Мазмұнға өту

«Туған жер» бағдарламасы – отансүйгіштікке тәрбиелеудің басты құралы

Махмудова Шохиста Батирхоновна 6 мин оқу 3 280 оқылым

Махмудова Шохиста Батирхоновна

Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!

Елдік те, ерлік сияқты сын сағатта танылады.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Туған жер!  Бұл сөздің астарында терең мағына бар.

Туған жер үшін біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті. Бұл олардың туған жеріне соншалықты адал екендігін көсетпей ме?

Туған жер – біз үшін ең үлкен қазына! Жаратқанның бізге  берген керемет сыйы!  Бабаларымыз үшін қадірлі болған өлке біз үшін де қадірлі болмақ.  «Туған жер-ай, күнім де сен, дінім де сен,

                    Тағдыр сендей сүйесе, сүрінбес ем

                    Керегі жоқ басқа атақ,

                    Басқа абырой,

                    Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең!»- деп

Қадір Мырза Әли атамыз жырлағандай, ол біздің – барымыз.

Туған жер... Сан ғасырдан бері көптеген жырларға, әндерге, дастандарға арқау болған мәңгі тақырып. Әр адамға кіндік қаны тамған жері ерекше ыстық болатыны да заңды құбылыс шығар.

Туған жері, туған елі туралы, тарихы мен мәдениеті туралы әрбір азаматтың хабардар болғаны жақсы, ал егер мақсаты Отанымыздың өткені мен бүгінін баяндап, халықты Отан сүйгіштікке шақыратын бағдарлама жарық көрсе нұр үстіне нұр емес пе? Осындай игі бастаманы Елбасымыз ұсынды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:Туған жерге деген сүйіспеншілік кішкентай өлкеден, қаладан, алғаш қадам басып, ата-ананың ыстық ықыласына бөленген отбасынан, алғаш қолыңа қалам алып, әріп таныған мектебіңнен, бірге ойнап-ренжіскен достарыңнан басталатынын айтып өтті.

Өскелең ұрпаққа, жастарға дұрыс бағдар беріп, отансүйгіштікке тәрбиелеу ұлт болашағы үшін жасалатын міндетті жұмыстардың бірі.

Туған елге деген сүйіспеншілікті жастардың бойына дарытудың алуан түрлі жолы бар, солардың бірі – еліміздің тарихи өлкелерін таныту, құнды жәдігерлерімізбен таныстыру. Қазақстанның жарқын болашағының іргетасын қалайтын жастар, өскелең ұрпақ екені белгілі, және сол ұрпақтың саналы, көзі ашық, өткені мен болашағын айқын танитын болуы абзал.

«Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы — шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу — шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», - деп түсіндірді Мемлекет басшысы.

Елбасының пайымынша, бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі.

Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл бағдарламаның мәні деп үш ерекшелікті атап көрсетеді.

«Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді».

Шымкент қаласы «Біз таза қала үшін» ұранын  ту етіп келе, еліміздің ең таза қалаларының көшін бастап тұр. Жергілікті ауылдарда да, мектебімізде де, «Біз жасыл ел үшін!» ұрандарын ту етіп өткізіліп жатқан сенбіліктер экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға бағытталған. Бұл бағдарламаның тек қана айтылып емес, жүзеге асып жатқанын көрсетеді.

«Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін» -дейді елбасымыз. 

Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар.

Атап айтатын болсақ, Сансыз бапты Сайрам өңірінен Ұлы Отан соғысы кезеңдерінде ерлік танытқан азаматтарымыз Зиямат Хусанов, Ботабай Садықов аталарымыз. Мәдениет орындарын пайда болуында өзінің үлесін қосқан Ниязали Йулдашев атамыз, Сайрам орталық мешітінде бас имам, әр сөзінде «Жақсылық жасаңыздар, жақсылықтың қайтарымы тек қана – Жақсылық» деп халықтың діни сауаттылығын арттыруына өзінің үлкен үлесін қосып келген Убайдулла қажы Тажимат ұлын, Сайрам Өлкетану тарихи мұражайына тарихи құндылықтарымызды жинақтауда үлкен үлесін қосқан  тарихшы атамыз Мирахмат Мирхалдаровты, білім саласында үздіксіз қызмет етіп келе жатқан Мухтар Әуезов университетінің профессори Нематжон Алметовтарды атасақ,  Қызылсу ауыл округінде колхоз жұмыстарын жандандыруда  өзінің үлкен еңбегін сіңірген Толақожаұлы Худаярхан атамызды, Анармат  Шермат  аталарымыз айтамыз. Олардың құрметіне бүгінгі күнде көше атаулары берілген. Қатарын толықтыратын азаматтарымыздан  Ирисметов Ирисқул атамыз, Имамов Турсунхан атамыз, Исаханов Олимхан атамыз, Имамов Зундунхан  аталарымыз, медицина саласынан Тажиханов Сыдиққожа атамыз, профессор Тажиханов Толақожа аталарымыз ел денсаулығы жолында тынымсыз еңбектенуде. Осы қатарда Ахматхановтар әулеті де бар.

Қазіргі таңда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтің  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында барша ел болып, Туған- жер, Туған елі үшін өз үлесін  қосып келе жатқан бүгінгі күн жастар қатарында да көптеген ағаларымыз баршылық.  Олардан тек қана үлгі, өнеге алу басты мақсатымыз. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.

Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөздің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш.

«Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс».

«Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет.

Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек»-деді елбасымыз.

Еліміздің танымал тарихшысы Мәмбет Қойгелдиев ауылдық өлкедегі мектептерде «Туған жер» бағдарламасын қызықты өткізудің жолдарын ұсынды. Мәселен, мектептегі тарих пәні ұстазы оқушылармен бірлесе отырып, «Осы ауыл қашан пайда болды?», «Ауылдың негізін кімдер, қандай жағдайда қалады?», «Ауыл өз дәуірінде қандай оқиғаларды басынан кешірді?», «Ауылда қандай мықты әулеттер бар? Олардың даму тарихы қандай болды?» деген сұрақтарға бірге жауап іздеулері керек.

География пәні мұғалімі, «Ауылда қандай таулар, өзен-көлдер бар?», «Олар қалай пайда болған?», «Олар қанша жаста?», «Ауыл көшелері қалай пайда болған?», «Ауылдағы өзен сулар бастауын қайдан алып, қайда құяды?» деген сұрақтарға жауап іздесе, әдебиет, тіл ұстаздары оқушылармен бірлесе «Ауылдың атауы неге осылай аталған?», «Көше атаулары кімнің құрметіне қойылған?» деген сияқты сауалдарға бірге жауап іздейді.

Биология пәні мұғалімі өз кезегінде, «Ауылда қандай өсімдіктер өседі?», «Тек осы ауылда ғана өсетін өсімдіктер бар ма?», «Дәрілік шөптер кездеседі ме?», «Ауылда жалпы саны қанша түрлі өсімдік бар?» деген сұрақтарға оқушылармен бірге жауап іздейді.

Осындай тәсілмен оқытылған сабақтар, жоғарыда айтылып өткендей оқушылар жадында жақсы қалады және балалардың оқуға да, туған өлкені зерттеуге де құлшынысын арттырады. Мұндай бағытта тәлім-тәрбие алған жастарымыз әрі қарайғы өмірінде (оқуда, кәсіпкерлікте, мемлекеттік т.б. қызметте болсын) елі мен жерінің тарихын білуде, насихаттауда және құрметтеуде бейтарап қалмайды.

Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады»- деді Елбасы. Мұндай маңызды іске бүкіл ел, барлық қауым болып қатысуға шақырып отыр.

Сөз соңын мына өлең жолдарымен аяқтайын:

Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған жер.

Отан –ана,

Отан – үлкен

Қазақстан – туған ел!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Махмудова Шохиста Батирхоновна

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру 

Шымкент қаласы. Қазақстан Зиятркелік "Бәйтерек мектебі" қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бұл мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Тельмаева Назерке Жаскыранкызы 116 оқылым 3 мин
Қазақ әдебиеті

Жазылым академиясы: эссенің толық бағыты» – оқушылардың жазылым құзыреттілігін дамытудың тиімді құралы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Абай атындағы негізгі мектебі» КММ Жамбыл облысы, Талас ауданы Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, сыни ойлау қабілетін қалыптастыру және…

Казакбаева Жанар Меирбековна 62 оқылым 2 мин
Қазақ әдебиеті

Әдеби мәтінді сахналау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

«Сарыжар жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Қазақстан, Ақтөбе Аннотация: Мақалада әдеби мәтінді сахналау әдісінің оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы педагогикалық…

Аблашимова Жазира Бекмуратовна 96 оқылым 6 мин
Қазақ әдебиеті

Медиаэтика: медиа саласында жиі кететін қателіктер.

Бальзакова Арайлым, 3 курс Мәтіндегі қате медиа этикасын бұзады Қазіргі таңда медиа әлемінде ақпараттың дәлдігі маңызды рөл атқарады. Мәтіндегі қателіктер мен жалған ақпараттардың таралуы медиа этикасының бұзылуына…

Арайлым Бальзакова 31 оқылым 2 мин