың сүті қорғасын,                4. Аттың бәрі сұңқар емес,
Қойды ұру болмасын.                      Құстың бәрі сұңқар емес.

  1. Жалғыз шапқан ат жүйрік.         6. Түйе көп болса жүк сыймас.
  2. Малды бақсаң, сиыр бақ,            8. Сиырды теппейді,
    Сүт кетпейді шарадан.                     Сүтті төкпейді.
  3. Жұмбақтардың шешімін табу.

    Туа сап жүріп кеткен,
    Енесін қуып кеткен.(  құлын)

Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Егіз құлағы бар,
Иегінде сақалы бар. ( ешкі)

Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. ( түйе )

Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. ( қозы )

Екі айнасы бар,
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар. ( сиыр )

7.Мәнерлеп оқу «Малдың төлін сүюі»
 
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма : Қайталау
Оқушыларды бағалау мадақтау.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Косболова Жаркынай

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Адилжан Аякоз Бастауыш білім беру Аңдатпа: Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының зейінін, есте сақтауын, ойлау қабілетін дамытуда нейрогимнастикалық жаттығулар мен нейроойындарды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Bilimger Media 28 оқылым 2 мин
Бастауыш сынып

Қош келдің, Наурыз!

№50 жалпы білім беретін мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі DOCXӘДЕБ-ОКУ-АШЫҚ-САБАҚ.docxҚұжатты ашу

Жанахметова Жансая Бектасовна 48 оқылым 1 мин
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 518 оқылым 4 мин
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 69 оқылым 6 мин