Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Цифрлық медианың кино өндірісіне әсері

Автор

Келисова Аида
3 мин оқу 59 оқылым

Келисова Аида
11 сынып оқушысы

Қазіргі таңда цифрлы медиа адам өмірінің барлық бөлігіне әсер етеді. Тіпті, күнделікті өмірімізді цифрлы құралдар мен медиасыз елестету мүмкін емес сияқты көрінеді. Мәдениет пен өнер саласы да шет қалмай, жаңа бағыттармен дамып келеді. Әсіресе, кино өндірісі цифрлық технологиялардың арқасында түбегейлі өзгеріске ұшырады. Бұрындары бір ғана толықметражды фильм түсіру үшін көп қаражат, кәсіби деңгейдегі үлкен түсірілім тобы, арнайы студиялар мен заманауи техникалар қажет болатын. Кино саласына қадам басу тек үлкен тәжірибесі бар, танымал режиссерлер мен продюсерлердің қолынан ғана келетін. Ал қазіргі таңда бұл жағдай айтарлықтай өзгерді. Енді кез келген адам қарапайым смартфон мен ноутбуктың көмегімен қысқа метражды фильм түсіріп, оны әлемнің түкпір-түкпіріне көрсетуге мүмкіндік ала алады. Мұның бәрі – цифрлық медианың дамуының нәтижесі, оның қолжетімділігінің белгісі. Жалпы, цифрлық медиа ұғымының ауқымы кең. Ол – интернет желісіндегі видео платформалар, әлеуметтік желілер, арнайы бағдарламалар мен мультимедиалық құралдардың жиынтығы. Бұл құралдардың әрқайсысы қазіргі заман адамдарына өз ойларын, идеяларын, тіпті көркем туындыларын көпшілікке бейнеформатта ұсынуға жағдай жасап отыр. Мысалы, YouTube, TikTok, Instagram сияқты платформалар бұрын тек суреттер мен мәтіндер үшін арналса, бүгінде олар кәсіби кино мен бейнеөнімдердің басты алаңына айналып үлгерді. Енді кино саласында жұмыс істеу үшін міндетті түрде беделді университетте оқу немесе ірі студияда жұмыс істеу талап етілмейді. Қарапайым адамдар да өз өмірінен алынған шынайы оқиғаларға негізделген қысқа фильмдер түсіріп, оларды жаһандық аудиторияға ұсына алады. Бұл шығармашылық еркіндік пен өзін-өзі білдірудің бұрын-соңды болмаған мүмкіндігін туғызды.

Цифрлық медианың тағы бір үлкен артықшылығы – түсірілім процесінің жеңілдеуі. Бұрын арнайы эффектілер немесе күрделі графика жасау үшін үлкен студиялар мен кәсіби мамандар қажет болса, қазір мұның бәрін үй жағдайында жасауға болады. Adobe After Effects, DaVinci Resolve, Blender, CupCat секілді тегін немесе арзан бағдарламалар арқылы тіпті жаңадан үйреніп жүрген адам да сапалы визуалды эффектілер мен анимациялар жасап шыға алады. Бұл бағдарламалар арқылы көріністерді өңдеу, жарық пен түс беру, дыбысты синхрондау сияқты бұрын күрделі саналған процестер де әлдеқайда жеңілдеді. Қазақстанда да мұндай цифрлық құралдарды меңгерген жастар көбейіп келеді. Олар аз бюджетпен, кейде тіпті нөлдік шығынмен де шығармашылық жобаларын жүзеге асырып жатыр. Жас режиссерлер өздерінің туындыларын YouTube, Instagram Reels немесе TikTok сияқты платформаларда жариялап, өз аудиториясын тауып, көрермен ықыласына бөленіп жүр. Көп жағдайда олар әлеуметтік желіде жарияланған фильмдер арқылы танылып, кейін кәсіби деңгейге көтеріліп жатады. Осылайша, цифрлық медиа қазіргі кино өндірісіне үлкен серпіліс әкелді. Ол тек технологиялық өзгеріс емес, сонымен қатар шығармашылық еркіндікке жол ашатын, жаңа таланттарды тануға мүмкіндік беретін күшке айналды.

Цифрлық медианың кино өндірісіне әсері тек түсірілім мен шығармашылық процестермен шектелмейді. Ол сонымен қатар фильмдердің таралу жолдарына да үлкен өзгеріс әкелді. Бұрындары киноны тек кинотеатрдан немесе теледидардан ғана көруге мүмкіндік болса, қазіргі таңда бұл шектеу жойылды. Кез келген адам өз үйінде отырып-ақ, интернет арқылы әлемдік фильмдерді көре алады. Бұл – киноны тұтыну мәдениетін түбегейлі өзгертті. Netflix, Ivi, Amediateka, Hulu, Disney+ сияқты стримингтік платформалар кино дистрибуциясының басты арналарына айналды. Олар арқылы фильмдерді шығару мен көру процесі әлдеқайда жедел әрі ыңғайлы болды.

Қорытындылай келе, цифрлық медиа кино өндірісіне үлкен өзгерістер әкеліп, оны қолжетімді әрі ашық салаға айналдырды. Жас режиссерлер өз талантын таныта алса, көрермендер сапалы контентке еркін қол жеткізе алады. Алайда авторлық құқық, сапа және көрермен мәдениеті сияқты мәселелер де маңызды. Алдағы уақытта дәстүрлі кино мен цифрлық медиа өзара үйлесіп, жаңа шығармашылық бағытқа жол ашуы мүмкін.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Келисова Аида

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Медиадағы жаңалықтардың қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі

11сынып оқушысы Қазіргі ақпараттық қоғамда медиадағы жаңалықтар адамдардың ойлау жүйесіне, күнделікті шешім қабылдауына және қоғамдық пікірдің қалыптасуына тікелей әсер ететін басты құралдардың біріне айналды.…

Келисова Аида 33 оқылым 3 мин
Жалпы рубрика

Кино кейіпкерлерінің тұлғалық қалыптасуға ықпалы

11 сынып оқушысы Қазіргі заманда кино тек көңіл көтерудің немесе бос уақытты өткізудің құралы ғана емес. Ол – адамдардың дүниетанымына, ойлау жүйесіне, құндылықтарына тікелей әсер ететін қуатты мәдени құрал. Әсіресе,…

Келисова Аида 35 оқылым 3 мин
Жалпы рубрика

Кино мен медианың жастар санасына әсері

11 сынып оқушысы Қазіргі таңда кино мен медиа жастардың өмірінде ерекше әры маңызды рөл атқарады. Бұл екі сала әлеуметтік қатынастарды, мәдениетті, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда күшті құрал болып табылады.…

Келисова Аида 97 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин