Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Аружан
2 мин оқу 379 оқылым

Алматы облысы Талғар ауданы Айғаным ауылы

Абылай  хан атындағы қазақ халықаралық

Қатынастар және әлем тілдері  университетінің

2-курс студенті  Бекенова  Аружан  Жандосқызы

Тілім менің

Тілім менің-таусылмайтын  байлығым. Ең құдіретті  де қастерлі өз ана тілім. Шыр етіп дүниеге келгеннен  бері ана тіліммен  өсіп келемін. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені  таныдым.Содан бері  міне,өз ана тіліммен сусындап  келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің  абыройын  асқақтату-әрбір  азаматтың  борышы.Себебі,біздің болмысымыз,салт-дәстүріміз,дініміз,мәдениетіміз  осы тілімізде жатыр.Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты,білімді,іскер,қабілетті,ұлтжанды  етіп қалыптастыруда  мемлекеттік  тіліміздің  атқаратын қызметі  өте жоғары.Сондықтан да туған еліміздің  мемлекеттік  тілін білуге міндеттіміз.Өйткені,тіл-ата-бабамыздың  бізге қалдырған аманаты.Ата-баба мұрасын  жалғастыру,оның  мәртебесін  көтеру баршамыздың  міндетіміз,парызымыз. Тіл арқылы  ақындарымыз бен жазушыларымыздың даналық сөздерін,өлең  жырларын  оқып білеміз,олардан ғибрат аламыз. «Өнер алды-қызыл  тіл» деген сөз бекерге айтылмаса керек!  Елінің  болашағын ойлаған,құрметпен  қараған  әрбір  азамат ана тілін  сақтап қалуы  үшін  қолынан келген  көмегін  аямауы  тиіс.

Б.Момышұлының  «Анамыздың  ақ сүтімен  бойымызға   дарыған  тілімізді   ұмыту-бүкіл ата-бабамызды,тарихымызды  ұмыту» - деген болатын. Сондықтан  тілімізді  ұмытпай,әлемдегі  ең   мықты,  бәсекеге  қабілетті  елу елдің  қатарына  ену үшін   қазақ тілін  жоғары   мәртебеде  ұстауы  керек деп білемін.

М.Жұмабаев:  «Ұлтқа  тілінен  қымбат нәрсе болмақ  емес,бір ұлттың  тілінде  сол ұлттың  сыры,тарихы,тұрмыс тіршілігі, мінезі  айқын  көрініп  тұрады»-деген.Тіл  байлығы-әрбір  ұлттың  мақтанышы.Әр азамат  өзінің  ана тілін,көзінің  қарашығындай   қарап, орынсыз шұбарлануы  қарсы  тұруымыз керк.

Тіл-өткеннің  ұрпаққа   қалдырған  аманаты,бүгінгі  күннің  аманаты,бүгінгі  күннің абыройы,ертеңгі   күннің  кепілі.Сондықтан  да   өз ана тіліміздің  қадірін біліп , өз  тілімізде  дұрыс сөйлесе білу-әр қазақ  баласының  бірден бір  міндеті деп есептеймін. Біз болашақ жастар  тіліміздің  абыройын  асқақтамаыз,биікке  көтереміз деп нық  сеніммен айтқым келеді.

Ғұлама ғалым  А.Байтұрсынұлы:  «Сөзі  жоғалған  жұрттың өзі де жоғалады», - деп  тілдің  ұлт үшін  қандай маңызды  екенін  бір ақ ауыз  сөзге сыйдырған.Сондықтан  қазіргі  жаһандану  дәуірінде  аз ұлттар  мен ұлыстар  өз тілдерін   қорғап қалуға  барынша күш салуда. Қазақстан  Республикасы  қазақ  тілінің  ғана емес,қазақстанда тұратын  барлық  ұлттар мен  ұлыстардың   тілінің  дамуына  барынша жағдай  жасап отыр. Елбасымыздың  22-қыркүйекті  «Қазақстан  халықтарының  тілдері  күні» деп  жариялау  да  сол мақсаттан  туған. Асыл қазынамызға  айналған  қазақ  тілінің  құндылығының  арта беруіне  әрдайым  өз   үлесімді қосамын.  Ендігі біздің  міндетіміз  тілімізді сақтап, сол тілде  сауатты жазып,ойымызды  қазақ  тілінде  таза жеткізу,ардақтап  құрметтеу.

Авторы
Бекенова Аружан Жандосқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Аружан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Ана тіл

Мәтінде ана тілінің ұлт болмысындағы орны, қазақ тілін құрметтеу және оны күнделікті өмірде дамыту жауапкершілігі сөз болады.

Аружан 1 мин 27 оқылым
Ғылым

Қазақ және Думадағы саяси ахуал

Мәтінде 1915 жылғы «Қазақ» газетінде жарияланған «Қазақ және Дума» мақаласы талданып, Думадағы заң қабылдау тәртібі мен қазақ жұртының талап-тілегі баяндалады.

Аружан 4 мин 33 оқылым
Жалпы рубрика

ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ(XIX-XX Ғ. БАСЫ)

Материалда ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының қалыптасуы, ұлттық сананы дамытуға және қоғамды жаңғыртуға қосқан үлесі қарастырылады.

Аружан 8 мин 145 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

ҚазҰУ имиджі магистрант көзімен: ғылыми орта және зерттеу бағыты

ҚазҰУ магистранты университеттің ғылыми ортасы мен зерттеу дағдылары туралы ой бөлісіп, қазақ тіліндегі бьюти-дискурста қолданылатын англицизмдерді зерттеу бағытын таныстырады.

Нұршат Айзат 3 мин 19 оқылым
Қазақ тілі

Жастар слэнгінің тіл экологиясына әсері

Мақалада жастар слэнгінің қазақ тілінің экологиясына әсері, оның оң және теріс қырлары, интернеттегі тілдік қолданыстар мен зерттеу әдістері қарастырылады.

Жалғасбекқызы Аяулым 10 мин 10 оқылым
Қазақ тілі

Тіл — ұлттың жаны, ұрпақтың аманаты

Қазақ тілінде сөйлеудің маңызы, ана тілін құрметтеу мен оны күнделікті өмірде қолдану қажеттігі туралы ой-толғау.

Сайлаухан Ақерке 3 мин 18 оқылым
Қазақ тілі

Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолдану мүмкіндіктері

JOO school Medeu Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолданудың бағыттары талданады. Оқыту мазмұнын даралау, мәтінмен жұмыс, бағалау үдерісін…

Битілеу Динара Мақсатқызы 6 мин 197 оқылым