Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тіл тағдыры-ұрпақ тағдыры,ұрпақ тағдыры-ел тағдыры

Альбина
2 мин оқу 31 оқылым

Тіл тағдыры-ұрпақ тағдыры,ұрпақ тағдыры-ел тағдыры

Темелбек Альбина

Тәуелсіздік тірегі – мемлекеттік тіл. Анамыздың сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» –  деп қазақтың біртуар перзенті, жазушысы, даңқты батыр Бауыржан Момышұлы айтқандай, ұлт тілі – сол ұлттың қалыптасуы мен әрі қарай дамып, болашағы кемелдене беруінің басты қағидасы. Тілді ұмыту – мемлекеттің барлық құндылықтарынан, тарихынан ада болу.
Мағжан Жұмабаевтың тілінде айтсақ:
«Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың…
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!».
Иә, заман өзгерсе де, адам өзгерсе де, тек бір нәрсе өзгермейтіні хақ: ол – ана сүтімен бойымызға дарыған, халықтың қандай қиындықтан өтсе де өзімен бірге алып жүретін басты байлығы – баба тілі, ана тілі.
Тарихқа аз ғана көз жүгіртсек, қазақ тілінің мемлекеттік, саяси ауқымы сонау патшалық отарлау заманы кезінен бастап-ақ төмендей бастағаны белгілі. Түрлі саяси өзгерістер мен ұжымдастыру жылдарында жіберілген қателіктер, ашаршылық салдары Қазақстандағы демографиялық процестердің қалыпты арнасын бұзып, республиканың ұлттық құрамына ықпал етті, сайып келгенде, мұның өзі қазақ тілінің дамуына орасан зор зиян келтірді. Міне, тарихи деректерден байқағанымыздай, басынан осыншама қиын-қыстау кезеңдерді өткерсе де, тілімнің болашағы – ұрпағымның болашағы деп, бабаларымыздың басын бәйгеге тіге отырып, бізге аманат еткен тіліміздің тұғырын биік ұстамау – ұлтқа сын.
Бүгінде жаһандану дәуірінде жас ұрпақтың алдында бірнеше тілді қатар меңгеру қажеттілігі тұр. Өзі өмір сүріп отырған заманның қарқынына ілесу, дамыған отыз елдің сапына түзелу үшін, әлемдік аренада өзіндік орны бар алып тілдерді меңгеру талабы тастай қағида болып тұрғаны бәрімізге мәлім. Осы жолда өзге тіл мен өз тілінің қадір-қасиетін ажырата білетін, басқа тілдерді жетік меңгере отырып, ұлт тілін биіктерге көтеретін кемел ұрпақты дайындау ұстаздар алдында тұрған үлкен міндет.
«Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Тілінен айрылған жұрт – жойылған жұрт. Мектеп пен баспаның иілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді, мектеп пен баспада қолданудан қалған тіл – шатасқан тіл. Ол ел – сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды… Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, ол – күйініш. Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлеу, бұл – сүйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате» – деп жазушы Халел Досмұхамедұлы  айтып кеткендей, еліміздің ертеңі  – жас ұрпақтың санасына тілді қадірлеуді сіңіру, жүрегіне тілге деген құрметті, сүйіспешілікті, жанашырлықты ұялату –сіз бен біздің парызымыз.
Тіл болашағы – ел болашағы. Ендеше, жеке тұлғадан құралатын ұлт тағдырына  үлкен жауапкершілікпен қарайтын уақыт келді.
Өзгенің жылтырына қызығамыз деп, өзіміздің алтынымыздан көз жазып қалмайық!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Альбина

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Бастауыш сынып

Мамандықты дұрыс таңдау қаншалықты маңызды?

Мақалада қазақ тілінің тарихи жолы, мемлекеттік тіл ретіндегі маңызы және ана тілін келер ұрпаққа аманат ету жауапкершілігі баяндалады.

Альбина 2 мин 29 оқылым
Жалпы рубрика

Өрт-қауіпті заттар!

Балаларға өрттің қауіптілігі түсіндіріліп, сіріңке, оттық пен газ плитасынан сақтану жолдары үйретіледі. Қауіпті және қауіпсіз заттарды ажыратуға арналған ойын берілген.

Альбина 3 мин 172 оқылым
Ағылшын тілі

Interesting world

5-сыныпқа арналған ағылшын тілі сабағында оқушылар мәтіннің негізгі ойын түсініп, if жалғаулығын қолданып сөйлем құрайды.

Альбина 7 мин 312 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Ғылыми мақалада бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға арналған нейрогимнастика жаттығулары мен нейроойындарды сабақта қолдану жолдары сипатталған.

Bilimger Media 2 мин 37 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 4 мин 518 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 6 мин 69 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолдану

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі Аннотация Бұл мақалада бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен тиімділігі қарастырылады.…

Қуатқызы Зина 5 мин 277 оқылым