Мазмұнға өту

Табысқа жету жолы: Өмірлік жетістікке жету үшін мақсатқа ұмтылу неге маңызды?

Арайлым 5 мин оқу 94 оқылым

Амирова Арайлым Абилханқызы
Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері университетінің 3 курс студенті


Бүгінгі таңда әлемде табысты адамның бейнесі ерекше танымал десек артық етпес. Күнделікті әлеуметтік желіден көретініміз, біреуі 20 жасында көлік мініп,

біреуі шетел аралап, енді біреуі ата-анасына үй сыйлап жатқандығы.

Бірақ, біз білетіндей, монетаның екі жағы бар. Нағыз сәттіліктің артында тек сәттілік пен кездейсоқтық қана тұрмайды.

Адамның жетістігі - бұл оның көп еңбегі, кейбірінде ұйқысыз түндер, алға қойған мақсатына жетуге деген ұмтылыс және істеп жатқан ісіне деген сүйіспеншілік.

Біз жаһандық даму дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Өзгерістер бүгінде барлық қызмет салаларын қамтиды. Жақсылыққа ұмтылу, мақсат қою және оларға жету — әр адамның негізгі қажеттілігі. Сондықтан, кез келген адам әрқашан сәттілікке ұмтылады, бірақ тез дамып келе жатқан талапшыл әлемде бұл кез келгеніміз үшін нені білдіретінін ұмытып кетеміз. Алайда, мұның бәрі адамның жеке қалауына, құндылықтарына, өмірге деген көзқарасына байланысты.

“Өзіңді - өзің танысаң – істің басы” деп, Шәкәрім атамыз айтып өткендей, өзіңнің кім екеніңді, қандай екеніңді білмесең, мақсатың қай бағытта жүретінін және қандай мінез-құлық қалыптастыру қажеттігін білу одан да қиын. Демек, ең алдымен адам өзін танудан бастау керек.

Өмірде нені қалайтынымызды, қандай болашақ туралы армандайтынымызды түсіну қиын болуы мүмкін. Алайда, ауқымды мақсаттар қоюдың қажеті жоқ. Адам өзін не қызықтыратынын, не шабыттандыратынын анықтап және содан бастауы маңызды.

Ал, табысқа жету жолында не кедергі?

Өзіне және өз күшіне деген сенімсіздік қиындықтардан қорқуды тудырады. Кез келгеніміз ерік пен шешім қажет жерде күресуден бас тартып жатамыз. Тіпті сәтсіздіктің өзін “бәрі бітті” деп санайтынымыз да аз емес. Алайда, ең нашар сәттердің де артында жасырылған қазына барын естен шығармаған жөн.

Бұл жерде көп нәрсе тек кездейсоқтыққа емес, адамның даралығы мен мінезіне де байланысты сияқты. Әдетте табысты адамдар мінезінің күштілігімен және ерік-жігерімен ерекшеленеді, олар алдына нақты мақсаттар қоюға және оларға жету жолында аянбай еңбек етуге дағдыланған. Сонымен қатар, олар өз денсаулығына қамқорлық жасау және белсенді өмір салтын ұстану арқылы спортқа деген жігер мен құмарлықты бойларына сіңіреді. Ал, мақсатқа ұмтылу деген не? Бұл өміріміздің белгілі бір кезеңінде бәріміз бастайтын әмбебап саяхат. Бұл біздің ішіміздегі мағына мен бағытты табуға, әлемдегі өз орнымызды түсінуге және оң әсер етуге деген терең ұмтылыс. Есте сақтау керек, біз саяхатшылармыз. Біз өмір бойы саяхаттаймыз. Кез келген оқиғаның астарында тағы бір сәттілік жасырылуы мүмкін, тіпті егер бұл оқиға жағымсыз эмоциялар тудырса да.

Біздің ұмтылыстарымыз да өзіміз сияқты алуан түрлі. Біреу мансапта жетістікке жетуді, атақты болуды немесе кітап жазуды қалайды, ал біреу үшін мансап берік отбасы мен балалардан тұрады. Мақсатқа жету жолы - сенім мен тәуекел арқылы кішкентай қадамдардан бастау алады. Қандай жағдай болмасын, кез келген адам дәл сол “компасты” дұрыс бағдарда ұстай білуі тиіс.

Өмір жолындағы бірінші маңызды мақсат - өзін-өзі дамыту. Адам өмірі -  оқу мен үздіксіз өсуді талап етеді. Өзін-өзі дамыту бізге сауатты және табысты болуға ғана емес, сонымен қатар өз өсуімізден қанағат сезінуге көмектеседі.

Екінші маңызды мақсат - бақыт пен қанағатқа ұмтылу. Өмірдегі мақсат материалдық жетістіктермен шектелмейді, сонымен бірге ішкі үйлесімділік пен жан тыныштығы да маңызды. Әр адам үшін бақыттың әр түрлі мәні болуы мүмкін, және өз өмірінде қуаныш пен қанағат әкелетін нәрсені дәл анықтау маңызды.

Үшінші маңызды мақсат - өмірдің мәні мен құндылығын қалыптастыру. Жеке тұлға ретінде кез келгеніміз басқа адамдар үшін және жалпы қоғам үшін өмірдің маңызды болуын қамтамасыз ете аламыз.

Жалпы, мақсатқа ұмтылыс жолында адамдардың табысқа жете алмауының бір ғана нақты себебі бар. Олар ерте бас тартады. Біздің өмірімізде әлем бізден теріс айналғандай кезеңдер болады. Мәселен, жұмысқа деген қызығушылық жоғалады, мүмкіндіктер қолдан тайып кетеді, бір қиындықтың үстіне екіншісі қосылады және алысқа кетіп, ешқашан оралмауға деген ұмтылыс пайда болады. Анығына келгенде, адам тірі болса, бәрі де мүмкін. Ал, мақсат пен армандарды тоқтатудың жалғыз жолы - өлім. Адам тірі тұрғанда, кез келген арман-мақсатқа жетуге мүмкіндік көп.

Сіз әйгілі Америкалық рэп әртісі Канье Уэст туралы естіп пе едіңіз? Басқа суретшілерге продюсер және ән жазушы ретінде жұмыс істеуден бастап, біртіндеп орындаушы ретінде табысқа жеткен Канье Уэсттің өмірлік мақсаты - кез келген адамды шабыттандыратынына сенімдімін. Әйгілі әртістің өмірбаяны -  өмір сүрудің ең төменгі деңгейіне ие болып, әлемдегі ең танымал және құрметті адамдардың бірі болуы туралы шабытты мотивация десек болады. Барлық адам әлсіз және өзін-өзі жүзеге асыра алмайтын адам ретінде есте қалғысы келмейді. Сол үшін, өзіңізге және бүкіл әлемге өзіңіздің не нәрсеге лайықты екеніңізді және қандай жағдай болмасын өз мақсаттарыңызға жететіндігіңізді дәлелдеу әлдеқайда маңыздырақ. Табыстың қашан келетінін ешкім білмейді. Бұл ертең немесе бір-екі жылдан кейін болуы мүмкін. Көптеген адамдар өздерінің табысқа бір қадам қалғанын білмей, қолдарын төмен түсірді. Әлемнен теріс айналып, барлығын тастап кеткіңіз келген жағдайда ойланыңыз, өйткені сәттілік кез келгенімізді келесі бұрылыста күтіп тұруы әбден мүмкін.

Жақсы ойластырылған және шабыттандыратын мақсаттар бізді алға жетелейді, өміріміздің мәнін береді және іс-әрекетке ынталандырады.

Табыстың өзі сізге келмейді, оған жол табуыңыз керек. Ал, жолыңыз - өз мақсатыңызға деген ұмтылыспен басталуы тиіс. Арманға шегінбеу, таңдалған бизнесте даму, не істеп жатқаныңызды сүю, тұлға және кәсіпқой ретінде өсу-сәттіліктің негізгі факторлары. Өз жолың бақытқа жетелейді, ал жалған жолдар тығырыққа тірейді. Басқа біреудің сценарийін сеніммен қабылдау қате, өйткені әркім өз жолын өз еркімен және өз бетінше анықтауы керек, әйтпесе ол армандаған нәтижеге жету мүмкін емес. Ең бастысы, жанның жалқау болуына жол бермейік.

Соңғы жаңарту: 29 қараша 2025, 18:07

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Арайлым

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Кризис 3 лет

Причины возникновения негативизма, кризиса 3 лет -упрямства, своеволия и других симптомов в поведении объясняются тем, что ребёнок начинает осознавать себя самостоятельной личностью и проявлять собственную волю.…

Арайлым 39 оқылым 4 мин
Жалпы рубрика

Журналистика - менің болашағым

Алиева Арайлым Мамандық таңдау әрбір адамның ең басты, ең маңызды қадамдарының бірі болып табылады. Сол себепті, мамандық таңдауда дұрыс ойлану керек. Бастысы – өз сүйген мамандығын таңдау. Менің таңдаған мамандығым –…

Арайлым 32 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

ЖУРНАЛИСТИКА – ҚАУІПТІ МАМАНДЫҚ

Алиева Арайлым Журналист – дара тұлға. Оның өзіндік пікірі, ойы, жазу стилі бар. Бастысы – журналист қашан да халық жаршысы, билік пен бұқара арасындағы көпірді жалғаушы, ұлт жанашыры. Журналистің қоғамдағы рөлі орасан…

Арайлым 58 оқылым 8 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Университет

Modern Methods of Predictive Control of Technological Processes in the Oil and Gas Industry: A Review

Тарихқызы Сымбат – магистрант образовательной программы «Автоматизация и управление», кафедра системного анализа и управления, Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилёва, г. Астана, Казахстан E-mail:…

Bilimger Media 31 оқылым 9 мин
Университет

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қоғамның көз қарасы

Тұран Университтеті Журналистикалық факульттет тележурналист Мүмкіндігі шектеулі адамдар – қоғамның ажырамас бөлігі екені анық. Олар да өзге адамдар сияқты білім алуға, еңбек етуге, еркін жүріп-тұруға, қоғамдық өмірге…

Елубаева Жанерке Жамбылқызы 53 оқылым 3 мин
Университет

Қытай, Сингапур және АҚШ бастауыш мектептерінде ЖИ арқылы білім беру

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, 4-курс Аңдатпа Мақалада Қытай, Сингапур және АҚШ бастауыш мектептерінде жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу бағыттары мен…

Сайлаубекова Ақерке Жандосқызы 41 оқылым 21 мин
Университет

Ми неге жалқауланады? Оның түпкі себебі неде?

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Факультет: Журналистика Мамандық: Қоғаммен байланыс Эволюциядан қалған әдет: энергияны үнемдеу Адам миы әрқашан энергияны үнемдеуге тырысады. Мұның өзіндік себебі бар.…

Текесбаева Диана Жанболатқызы 50 оқылым 4 мин