Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Төрт түліктің пайдасы

Bilimger Media
4 мин оқу 698 оқылым

Оқыту орыс тілінде жүретін жаңартылған бағдарлама бойынша қазақ тілі және әдебиет пәндерінен қысқа мерзімді сабақ жоспары. Мұғалімі: Бекенова Тәттігүл Құндызбекқызы, Павлодар облысы, Ақсу қаласының №4 орта мектебі.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:   Төрт түлік мал мен егіншілік – елдің берекесі. Мектеп: «Ақсу қаласының № 4 ОМ» КММ
Күні: 21.02.2018

САБАҚ: 117

Мұғалімнің аты-жөні: Бекенова Таттыгуль Кундызбековна
Сынып: 7 «В» Қатысқан оқушылар саны: 10 Қатыспағандар: 0
Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің пайдасы
Оқу мақсаттары Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.

А6.Суреттер мен сызбаларда берілген  ақпаратты  сипаттау

Сабақ  нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде  берілген тапсырмаларды орындайды.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсінеді, қолдана біледі.

Бағалау критерийлері Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік мақсаттар Мәтінге байланысты жаңа сөздер, сөз тіркестері: балқаймақ, өсімтал, жамылғы көрпелер, иленген терісі, асыраушысы, ұшқалақ, жалынан.
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер, тест, слайдтар, ноутбук
Құндылықтарға баулу Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы:

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Тақырып бойынша алдыңғы білім Қосымша  ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дереккөздер
Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

2 минут

1 минут

4 минут

1 минут

2 минут

Амансыз ба, достарым!
Сәлеметсіз  бе, қонақтар!
Сәлеметсіз бе, мұғалім!

Топқа бөлемін. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын. Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

 «А4» форматында карточка арқылы үй жұмысын тексеру. Жұптық жұмыс. Бір-бірін тексереді.

«Артық сөз» ойыны арқылы жаңа тақырыпқа шығады.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы төрт түлік малдар мен оның төлдері туралы А4 форматта берілген жұлдызшаны  толтырады.

«Шаттық шеңбері»

(әр оқушы бүгінгі күнге жақсы тілек тілейді).

Комплимент  айту стратегиясы.  Шеңберге тұрып, бір-бірінің қасиеттерін айтып бөліседі.  (Алина ақылды,  Эвелина әдемі, Никита байсалды...).

Кәмпиттер  арқылы топтарға бөлу.

Бағалау парағы

А4 форматы

А4 форматы

 Сабақтың ортасы

Қолдану

8 минут

Тілдік бағдар.

3 минут

2 минут

Талдау

3 минут

Жинақтау

3 минут

Қорытындылау

7 минут

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. «Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сурет бойынша постер құрастырады. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (3 минут) басқа қатысушылар  алдында сөйлеп, қорғайды).

1-топ төрт түліктен алынатын тағамдарды жазады.

2-топ төрт түліктің шаруашылыққа тигізетін пайдасы туралы жазады.

3-топ төрт түлікті пайдалану арқылы жасалатын бұйымдарды жазады.

«Дара диаграмма» әдісі.

Етістіктің шақтары бойынша тапсырма

Бағалау критерийі: Дескриптор:
Келер шақтың жұрнақтарын жазады. Келер шақтың жұрнақтарын бір-бірінен ажырата алады.

Сергіту сәті:

Қазіргі заман талабы – үш тілді білу. «Полиглот» ойыны

Логикалық тапсырма. «Үшеуі дұрыс, біреуі бұрыс» әдісі.

Тест тапсырмасы

А3 форматы, суреттер, түрлі түсті маркерлер

А4 форматы

Қалыптастырушы бағалау:  "Бас бармақ" әдісі арқылы

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

әр оқушыға жеке ноутбук

Сабақтың соңы

2 минут

«Көңіл-күй» бас бармақ арқылы бағалау

1 минут

Үйге тапсырма

Бағалау парағын қорытындылау.

1 минут

Рефлексия

«Жетістік алма ағашы» пайдаланып төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер.

1. Бүгін не үйрендіңдер?

2. Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар?

3. Сабақ оқу мақсатына қалай жетті?

Бүгінгі сабақта алған білімдерін «Жетістік ағашы» және қанша ұпай жинағандары бойынша «Смайликтер» стратегияларын қолдандым.

Бүгінгі оқушылардың сабақтың басында және  соңында көңіл – күйлерін  бас бармақ салынған суреттер  арқылы бағалау.

«Төрт түлік малдың пайдасы» тақырыбына

шағын әңгіме құрастыру. Сөздік жаттау.

Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
«Артық сөз» ойыны арқылы жаңа тақырыпқа шықтым. Оқушылардың мәтінді қаншалықты түсінгендігін "Миға шабуыл", «Полиглот», «Үшеуі дұрыс, біреуі бұрыс», «Дара диаграмма»  әдістері арқылы анықтап алдым.  Сурет арқылы тірек сөздерді пайдалана отырып,  өз көзқарастарын білдіруде мен оқушының өз көзқарасын қаншалықты жеткізе алатынын білу үшін қолдандым. 

Саралауда оқушының жеке қабілеттерін ескере отырып, тест,  А3, А4 форматтарында берілген тапсырмаларды, «АКТ» тәсілдерін қолдандым.

"Бас бармақ ", «бағдаршам» әдістері мен Бағалау парағы.

Оқушылардың бас бармақтары мен бағдаршамдағы түстерін  көрсету арқылы мен түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексердім. Және сабақтың соңында бағалау парағындағы қанша ұпай жинағандары бойынша әр оқушының сабақта қандай деңгейде екенін көрдім (жоғары деңгейде, орта деңгейде, төмен деңгейде).

Кері байланысты "Смайликтер», «Жетістік ағашы»  тәсілдерін қолдандым, бұл тәсіл арқылы сабақтың оқу мақсаты қаншалықты орындалғанын  білдім.

Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіруіне жағғдай жасап, психологиялық ахуал туғызу үшін сабақтың басында шеңберге тұруына, бір-бірінің қасиеттерін айтып бөлісуіне «Комплимент  айту» стратегиясы  қолдандым.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдандым.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарымен үйлесімді, шынайы, қолжетімді болды.

 Сабақта саралау жұмыстары дұрыс жүргізілгендіктен, барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізе алды.

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландым.  Сабақ жоспарынан ауытқулар болмады, сол себептен сабақ оқу мақсатына жетті.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

Жастар слэнгінің тіл экологиясына әсері

Мақалада жастар слэнгінің қазақ тілінің экологиясына әсері, оның оң және теріс қырлары, интернеттегі тілдік қолданыстар мен зерттеу әдістері қарастырылады.

Жалғасбекқызы Аяулым 10 мин
Қазақ тілі

Тіл — ұлттың жаны, ұрпақтың аманаты

Қазақ тілінде сөйлеудің маңызы, ана тілін құрметтеу мен оны күнделікті өмірде қолдану қажеттігі туралы ой-толғау.

Сайлаухан Ақерке 3 мин 16 оқылым
Қазақ тілі

Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолдану мүмкіндіктері

JOO school Medeu Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолданудың бағыттары талданады. Оқыту мазмұнын даралау, мәтінмен жұмыс, бағалау үдерісін…

Битілеу Динара Мақсатқызы 6 мин 193 оқылым
Қазақ тілі

Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мәтін түрлерімен жұмыс

Алматы қаласы Алатау ауданы "№185 мектеп-гимназия" қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада оқу сауаттылығын қалыптастыруда мәтін түрлерімен жұмыстың теориялық және практикалық қырлары қарастырылады.…

Қаирова Аружан Болатқызы 6 мин 210 оқылым