Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

2 мин оқу 170 оқылым

«Әкем, шешем және мен» спортық жарыс

Мақсаты: Балалардың денсаулығын жақсарту, қимыл қозғалыс дағдыларын қалыптастыру,  балабақша мен ата-ана арасындағы байланысын нығайту.

Құрал-жабдықтар: конустар, доптар, стақандар, шығыршықтар, ысқырық.

Түрі: Эстафеталық жарыс

Өткізілетін орны: Музыка залы.

Барысы:

Жүргізуші: Қадірменді балабақша ұжымы мен ата - аналар!

Бүгінгі “Әкем, шешем және мен” атты спорттық – отбасылық жарысқа қош келдіңіздер!

Әр таңды бақытпенен атырамыз

Өнердің ой көгінде бақылаңыз

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Үлгілі де өнегелі отбасыларды шақырамыз.

  1. «Мукажановтар» отбасы
  2. «Жанатовтар» отбасы
  3. «Филипповтар» отбасы
  4. «Халифаевтар» отбасы

Денсаулық - бар байлығың басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы
Қастерлеп аяласаң, мәпелесең,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы
Денсаулық қашаннан да алтынға тең,
Болады болашағың жарқын да кең.
Аңдамай жақын болсаң арсыздықпен,
Ойланып көп тасымай ақылға кел, - дей келе жарысымыздың сайыс кезеңдерімен таныс болайық. Сайыс 6кезеңнен тұрады.

  1. Таныс болайық!
  2. «Желаяқтар»
  3. «Суретшілер мекені»
  4. «Мөлдір су»
  5. Бетпақдала
  6. «Жұптасу»

Сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!

Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейін.
1.Балабақша меңгерушісі: Нуршаева Э.

2.Балабақша медбикесі: Жумашева Б.

3.Музыка жетекшісі: Жарылгапова А.

4.Тәрбиеші: Тастабаева Ш.

Спорттық жарысымызды бастамас бұрын бой жаттығуларын орындап жіберейік.

(Қатысушылар шеңберге тұрып жаттығулар орындайды.)

Жүргізуші: Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәттілік!

Сайысымызды бастаймыз.

1-кезең: «Таныстыру»

Команда мүшелері топтың атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстыруы керек.

2-кезең: «Желаяқтар»

Әкесі жүресінен отырып, аналар желаяқ жылдам, баласы ержейлілер жүрісімен конустарды айналып келіп, эстафетаны келесі ойыншыға тапсырады.

3-кезең «Суретшілер мекені»

Екі аяқтың ортасына допты қысып алып, кедергілер арасымен мәреге жетуі керек. Мәреге жеткен соң 1 минут ішінде үйдің суретін салуы тиіс.

4-кезең «Мөлдір су»

Ойыншылар кедергілерді арасымен стақанға құйылған суды сөре сызығынан мәре сызығына төкпей алып жүруі тиіс.

5-кезең «Бетпақдала»

Бір шеңберден екінші шеңберге секіріп батпаққа батпай, мәре сызығына дейін барып, жеңіс мекересіне шығыршықты белдеріне киіп барып жылдамдықпен жетуі тиіс. Шапшаңдық танытқан топ жеңіске жетеді.

6 – кезең «Жұптасу»

Әкелері мен аналары қолдарынан ұстап, балаларын отырғызып алып келуі тиіс.

Ойын: «Инелі қолғаптар». Екі ойыншы көрерменге бір қолғаптан киеді. Олар өте ұсақ заттарды қолғаптарымен жинауы керек.

Көрсетті міне өз өнерін ойыншылар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар, - дей отырып, марапаттау сөз әділ – қазы алқасына беріледі.

Жүргізуші:

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз  жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше

Осымен сайысымыз аяқталды.

Алтын уақыттарыңызды қиып, бүгінгі сайысқа қатысқандарыңыз үшін  топтарға алғысымызды білдіреміз. Амандықта жүздескенше, сау болыңыздар!

Авторы
Тоишибекова Аиман Ержанқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Дене шынықтыру

Жеңіл атлетикада алыс қашықтыққа жүгіру нәтижесін ұтымды арттырудың физиологиялық-әдістемелік негіздері

Мақалада алыс қашықтыққа жүгіру нәтижесін физиологиялық бейімделу заңдылықтарына сай арттыру жолдары қарастырылады. Жүктемені жоспарлау, мониторинг және қалпына келу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілген.

Сәрсенбаев Еркебұлан 13 мин
Дене шынықтыру

Волейбол: мектептегі волейбол үйірмесін дамыту

Ғылыми-әдістемелік мақала · дене шынықтыру және спорт Волейбол: мектептегі волейбол үйірмесін дамыту Негізгі авторы Қайратбекұлы Талғат Бірлескен авторы Коммунизм Абылай Аннотация. Мақалада жалпы білім беретін мектепте…

Коммунизм Абылай 8 мин
Дене шынықтыру

Университет қабырғасында волейбол спортын тиімді дамыту жолдары: ШҚТУ тәжірибесі

Мақалада университет жағдайында волейболды дамытудың жолдары мен ШҚТУ тәжірибесі қарастырылады. Студенттік лига, факультетаралық жарыстар және тұрақты жаттығулар ұйымдастыру ұсынылады.

Серіков Алдияр Рауанұлы 8 мин 125 оқылым
Дене шынықтыру

Баскетбол ойынын оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері

Мақалада баскетболды оқытудың заманауи тәсілдері, соның ішінде ойын арқылы оқыту, саралау, бейне талдау және қалыптастырушы бағалау қарастырылады.

Жұмарстанов Қуаныш Өмірбекұлы 9 мин 11 оқылым