Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Елдің болашағы кімнің қолында?

Sabina
2 мин оқу 116 оқылым

ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ КІМНІҢ ҚОЛЫНДА?

Тәуелсіздік –  таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз, бабалар аңсауы. Халқымызға еркін, бейбіт өмір оңайлықпен келе қойған жоқ, бұл бәрімізге мәлім. Демек, ата- бабамыздан қалған баға жетпес зор мұраны, кең байтақ жер мен тыныш өмірді сақтап қалу ендігі кезекте, өскелең жас ұрпақтың мақсатына айналуы тиіс деп білемін. Тарихымыз бен ел есінде мәңгілікке қалған ұлы тұлғалардың сыйлаған тәуелсіздігі, қазіргі жастардың жарқын болашағына жол ашып беруде. Ендеше, бұл мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, келесі ұрпаққа бұдан да жақсы өмірді құрып жеткізу, ел дербестігін мәңгілікке қалау борышымыз!

Қазіргі таңда сапалы білім алуға, ақысы жоғары жұмысқа орнығу үшін барлық жағдай жасалуда. «Үкімет тарапынан көмек аз беріледі» деп айтудың орнына, керісінше неге жаңа инновацияларды енгізіп, орынды идеяларды ұсына отырып, көмектесіп жібермеске? Жастар тарапынан білімқұмарлылық, еңбекке деген құлшыныс пен айналасына пайда әкелу деген ниет болса, ел экономикасына тигізер пайдамыз зор болып, елдің ірге-тасын биік қалап, атын барша әлемге танытып, дамыған елдер қатарына қоса алатынымыз айдан анық. Сол сәтте ғана жастардың өз мемлекетінен өзге шет елдерге миграция жасау статистикасының көрсеткіші азаяды, ал халық жағдайы тек жақсара түседі деп санаймын.

Мен өмірімнің болашағын дәл осы мемлекетте көремін, және оның барынша дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Осы себептен, осы ойды айналамдағы қоғамыма насихаттау мақсатында және өзімді алға жетелейтің уәждемелік сөз негізінде, келесі өлең шумақтарын шығарып, қағазға бастырдым.

Тыныш, азат өмір оңайлықпен келді ме?

Көп жатыр ғой тәуелсіздік сөзінде...

Қанша еңбек, қаншама тер төгілді

Сақтаймын мәңгі, бұның бәрін есімде...

Тарихым, тегім осы жерде болғанда

Өз үйіме өзім өгей болам ба?!

Еңбек етіп, елге деген пайдам тисе

Өмірімде артық бақыт табам ба?!

Еліміздің болашағы өз қолымызда,

Адаспайық жастар, өмір жолымызда.

Ұлы Абай айтқандай кірпіш болып

Қаланайық керекті боп орнымызға.

(Тасболат Сабина)

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Sabina

Пікірлер 3

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

  1. Еркебулан

    Елдің болашағы біздің қолда
  2. Maulen

    Молодец!
  3. Айша

    Оте жаксы жазылған 👍

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

"Цифрлық Қазақстан"

Мәтінде цифрлық жүйенің қоғам мен экономикаға ықпалы, күнделікті өмірдегі қолданысы және цифрлық журналистиканы дамыту мүмкіндіктері сөз болады.

Sabina 3 мин 89 оқылым
Жалпы рубрика

"Мен неге пиар - журналист маманы болғым келеді"

Автор пиар маманы болуды таңдауының себептерін, PR саласының міндеттерін және цифрлық журналистиканы дамытуға қосқысы келетін үлесін баяндайды.

Sabina 6 мин 37 оқылым
Жалпы рубрика

5 қыз тағдыры

Тасболат Сабинаның өлеңі үй өрті кезінде қаза болған бес қызды еске алып, ата-ананың қайғысы мен елдің мұңын жырлайды.

Sabina 1 мин 183 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым