Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тәуелсіз елдің ұрпағымын!

Арайлым
1 мин оқу 99 оқылым

Тәуелсіз елдің ұрпағымын!

«Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі- қазақ халқының сан ғасырлар бойғы күресінде,азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр» - деп елбасымыз айтқандай ата-бабаларымыздың атқа қонып, аңсаған арманына қол жеткізгеніне 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік көңілімізге көңілді көктемдей жылу сыйлады, ерекше күш- қуат дарытып, өмірімізді гүлдендірді. Аз уақытта әлемдік сахнада бойын тіктеп, жанданып, көркейген, егемендік бесігінде тербелген, көк туы көкте желбіреген тәуелсіз елдің ұрпағы болғаныма қуаныштымын!

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев: «Тәуелсіздігіміз, егемендігіміз, осы тарихты таңдауға тікелей байланысты: өткенді білмей,болашақты анықтау мүмкін емес» - деген болатын. Қаншама нәубат жылдар, ашаршылық,41 – дің сұм жылы, репрессия, 86- ның азаттығы, сықырлаған сары аязда Қайрат пен Лязаттың елім деп еміренген азаматтардың төккен тері. Ал, бүгін территориясы әлемде жер көлемі жағынан 9 орында болған, өз Ата- Заңы, мемлекеттік рәміздері, жалынды жастары бар тәуелсіз Қазақстанға әлем елдері қызыға,қызғана , сүйсіне таңдануда. Елорданың төріне Астана салып,экономикалық,мәдени, рухани жағынан кемелденіп келген тәуелсіз елдің ұрпағымын! Алтай мен Алатаудың, Еділ мен Ертістің, Арқа мен Атыраудың арасын қоныс қылып,жеріміздің асты мен үсті пайдалы қазбаға толып, құтты, қайырлы қоныс еттік.

Өз өлеңімде: «Тәуелсіздік асқақ менің айбыным,

Қанатымды кең жаятын күн бүгін!» ,-деп егемендік шабыт беріп, ақын жүрегімді толқытқан еді. Өр еліміздің өршіл тұсы:  қайтпас қайсарлық,тектілік,сөнбес рух- міне тәуелсіздіктің тірегі.

Қазақ ешкімге соқтықпай,жәй жатқан ел, дос болғанға- құшақ ашар туыс, қас болғанға – қиып түсер қылыш болған – қазақ ханы Абылайдың аталы сөзіндей асқақ елміз.Ел болып қалыптасу тарихымызда, елдігіміз бен егеменділігімізді сақтау жолында өмірлерін сарп еткен ұлы тұлғаларды ардақтайтын,тәуелсіз елдің ұрпағымын! Біз жалынды жастар, тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз. Сұлу да әсем,жұпар ауасы бар, баға жетпес байлығымыз болған еркіндікті  мәңгілік және баянды ету біздің мақсатымыз әрі перзенттік парызымыз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгілік болсын!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Арайлым

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Кризис 3 лет

Үш жас дағдарысының себептері, баланың дербестікке ұмтылысы және мінез-құлқындағы қиындықтарды еңсеруге көмектесетін тәрбие тәсілдері түсіндіріледі.

Арайлым 4 мин 43 оқылым
Жалпы рубрика

Журналистика - менің болашағым

Автор журналист мамандығын таңдауының себептерін және болашақ телебағдарламасы арқылы зорлық-зомбылық көрген адамдарға көмектесу мақсатын баяндайды.

Арайлым 2 мин 32 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым