Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тіл-адам ойының айнасы

Bilimger Media
2 мин оқу 1 766 оқылым

Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан  Республикасының  əрбір азаматының парызы. Біздің мақсатымыз - әрбір  тұлғаға түбегейлі білім мен мəдениеттің негіздерін үйрету, ұлттық құндылықтарымызды болмысына сіңіріп,туған тіл  мен ата-мекенді қадірлеуге, ізгілік пен қайырымдылыққа, отансүйгіштікке тəрбиелеу.

Оқушы өз ойын, пікірін, көзқарасын ана тілінде еркін, дұрыс жеткізе білуі керек. Себебі,қоршаған  ортада өзіңді  қалай ұстай білуің,сөз мəнерің,сөзді саптауың,сөйлеу мəдениетің - бəрі өзіңе байланысты. Сондықтан əрбір айтар сөзіңді ойланып сөйлеу керек. Халықта мынадай бір жақсы сөз бар: «Аңдамай сөйлеген,ауырмай өледі».

Біз оқушыларды қазақ тілінде таза, сауатты сөйлеуге, ойын ашық айтуға,тіл мəдениетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін күресуге, тіл байлығын дамытуға күш саламыз.

Тіл- ұлттың белгісі, халықтың мұрасы, дүние таным құралы. Халықтың жаны, сəні, болмысы да осы тіл арқылы көрінеді. Жастардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығы бірте – бірте артып келеді. Ахмет Байтұрсынов  айтқандай, «Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек».

Қазақ тілі мен əдебиеті сабақтарында белгілі бір тақырыптарға сəйкес жазылатын шығарма, ой толғау, эссе сияқты жазба жұмыстары да оқушылардың ойын дамытып, тілін байытады.

Оқушыларды əдеби тілде көркем, шебер сөйлеуге  дағдыландыруға іскерлік ойынның рөлі үлкен. Іскерлік ойын арқылы оқушы болашақ өмірге бейімделіп, дұрыс сөйлеу нормаларын меңгеріп, тіл байлығы молайып, ой қорытуға қалыптасады, жақсы сөйлеу мүмкіндігі анықталады.

Қазақ тілі Өнеркəсіп пен техниканың, ғылым мен мəдениеттің жəне қоғамдық саяси өмірдің  барлық саласын қамтып көрсететін лексикалық байлығымен, қалыптасқан жазу жүйесімен жəне сараланған стильдік нормаларымен тартымды тіл ретінде танылуда. Тіл қазынасының əліде болса інжу – маржанын теріп, тереңіне сүңгіп игеруді қажет ететін сан қырлы сыры бар.

Тіл – халықтың жаны, сəні дəлірек айтқанда, тұтастай – келбеті. Қазақ тілін теориялық əрі практикалық жағынан тереңдетіп оқытудың өзіндік ерекшелігі бар.

Тілдің дамуы қоғам дамуымен жəне сол тілді жасаушы, қолданушы халықтың дамуымен тығыз байланысты екені белгілі.

Қазақ тілі – ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға жеткен ұлы құбылыс. Сондықтанда қазақ тілі халқымыздың қайраткерлерінің марапатына, ұлы ақындар мен жыршыларының жыр арқауына айналған. Ұлы Абай:

Өткірдің жүзі, кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас,

Білгенге – маржан, білмеске – арзан,

Надандар баһра ала алмас, -

деп жырлайды. Тіл – адам баласын қазіргі өркениетке жеткізген ұлы күш.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

Жастар слэнгінің тіл экологиясына әсері

Мақалада жастар слэнгінің қазақ тілінің экологиясына әсері, оның оң және теріс қырлары, интернеттегі тілдік қолданыстар мен зерттеу әдістері қарастырылады.

Жалғасбекқызы Аяулым 10 мин
Қазақ тілі

Тіл — ұлттың жаны, ұрпақтың аманаты

Қазақ тілінде сөйлеудің маңызы, ана тілін құрметтеу мен оны күнделікті өмірде қолдану қажеттігі туралы ой-толғау.

Сайлаухан Ақерке 3 мин 16 оқылым
Қазақ тілі

Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолдану мүмкіндіктері

JOO school Medeu Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолданудың бағыттары талданады. Оқыту мазмұнын даралау, мәтінмен жұмыс, бағалау үдерісін…

Битілеу Динара Мақсатқызы 6 мин 193 оқылым
Қазақ тілі

Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мәтін түрлерімен жұмыс

Алматы қаласы Алатау ауданы "№185 мектеп-гимназия" қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада оқу сауаттылығын қалыптастыруда мәтін түрлерімен жұмыстың теориялық және практикалық қырлары қарастырылады.…

Қаирова Аружан Болатқызы 6 мин 210 оқылым