Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

3 мин оқу 141 оқылым
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 4-бөлім. Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Мектеп: №34 орта мектебі

Күні: 25.11.2019 жыл    

Мұғалімнің аты-жөні: Айзакова Алима Жолмуратовна

Сынып: 5

Қатысқандар: 25       Қатыспағандар:0

Сабақ тақырыбы: Төрт түлік.

Оқу мақсаты 5.3.3.1-мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін ажырату.

5.4.3.1-көп мағыналы сөздер мен омонимдерді дұрыс қолдану.

Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін ажыратады, мәтіндегі көп мағыналы сөздер мен омоним сөздердің қолданылу аясын түсініп, ажырата біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтінді оқу арқылы сұрақтар құрастырады, мәтіндегі ақпараттарды талдайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәтіндегі ақпараттар негізінде өзі ой-тұжырым жасайды, алған білімді өмірде қолдана біледі.

Бағалау критерийі -          мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін ажыратады

-          мәтіндегі көп мағыналы сөздер мен омонимдерді дұрыс қолданады

Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады:  мәтінді мұқият оқиды, мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажыратады, мәтіннен көп мағыналы сөздерді табады, мәтіннен омонимдерді табады, көп мағыналы сөздер мен омонимдерді дұрыс қолданады.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: көп мағыналы сөздер, омонимдер, буыршын, буырлыш, нарша, сәйгүлік, наз бедеу, шыбыш, серке, тұсақ, азбан, ісек.

 Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

құрау-құрау; шөре-шөре; көс-көс; аухау-аухау.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қазақ халқы неге малды қастерлеген?

Қазақ халқы төрт түлік малды неліктен қазына деп санаған?

Құндылыққа баулу Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, төрт түлік малды қастерлеуге, еңбексүйгіштікке баулу.
Пәнаралық байланыс Жаратылыстану, қазақ әдебиеті
Алдыңғы білім Жануарлар әлемін, олардың тіршілік ету ортасын біледі.
Жоспар
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
 

   5 минут

   25 минут

    10 минут

Ұйымдастыру:  Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

«Ыстық орындық» әдісі арқылы өткен тақырыптарға шолу жасау.

1.      Сөздің тура мағынасы дегеніміз не? Мысал келтір.

2.      Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не? Мысал келтір.

3.      Синонимдер дегеніміз не? Мысал келтір.

4.      Антонимдер дегеніміз не? Мысал келтір.

С.

Оқылым алды тапсырмасы.

Формасы:  ТЖ

Ойлан, тап.

Тақырыпты ашу. Оқушылар берілген жұмбақтарды шешу арқылы бүгінгі тақырыпты ашады, топқа бөлінеді.

Кішкене ғана бойы бар,                      

Айналдыра киген тоны бар.(қой)

Бетегелі белге бітем,

Найза ұстаған ерге бітем.             


(жылқы)

Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.
                           (сиыр)

Апан-апан ескі шапан

Иір қобыз

Жарық жұлдыз. (түйе)

Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөздің екі не одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз.Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады.Мысалы:

1)      бас (зат есім)- адамның, жануардың, жәндіктің дене мүшесі

2)      шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы

3)      таудың ең үсті, төбесі

4)      өзеннің, бұлақтың басталған жері

5)      таяқтың ұшы

6)      балтаның, шоттың жүзі бар жағы

7)      бір нәрсенің айналасы

Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздердің тобын омонимдер дейміз. Омонимдер мағыналары жағынан бір-бірінен соншалықты алшақ болады да, кейде бір сөз табына, кейде әр басқа сөз табына қатысты болып, дараланып тұрады.

1)      қара шаш-заттың түсін білдіретін сындық мағыналы сөз

2)      тақтаға қара-қимыл-әрекетті білдіретін етістік

Оқылым тапсырмасы.

Формасы: ЖЖ

Әдісі: Дауыстап оқу

 А) Берілген мәтінді мұқият оқы. Мәтін жанрын анықта.

4-тапсырма. Төрт түліктің атаулары.

Дескриптор:

-мәтінді оқиды

- мәтін мазмұнын түсінеді

-сұрақтар құрастыра алады

-мәтін жанрын анықтайды

Қалыптастырушы бағалау:

Бірін-бірі бағалау, «Екі жұлдыз, бір тілек» , графикалық жұлдыздар арқылы 

Формасы: ӨЖ

Әдісі:

Ә) 5-тапсырма.

Төмендегі сөздердің көп мағыналы және омонимдік тіркесін құра.

Дескриптор:

-көп мағыналы сөздердің тіркесін құрады

-сөздердің омонимдік тіркесін құрады

-көп мағыналы сөздер мен омонимдерді ажырата біледі.

Қалыптастырушы бағалау:

мұғалімнің бағалауы, ауызша комментарий 

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Формасы: ӨЖ

Әдісі: «Венн диаграммасы»

     көп мағыналы   омоним

Қалыптастырушы бағалау:

мұғалімнің бағалауы,  графикалық сурет қиындылары арқылы

Рефлексия

Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

Сабақта қандай қиындықтар туындады?

Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?

Үйге тапсырма:

«Төрт түлік-қазағымның қазынасы» тақырыбында эссе жазу. Эссе жазу барысында көп мағыналы сөздерді, омонимдерді қолдану.

 

«Жұмбақтар» кітабы

Интербелсенді тақта

Оқулық

Авторы
Айзакова Алима Жолмуратовна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

ҚазҰУ имиджі магистрант көзімен: ғылыми орта және зерттеу бағыты

ҚазҰУ магистранты университеттің ғылыми ортасы мен зерттеу дағдылары туралы ой бөлісіп, қазақ тіліндегі бьюти-дискурста қолданылатын англицизмдерді зерттеу бағытын таныстырады.

Нұршат Айзат 3 мин 19 оқылым
Қазақ тілі

Жастар слэнгінің тіл экологиясына әсері

Мақалада жастар слэнгінің қазақ тілінің экологиясына әсері, оның оң және теріс қырлары, интернеттегі тілдік қолданыстар мен зерттеу әдістері қарастырылады.

Жалғасбекқызы Аяулым 10 мин 10 оқылым
Қазақ тілі

Тіл — ұлттың жаны, ұрпақтың аманаты

Қазақ тілінде сөйлеудің маңызы, ана тілін құрметтеу мен оны күнделікті өмірде қолдану қажеттігі туралы ой-толғау.

Сайлаухан Ақерке 3 мин 18 оқылым
Қазақ тілі

Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолдану мүмкіндіктері

JOO school Medeu Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолданудың бағыттары талданады. Оқыту мазмұнын даралау, мәтінмен жұмыс, бағалау үдерісін…

Битілеу Динара Мақсатқызы 6 мин 197 оқылым