Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

3 мин оқу 65 оқылым

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультетінің т.ғ.к., профессор Гүлнар Қозғамбаева

Тәуелсіз еліміздің ұлттық валютасы – теңгенің дүниеге келгеніне биыл 30 жыл толып отыр.  Ұлттық валюта теңге 1993 жылы 15 қарашада айналымға енді. Көп ғасырлық тарихы бар қазақ халқының тарихында айырбас пен сауда қатынасында қолданылған  теңгенің тарихы тереңде жатыр. «Теңге» атауы ортағасырлық түркілердің «денге» немесе «танга» күміс монеталарынан шыққан, олар өз кезегінде орыс ақшаларының атауы «ақша» (жарты тиын) және «ақша» сөзі де пайда болған. Теңге қазақ халқының тарихындағы алғашқы айналымға енген ақша бірлігі емес екендігі сонау өткен тарихымыздан белгілі.

Кеңестік билік тұсында кеңестік ақшалар мен тиындар қолданыста болып, Қазақстан біртұтас рубль аймағына болды. Ресей 1992 жылы 26 шілдеде өзінің төл валютасын енгізді, сол кезден бастап, рубль аймағындағы елдер Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстанда қаржылық жүйелерін бөліп жіберді. Қазақстанға Ресей Орталық банкі қазақ нышандары бар рубльді шығарып беруді ұсынды. Сонымен қатар Қазақстан рубльді пайдалану үшін Ресейдің құрамына, Ресей Федерациясының субъектісі ретінде енуі керек және тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жинаған небәрі 700 млн-нан астам АҚШ долларындағы алтын-валюта резервін Ресейдің орталық банкіне тапсыруы керек деген талаптар қойды. Қорыта айтқанда, олар өз рублін Қазақстан тәуелсіздігімен алмастыруды ұсынды.

Қазақстанға КСРО-ның рубльдері ғана емес, рубль аймағынан шыққан елдерден де рубльдер келіп жатты. Айналымдағы рубль күннен күнге құнсызданып сол кезде халықтың айтуынша «сабан ақшаға» айналды. Осындай келеңсіз оқиғалардың орын алуы Қазақстаннын, төл валютасын шығаруға еріксіз жол ашты.

Англияның атақты «Харрисон және ұлдары» компаниясымен ұлттық валюта – теңге жасау туралы келісімшарт жасалып, 1993 жылы теңгенің алғашқы партиясы басылып шықты, теңге сол жылы қарашаның 15 күні айналымға енді. Төл теңгеміздің ең алғашқы банкноталарында еліміздің саяси өмірінде өшпес із қалдырған тариxи тұлғалардың бейнесі, ал  сыртында кең байтақ жеріміздің сұлу табиғаты мен тариxи сәулет нысандары басылды. Мәселен, 1 теңге – Әбу Наср әл-Фарабидің суреті, 3 теңге – ақын Сүйінбай Аронұлының суреті, 5 теңге – композитор Құрманғазы Сағырбайұлының портреті, 10 теңге – шығыстанушы Шоқан Уәлихановтың, 20 теңге – ақын Абай Құнанбаев, 50 теңге – Әбілқайыр ханның суреті, 100 теңге – Абылай ханның портреті берілген болатын.

1993 жылы басылған «Портреттер» айналымында қазақ тарихындағы орны бар тарихи тұлғалар бейнеленді. Ал одан кейін төл валютамызға басылған «әл-Фараби» сериясы шықты. 1993 жылы қарашаның 22-сінде зейнетақы мен еңбекақы теңгемен беріле бастады. Елімізде валюта айырбастау пункттері ашылып жатты. Қазақстанның ақша сарайы металл тиындарды шығаруға дайын болмағандықтан жедел түрде қағаз түрінде шығарды, бірақ 1 жылдан соң оларды металл тиындарға ауыстырды. 1994 жылы қағаз тиындар жезден жасалған монеттермен алмасты. Алматы қаласында Ұлттық банктің Банкнот фабрикасы 1995 жылы 19 мамырда толық аяқталып, ресми ашылды. Ал монеттер Өскеменде орналасқан  монета  сарайында дайындалады. Бүгінге Қазақ елінің төл валютасы республикамыздың өзіне басылып шығады.  Ел тарихындағы тағдырлы сәтте дүниеге келген ұлттық валютамыз 30 жыл уақыт ішінде Қазақстанның дербес қаржылық, экономикалық жүйесін қалыптастыруға негіз қалады. Бүгінде тәуелсіздігіміздің символына айналған ұлттық валютамыз – теңге уақыт талабына сай оның дизайны өзгеріп, қорғаныштық қабілеті жетілдіріліп, халықтың қажетін өтеп келеді. Төл теңгеміз 30 жыл ішінде дизайны, сапасы, сонымен қатар, әлемнің валюталары арасындағы 18 қорғаныс дәрежесі бар ең қорғалатын валюталардың бірі. Үш жыл қатарынан – 2011, 2012, 2013 – әлемдегі ең әдемі ақша деп танылды. Бүгінде қазақстандық теңге қорғаныс элементтері бойынша әлемдік валюталар арасында үлгі боларлықтай сапаға ие.

Қазақстан Республикасы 1997 жылдан бастап 15 қараша  -Ұлттық валюта күні деп атап өтетін болды. Сонымен қатар  бұл күнде қаржыгерлер мен банк қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде атап өту дәстүрі қалыптасты.

Соңғы жаңарту: 10 қараша 2025, 17:26

Авторы
Гүлнар Қозғамбаева

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Университет

Бауыржан Момышұлы еңбектерінің тәрбиелік мәні

Мақалада Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармаларындағы отаншылдық ойлар, ұлттық рух және жастарға патриоттық тәрбие берудегі өнегесі сөз болады.

Гүлнар Қозғамбаева 4 мин 207 оқылым
Университет

Лев Николаевич Гумилев –Еуразия тарихын зерттеуші

Мәтінде Лев Николаевич Гумилевтің өмір жолы, білім алуы, қуғын-сүргінге ұшырауы және Еуразия халықтарының тарихын зерттеуге қосқан үлесі баяндалады.

Гүлнар Қозғамбаева 10 мин 128 оқылым
Жалпы рубрика

ҮМІТ ҰЯЛАТАТЫН ЖОЛДАУ (01.09.2023)

Гүлнар Қозғамбаева Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауындағы әлеуметтік қолдау, экономикалық реформалар және агроөнеркәсіпті дамыту міндеттеріне тоқталады.

Гүлнар Қозғамбаева 3 мин 55 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Университет

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қоғамның көз қарасы

Тұран Университтеті Журналистикалық факульттет тележурналист Мүмкіндігі шектеулі адамдар – қоғамның ажырамас бөлігі екені анық. Олар да өзге адамдар сияқты білім алуға, еңбек етуге, еркін жүріп-тұруға, қоғамдық өмірге…

Елубаева Жанерке Жамбылқызы 3 мин 63 оқылым
Университет

Қытай, Сингапур және АҚШ бастауыш мектептерінде ЖИ арқылы білім беру

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, 4-курс Аңдатпа Мақалада Қытай, Сингапур және АҚШ бастауыш мектептерінде жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу бағыттары мен…

Сайлаубекова Ақерке Жандосқызы 21 мин 52 оқылым
Университет

Ми неге жалқауланады? Оның түпкі себебі неде?

Мақалада жалқаулықтың артындағы ми процестері, энергияны үнемдеу әдеті, префронтальды қыртыс пен дофаминнің мотивацияға ықпалы баяндалады.

Текесбаева Диана Жанболатқызы 4 мин 54 оқылым