Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тіл – елдіктің туы!

Назым
2 мин оқу 101 оқылым

Өмірсерік Назым.

Біздің  тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, сондықтан да өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз.

«Тіл  ақылдың  өлшемі»  деп  халқымыз  бекер  айтпаған.  Елбасымыз  Н. Ә  Назарбаев  «Қазақстанның  болашағы - қазақ  тілінде»  деген  сөзінде  түсінген  адамға  көп  мағына  жатыр.  Тілдің  көмегімен  өнер – білімді,  ғылымды  игереміз,  өткен – кеткенімізді  саралап,  сабақ  аламыз.  Біз  өз  тілімізді  құрметтей  отырып,  дініміз  бен  салт  дәстүрімізге,  тарихымызға  көптеп  үңілетін  болсақ  және    оны   өзіміз  танып  қана  қоймай,  сол  асыл  қазынамызды  әлемге  танытсақ  келешек  ұрпақ  үшін  көп  жұмыс  атқарған  болып  саналамыз.     Өйткені  өз  тілін,  дінін,  тарихын  жақсы  білмеген  адам  басқа  тілдің  қадірін  білу  мүмкін  емес. Қазақ  халқы  өзінің  шешендігімен  шеберлік  және  даналығымен    ерекшеленеді.

Соңғы жылдары ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, халықтық педагогиканың асыл қазынасын пайдалануға,әдебиетіміз бен мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғызғаны еліміз үшін зор қуаныш. Қазіргі заман талабы-халықтық дәстүрді кеңінен пайдалануды көздеп отыр. Ол үшін халқымыздың  ата-бабадан келе жатқан ұлттық асыл мұраларын, тұрмыс-салтын, үлгі-өнегесін жүзеге асыруымыз қажет. Елімізді басқа ел танып жатқанда, тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақты тәрбиелеу басты міндеттердің бірі. Тәрбиенің негізгі құралы тіл, ол ұлттың тарихи көрініс белгісі.

Ұлттық қасиет пен ұлттық сана  ана тілі арқылы бойымызға дариды. Тәуелсіз ел, әлем мойындаған жұрт қатарына қосылам десең әуелі тіліңді сақта, істі тілден баста. Тілін таныған ел өзін таниды,өзін таныған ел өзгелерге танымал бола алады.

Адамзаттың  ұлысы, Алланың соңғы елшісі, Исламның пірі – біздің Пайғамбарымыз Мұхаммед өзінің 319 хадисінде: «Тілін түзеген адамға Алланың рахметі жаусын», - деген. Ендеше, сол Мухаммед үмбеті біздер өз тілімізді түзеп, дамуына өз үлесімізді қосу әрбір азаматтың борышы деп санаймын.

Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Олай болса, ата өсиетіне құлақ асып, ананың тілі арқылы бабалар аманатына адал болып, елдігіміздің нышаны болған тіліміздің туын жоғары ұстайық.

Соңғы жаңарту: 1 желтоқсан 2025, 15:23

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Назым

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

"Қызыл телпек" театрлық қойылым

Балабақшаға арналған театрлық қойылым жоспары: үш көрініс, кейіпкерлердің рөлдері, көбелектер биі және қорытынды флешмоб.

Назым 4 мин 39 оқылым
Жалпы рубрика

Журналистика мамандығы

Автор журналист болуды бала кезден армандағанын және теледидар саласын таңдағанын баяндайды. Мәтінде ақпаратты дұрыс жеткізудің маңызы сөз болады.

Назым 3 мин 38 оқылым
Мектепалды даярлық сынып

Жаратылыстану .Тақ: Өсімдіктердің қандай түрлерін білесің?

Мектепалды даярлық балаларына арналған сабақ жоспарында өсімдіктерді ағаш, бұта және шөптесін топтарға ажырату, олардың бөліктері мен қызметін сипаттау қарастырылған.

Назым 3 мин 1 044 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Ғылыми мақалада бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға арналған нейрогимнастика жаттығулары мен нейроойындарды сабақта қолдану жолдары сипатталған.

Bilimger Media 2 мин 37 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 4 мин 518 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 6 мин 69 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолдану

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі Аннотация Бұл мақалада бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен тиімділігі қарастырылады.…

Қуатқызы Зина 5 мин 277 оқылым