Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тәуелсіздік – ел тірегі

Тұрлыбекова Жанаркул Өксікбайқызы
3 мин оқу 662 оқылым

Тұрлыбекова Жанаркул Өксікбайқызы

Мақсаты: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, елжандылыққа, ұлтын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөзбен жазылған плакаттар, жалауша, шарлар, жеке суреттер, бейнеролик.

Барысы:

Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар мен оқушылар! Бүгінгі «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
Мен – айғақпын, ұстамын, ертегіге.
Мен басымды иемін бүгінге, ертеңіме.

«Ой ашар» кезеңі: Тәуелсіздік дегеніміз не?

1-оқушы: Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Ата–бабаларымыз  аңсап қана қоймай, сол үшін не бір қанды ұрыстарда белді бекем буып күресті емес пе? Төгілген қан, сіңірген еңбек ешқашанда зая кетпейді.

2-оқушы: Ия, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама» қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті.

3-оқушы: 1941-1945 жылдары азамат тарихында болмаған алапат соғыста, бірлік жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Жүзге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының батыры деген абыройлы атақ берілді.

4-оқушы: 1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізде Желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды.

Бейнеролик: «Алматы алаңы – 1986 жыл»

5-оқушы:

Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық,
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Қайғы езіп елдің еңсесін,
Жаншыды-ау жанын батпан күн.
Енді қайтып келмесін!
Сол бір қарғыс атқан күн!

Мұғалім: Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған, ақ найзаның ұшымен елді жаудан қорғаған батыр аталарымыз бен желтоқсан оқиғасының құрбандарына айналған қыршын кеткен жастарды құрметтеп, осы отырғандардан 1 минут үнсіз орындарынан тұру сұралады.

Ән: «Желтоқсан желі»

«Үйренейік, танысайық» кезеңі: Мәдени ескерткіштерді білеміз бе?

  1. Ата тарих тұмасы – Алтын Адам.

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Шілікті елді мекенінің жанындағы ескі қорғандардың бірінен археологиялық экспедиция кезінде табылды. Алғаш хабарлаған археолог, профессор, тарих ғылымының докторы Әбдеш Тәшкенұлы Төлеубаев.

  1. Жас Астананың символы – Бәйтерек.

Бәйтеректің жобасын жасаған сәулетшілер Артур Манукян, Мұрат Байысбай. Биіктігі – 97 метр, салмағы – 210 тонна.

  1. Респубика алаңында. Тәуелсіздік монументі.

16.12.1996жылы ашылды, авторы: Ш.Ыдырысұлы бастаған топ. Монументтің биіктігі – 32 метр, оның ортасында еліміздің елтаңбасы салынған, ұлттық нақышпен өрнектелген, биік тұғырдың ұшар басына алтын батыр мен жолбарыстың мүсіні қойылған. Батырдың бейнесі Есіктен табылған «Алтын адам» үлгісінде құйылған. Ескерткіштегі алтын жалатылған бүркіт, батырдың қылышы мен жолбарыстың жиынтық бөлшектері қымбат тастармен жасалған.

«Поэзия минуты» кезеңі: Оқушылар тақпақтары

  1. Егемендік – иесімін  деген сөз,
    Көптен бері естілмеген ерен сөз.
    Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,
    Көркем жігіт болып осы келген кез.
  2. «Тәуелсіздік» - ел болғанның белгісі,
    Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші,
    «Тәуелсіздік» деген сөзден естілер,
    Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

3.Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Тәуелсіздік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Би: «Мерекелі ел»

«Шын жүректен» кезеңі: Жылы тілек айту.

Әр оқушы көк жалаушаны қолдарына алып, «Мен елімді сүйемін» деп жылы лебіздерін білдіреді.

Бекіту:

- Тәуелсіздік мәңгі жасасын! Еліміздің бірлігі мәңгілікке сақталсын!

Ән: «Көк тудың желбірегені».

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Тұрлыбекова Жанаркул Өксікбайқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

Жастар слэнгінің тіл экологиясына әсері

Мақалада жастар слэнгінің қазақ тілінің экологиясына әсері, оның оң және теріс қырлары, интернеттегі тілдік қолданыстар мен зерттеу әдістері қарастырылады.

Жалғасбекқызы Аяулым 10 мин
Қазақ тілі

Тіл — ұлттың жаны, ұрпақтың аманаты

Қазақ тілінде сөйлеудің маңызы, ана тілін құрметтеу мен оны күнделікті өмірде қолдану қажеттігі туралы ой-толғау.

Сайлаухан Ақерке 3 мин 16 оқылым
Қазақ тілі

Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолдану мүмкіндіктері

JOO school Medeu Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолданудың бағыттары талданады. Оқыту мазмұнын даралау, мәтінмен жұмыс, бағалау үдерісін…

Битілеу Динара Мақсатқызы 6 мин 193 оқылым
Қазақ тілі

Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мәтін түрлерімен жұмыс

Алматы қаласы Алатау ауданы "№185 мектеп-гимназия" қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада оқу сауаттылығын қалыптастыруда мәтін түрлерімен жұмыстың теориялық және практикалық қырлары қарастырылады.…

Қаирова Аружан Болатқызы 6 мин 210 оқылым