Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Туған жерін сүйе алмаған,сүйе алар ма туған елін...

Бекенова Аружан Жандосқызы
2 мин оқу 561 оқылым

Талғар ауданы  Еркін  ауылы

«№26 жалпы білім беретін орта мектебі»МКМ

11 «Ә» сынып оқушысы

Бекенова   Аружан  Жандосқызы

                          Туған жерін сүйе алмаған,сүйе алар ма туған елін...

Менің туған жерім – бірлігі мен бейбітшілігі жарасқан, ынтымақ пенен достықтың мекені. Оның сарқыраған өзені  мен көлдері, жайқалған жасыл шөп пен ормандары, асқар таулары, сайраған құстары,– осының бәрі, көз тоймас табиғаты, менің жаныма жақын, әрі ерекше ыстық.

Адам шыр етіп дүниеге келегеннен-ақ, оқ атылмаған таудың саф ауасын жұтып, бейбіт заманда  өскен әр адам  туған елім, кіндік тамған жерім деп, еркін өседі. Осылайша, Отанына, еліне, жеріне  деген ризашылығы, махаббаты  мен сүйіспеншілігі оянады.

Туған жер, осы сөзді естігенде жаны елжіремейтін  бірде-бір адам жоқ шығар деп ойлаймын. Неткен киелі жер едің! Менің елім – Тәуелсіз  Қазақстан! Мен бұл сөзді аса бір мақтанышпен және асқақ сезіммен айта аламын. Қазақстан – ол біздің ортақ және кең байтақ, ата-бабамыздан қалған мекен иелігіміз. Қазір біз ата-бабаларымыздың ерлігі мен табандылығының арқасында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Осыншалықты қиыншылықпен келген тәуелсіздігімізге бүгін де 27 жыл толып отыр. Еліміздің дамуы қарқынды түрде жүруде. Қазір мен әлі бала болсам да, менің еліме, жеріме, Қазақстаныма деген жоспарларым өте көп және мен оны жүзеге асыруға бар күшімді саламын.

Мен Қазақстанда өмір сүрген әр жанды  бақытты  деп айта аламын. Себебі, оның жері қазынаға бай және 130-дан астам ұлт өкілі бейбітшілікте өмір сүруде. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы біздің еліміздің басты байлығы деп ойлаймын. Ол әрине, әу заманнан қазағымның өз жері секілді кеңдігінің, жомарттығының  арқасы.

Туған жер. Туған ел. Осы екі ғана “туған” және “жер”  сөзде  қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?!  Ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, ата-бабам  дүниеге келген жер.   Туған жердің тағдыры өз азаматтарының патриоттық сезімінің тереңдігі мен күшіне байланысты, сондықтан туған жерімде теріс пиғылды шетелдік азаматтардың  талтаңдап жүргенін де  қаламаймын.

Мен өз Отанымды, туған жеріміді, құдіретті елімді сүйемін.

Атам қазақ «Елдің даңқын ері шығарады, ердің даңқын елі шығарады»  деп айтқан.  Қыз да болсам, ер азаматтай жерімді  алакөздерден қорғап өтемін.  Ал патриоттығымды білдіру үшін өз  елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да өз үлесімді қоссам  деп ойлаймын.(302 сөз)

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Бекенова Аружан Жандосқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ әдебиеті

Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл: білімнің шамын жаққан ұлы тұлға

Мақалада Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі, қазақ балаларына білім беру жолындағы еңбегі мен әдеби мұрасы сөз болады. Оның шығармаларындағы білімге құштарлық, еңбекқорлық және адамгершілік идеяларының бүгінгі маңызы көрсетіледі.

Қожабек Амина 2 мин 12 оқылым
Қазақ әдебиеті

Асқар Алтайдың «Сират көпірі» шығармасы: тарихи романның көркем жүйесі мен рухани ұстанымдары

Мақалада Асқар Алтайдың «Сират» романы тарихи-философиялық қырынан талданып, кейіпкерлер жүйесі, көркемдік құрылымы және ұлттық рух мәселелері қарастырылады.

Жазит Алтынай 12 мин
Қазақ әдебиеті

Аңыз әңгімелердегі ұлттық құндылықтар

Ғылыми мақалада қазақ аңыздарының тарихи жадты сақтаудағы және ұлттық құндылықтарды ұрпақ тәрбиесіне жеткізудегі маңызы қарастырылады.

Сейтхан Ернұр 4 мин 29 оқылым
Қазақ әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру 

Шымкент қаласы. Қазақстан Зиятркелік "Бәйтерек мектебі" қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бұл мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Тельмаева Назерке Жаскыранкызы 3 мин 123 оқылым