Мазмұнға өту

"Цифрлық Қазақстан"

Sabina 3 мин оқу 89 оқылым

«Цифрлық Қазақстан»
Адамзат өркениеті күн сайын жетіліп келеді. Миллиондаған жыл бұрын болған тас дәуірінен, бүгінгі технологиясы жан жақты дамыған цифрлық әлемге өтуіміз үлкен еңбек пен прогресстің белгісі. Қазіргі таңда адамзаттың толық цифрлық жүйемен өмір сүріп жатқаны айдан анық. Заманға сай жаһандық дамудың біршамасы осы цифрлық жүйеден. Цифрлық жүйе деген не? Ол дегеніміз қоғамға ыңғайлы, қолжетімді етіп, барлық саланы интернетпен қамту, жаңа технологиялар арқылы адам өмірін біршама жеңілдету деген сөз. Цифрлық әлем күнделікті өмірімізде өз көрінісін алуда.
Ел экономикасының жан жақты дамуына сандық жүйенің ықпалы зор, және мемлекеттің индустриалдылығы да осы саланың қаншалықты дамығанынан көрінеді. Бұл туралы алғашқы қаулыны тұңғыш президентіміз Назарбаев 2017 жылы жариялаған болатын. Әлі күнге дейін мемлекет айти, марккетинг салаларының дамуына ерекше мән береді. Себебі, цифрлық индустрияның максималды дамуы басқа салалардың дамуына да серпін береді. Қазақстан индустриалды елге айналуда деп күмінсіз айта аламын. Неге десеңіз, осы екі тұрғыдан қарастыруға болады. Біріншісі кең ауқымды – ол експо 2017. Дәл осы көрме арқылы Қазақстан жаңа инновацияларға бай екенін, технологиялық индустрияның көркейіп жатқанын барша әлемге дәлелдеп, дамыған елдер қатарына қосылуына лайық екенін көрсетті. Ал екіншісінің ауқымдылығы кемірек болса да күнделікті өмірімізде көрінісін алуда. Мысалы, жеке куәлікті, басқа да құжаттарды телефон арқылы «digital» формат түрінде пайдалана алуымыз, ауыл аймақтарға дейін бүкіл еліміз ғаламтормен қамтылғаны, кез келген сатылымдарды интернет арқылы жасап, төлемді белгілі бір қосымша немесе карточка арқылы жасауымыздың барлығы цифрлық әлемге көшіп жатырмыз деген сөз.
Біздің уақытта көптеген мамандықтардың өзі сандық жүйе арқылы орындалады. Бұндай мамандықтар тізіміне мен таңдаған PR digital да кіреді. Бұл сөзімді дәлелдеу үшін, мен пиар мамандығының new media бағытына сай кейсті қарастырғым келіп тұр. Кейстің мәні: біздің еліміз де бақ журналистикасы қатты дамығанымен, цифрлық журналистика енді ғана дамып келе жатыр. Бірақ, менің ойымша, бүгінгі замандағы теледидар, газет пен журналдарға шығатын жаңалықтардың барлығы цифрлыққа өтсе тиімдірек болады. Егер мен арнайы оқу орнын тамамдаған, жоғары санаттағы пиар маманы бола білсем, медиа журналистика саласына жаңа инновацияларды әкеліп, мультимедиялық басылымдарды бүгінгі журналистиканың қарапайым элементтеріне айналдырамын. «Бұны қалай іске асырасың?» десеңіздер, еуропалық ірі БАҚ басылымдары сияқты, жаңалық таратудың заманауи жолдары, яғни, озық технологиялық шешімдерді қолданар едім. Қазіргі заманиуи құралымыз -әлеуметтік желілер. Әлеуметтік желілерге жарияланған жаңалықты қоғамға насихаттау әлдеқайда жеңілдірек болғандықтан, шындықты айта алмай жүрген жандар үшін өз ісін жаһандық тұрғыда қозғауға жаңа мүмкіндіктің пайда болуы, жаңа саланың ең басты артықшылығы болып табылады. «Адамды заманы билейді» деп халқымыз бекер айтпаған. Демек, адамзат заман талабына сай өмір сүріп, әрекет жасауы тиіс. Журналистиканы заманауи әлемнің құралы ретінде қарастырсақ, осы кейс арқылы Қазақстанның бизнес саласын көркейтіп, журналистика саласына жаңа серпін әкеле алатынымды пиар-журналист маманы ретінде жеткізе алдым деп ойлаймын.
Айтқым келгені, кез келген салада цифрлық жүйенің маңыздылығы зор. Осы себептен, жас ұрпақ «Цифрлық Қазақстанның» барынша дамуына өз үлесін қосу қажет деп санаймын. Бастысы, елге пайдам тисін деген ниетпен шынайы түрде еңбек етіп, жан жақты фокус ұстап, әрдайым уақыт толқынында болу. Ал мен өз кезегімде ұлы Абай атамыз бағыт бағдар бергендей керек орныма кірпіштей қаланып, мықты маман иесі атанып, еліміздің бизнес саласына жаңа инновацияларды әкелу арқылы цифрлық әлемді дамыту деген арманым үлкен мақсатқа айналды!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Sabina

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

"Мен неге пиар - журналист маманы болғым келеді"

«Мен неге пиар маманы болғым келеді?» Әр адамға үлкен өмірге қадам басқан сәттен–ақ көп дүниелерге таңдау жасауға тура келеді. Солардың бірі – мамандық таңдау. Ұлы Абай атамыз «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та…

Sabina 37 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

5 қыз тағдыры

БЕС ҚЫЗДЫҢ ҚАЗАСЫНА БИЫЛ ҮШ ЖЫЛ. МҰҢАЙТҚАН ОҚИҒАНЫ ЕСКЕ АЛЫП, ЖОҚТАУ АЙТАЙЫҚ. «Бес қыз тағдыры» Бала қамын ойлаған ата-анасы, Тер төгіп істейді қара жұмысын. Тоқшылыққа жету үшін бұл заманда Күту керек па біреудің…

Sabina 183 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

Елдің болашағы кімнің қолында?

ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ КІМНІҢ ҚОЛЫНДА? Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз, бабалар аңсауы. Халқымызға еркін, бейбіт өмір оңайлықпен келе қойған жоқ, бұл бәрімізге мәлім. Демек, ата-…

Sabina 114 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин