Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Кино кейіпкерлерінің тұлғалық қалыптасуға ықпалы

Автор

Келисова Аида
3 мин оқу 35 оқылым

Келисова Аида
11 сынып оқушысы

Қазіргі заманда кино тек көңіл көтерудің немесе бос уақытты өткізудің құралы ғана емес. Ол – адамдардың дүниетанымына, ойлау жүйесіне, құндылықтарына тікелей әсер ететін қуатты мәдени құрал. Әсіресе, тұлғалық қалыптасу кезеңіндегі жасөспірімдер мен жастар үшін кино кейіпкерлері үлгі тұтарлық тұлғаға айналуы әбден мүмкін. Себебі экранда көрінетін мінез-құлықтар, шешімдер мен өмірлік ұстанымдар – көрермен санасына терең із қалдырып, болашақтағы таңдауына ықпал етеді.

Жалпы, кино кейіпкерлері арқылы көрерменнің бойында белгілі бір қасиеттер мен көзқарастардың қалыптасуы – қазіргі қоғамда жиі кездесетін құбылыс. Бұл жағдай әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында айқын байқалады, себебі олардың психикасы әлі де қалыптасу сатысында тұрған жастың сыртқы ықпалға тез бой ұсынады. Ал, экранда көрсетілетін әрбір кейіпкер – олардың санасында белгілі бір үлгі ретінде сақталып, соған ұқсауға, сол сияқты әрекет етуге деген бейсаналық ұмтылыс тудырады. Мысалы, әділеттілік үшін күресетін, әлсіздерді қорғауға дайын «супер қаһармандар» – жастарды батылдыққа, қорықпай сөйлеуге, әділет үшін күресуге итермелейді. Мұндай кейіпкерлер арқылы олар өз бойындағы сенімсіздікті жеңіп, батырлық пен адалдық секілді моральдық ұстанымдарды өмірлік бағдар ретінде қабылдай бастайды. Ал терең философиялық ойларға толы, ішкі ізденісте жүретін кейіпкерлер болса, жас көрерменді өз өмірінің мәнін іздеуге, рухани байытуға, өз-өзіне сұрақ қойып, тереңірек ойлана білуге баулиды. Бұрындары мұндай үлгі-өнегені адамдар көбінесе кітаптардан, тарихи тұлғалардан немесе ата-ананың тәрбиесінен алатын болса, қазіргі таңда визуалды мәдениет үстемдік құрып тұрған заманда киноның әсері әлдеқайда күшті әрі кең ауқымды бола түсті. Себебі визуалды образ есте жақсы сақталып, эмоциялық әсері терең болады.

Әртүрлі зерттеулер мен социологиялық сауалнамалар нәтижесі бойынша, көптеген жастар өздеріне ұнаған фильм кейіпкерлеріне еліктеу арқылы жеке стилін, сөйлеу мәнерін, тіпті өмірлік ұстанымдарын қалыптастырып жатады. Мысал ретінде "Хәрри Поттер" фильмін алуға болады. Бұл туындыны көрген жасөспірімдер достықтың, адалдықтың, өз мақсатына жетудегі табандылық пен жігердің мәнін тереңірек түсінеді. Олар басты кейіпкер Хәрридің әділеттілік үшін күресін, қиындықтарға қарсы тұруын үлгі етіп, өз өмірінде де осындай қасиеттерді дамытқысы келеді. Ал заманауи технология мен инновацияны дәріптейтін "Темір адам" немесе ұлттық бірлік пен батырлықты насихаттайтын "Қара пантера" фильмдері жастар арасында көшбасшылыққа ұмтылу, білімге құштарлық, патриоттық рух сияқты сезімдерді оята алады.  Қазақ киносы да соңғы жылдары бұл бағытта едәуір алға жылжып, жастардың дүниетанымына әсер ететін сапалы туындылар ұсына бастады. Мәселен, тарихи тақырыпқа құрылған "Томирис", "Қазақ хандығы", "Ұлы дала зары" сынды фильмдер жастарды ұлттық тарихты танып-білуге, өз тегін құрметтеуге, елін сүюге баулиды. Бұл фильмдер арқылы көрермен тек өткенмен танысып қоймай, болашаққа деген көзқарасын да қалыптастырады. Ал "Шекер", "Гормония сабағы", "Оралман" сияқты заманауи әлеуметтік мәселелерді қозғайтын туындылар адамның ішкі жан дүниесіне үңілуге, қоғамдағы күрделі құбылыстарды түсінуге және адамгершілік пен әділеттілік туралы ойлануға жетелейді.

Дегенмен, киноның әсері тек жағымды бағытпен шектелмейді. Өкінішке қарай, кейбір фильмдерде орын алатын агрессия, зорлық-зомбылық көріністері, немесе мән-мағынадан жұрдай, жеңілтек образдар көрерменге, әсіресе жас буынға кері ықпал етуі де мүмкін. Мұндай жағдайда адамда агрессивті мінез, шынайы өмірден алшақ көзқарас қалыптасуы ықтимал. Сондықтан кино көру мәдениеті де маңызды бола түседі. Әр көрермен көрген туындысының мазмұнына саналы түрде баға беріп, өзіне қажеттісін алу, ал қажетсіз, зиянды тұстарынан бойын аулақ ұстауы тиіс. Бұл орайда ата-аналар мен мұғалімдердің бағыт-бағдары мен түсіндіру жұмыстары өте маңызды рөл атқарады.

Қорытындылай келе, кино кейіпкерлері қазіргі қоғамда, әсіресе жастардың арасында үлгі болатын бейнелерге айналып отыр. Олар адамның мінез-құлқы мен өмірлік бағытына әсер етіп, жаңа көзқарас қалыптастырады. Бұл үрдіс тұлғалық дамуға серпін беріп қана қоймай, қоғамдағы жалпы құндылықтар жүйесін де жаңаша қалыптастырады. Сондықтан киноны тек көркем туынды емес, сонымен қатар тұлғалық дамудың бір құралы ретінде қабылдаған жөн.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Келисова Аида

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Медиадағы жаңалықтардың қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі

11сынып оқушысы Қазіргі ақпараттық қоғамда медиадағы жаңалықтар адамдардың ойлау жүйесіне, күнделікті шешім қабылдауына және қоғамдық пікірдің қалыптасуына тікелей әсер ететін басты құралдардың біріне айналды.…

Келисова Аида 33 оқылым 3 мин
Жалпы рубрика

Цифрлық медианың кино өндірісіне әсері

11 сынып оқушысы Қазіргі таңда цифрлы медиа адам өмірінің барлық бөлігіне әсер етеді. Тіпті, күнделікті өмірімізді цифрлы құралдар мен медиасыз елестету мүмкін емес сияқты көрінеді. Мәдениет пен өнер саласы да шет…

Келисова Аида 59 оқылым 3 мин
Жалпы рубрика

Кино мен медианың жастар санасына әсері

11 сынып оқушысы Қазіргі таңда кино мен медиа жастардың өмірінде ерекше әры маңызды рөл атқарады. Бұл екі сала әлеуметтік қатынастарды, мәдениетті, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда күшті құрал болып табылады.…

Келисова Аида 97 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин