Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тіл аса қадірлі ұстайтын байлығымыз

Буйрабасова Нурджемал Кобеновна
2 мин оқу 584 оқылым

Буйрабасова Нурджемал Кобеновна

Мақсаты: - Оқушылардың өз еліне мақтанышын, шығармашылық

қабілетін дамыту.
Міндеттері:- Оқушыларды елін сүюге, бағалауға тәрбиелеу.
Әдістері: Әңгімелесу, релаксация, пікірталас, интерактивтік,рефлексия.

Шаттық шеңбері:
- Сәлеметсіңдер ме оқушылар? Бүгін мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Бәріміз ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық.
Оқушылар «Өз елім» әнін үнтаспадан тыңдап қосылып айтады.

Дәйексөз:
«Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас».
Осы мақалды қалай түсінесіңдер?
Ой  қозғау (сұрақ-жауап)

Мұғалім:  - Балалар,   біз  қандай  елде  тұрамыз?

1-оқушы:   Қазақстан  Республикасы-демократиялық,  зиялы  және  біртұтас  мемлекет.

Мұғалім:  Қазақстандағы  мемлекеттік  тіл  қай  тіл?

2-оқушы:  Қазақстан  Республикасында  Мемлекеттік  тіл – қазақ  тілі.

Туған  тілім – бабам  тілі - өз  тілім;

Туған  тілім –анам  тілі - өз  тілім;

Туған  тілім –данам  тілі - өз  тілім;

Туған  тілім –адам  тілі - өз  тілім;

Мұғалім: Неге біздің мемлекетті «Тәуелсіз мемлекет» деп атаймыз?

3-оқушы:                        Тәуелсіздік деп соққан ел жүрегі

Көптен күткен қабыл боп ел тілегі

Отау тігіп оңаша ер қазағым

Көк байрағым тағы да желбіреді.

Мұғалім: Ата  Заңымыз  қашан  қабылданды?

4-оқушы:  1993  жылы  28  қаңтарда  Тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының  тұңғыш  «Ата  Заңы»  қабылданды.

Көк  туым,  көтерілді  бағым  жанып,

Елтаңбам  төрде  әлемге  танылды  анық.

Шырқадым  әнұранды  бар  дауыспен

Арманым  Ата  Заңым  қабылданып.

Мұғалім:  Елбасымыз  Н.Ә. Назарбаевтың стратегиялық  бағдарламасы  туралы  не  білесіздер?

4-оқушы:  Мен  туған  Республикамды  Қазақстанды  жанымдай  жақсы  көремін.  Елбасымыз  Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің  қатарына  кіреді  және  өзге  дамушы  елдер  үшін  үлгі  болатынына  сенемін  деген  сөзін  оқығанда  бойымды  мақтаныш  сезімі  биледі.
(Президент, Ту, Елтаңба, Ән ұран. Слайд)

Шығармашылық тапсырма:
- Ендеше балалар, «Тіл аса қадірлі  ұстайтын байлығымыз» тақырыбында эссе жазайық.  (музыка қою)
Ойын: Топтар кезектесіп сыр сандықтан аяқталмаған мақалдар алады.
Мақалды жалғастыр:
Кісі елінде сұлтан болғанша,...
Туған жерге...
Туған жердей жер болмас,...
Отансыз адам - ...
Отан оттан да ыстық,...
Ел ұлтсыз болмас,...
Өз елімнің басы болмасам да,...
Отан оттан...
Отан үшін ...
Жақсы балалар
Жағдаятты талдау:
Рефлексия: - Бүгін сабақта не туралы әңгімелестік?
Жүректен жүрекке: Еліміздің іргесі тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгілік болу үшін жастар біздің бойымыздан қандай қасиеттер табылу керек? Қолдарыңдағы жүрекшелерге жазайық, Жүректен жүрекке тақтасына ілейік.

Кері қайту

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Буйрабасова Нурджемал Кобеновна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Ғылыми мақалада бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға арналған нейрогимнастика жаттығулары мен нейроойындарды сабақта қолдану жолдары сипатталған.

Bilimger Media 2 мин 37 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 4 мин 518 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 6 мин 69 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолдану

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі Аннотация Бұл мақалада бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен тиімділігі қарастырылады.…

Қуатқызы Зина 5 мин 277 оқылым