Мазмұнға өту

Тарихи тұлғалардың өмірбаяндық деректері арқылы оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру және дамыту

Байдарбекова Гүлмира 4 мин оқу 765 оқылым

Байдарбекова Гүлмира

«Бала тәрбиесі – баршаның ісі» дейді дана халқымыз. Осының өзі бала тәрбиесі төл міндетті болып табылатын ұстаздар қуанышының еңбегінің ерекше маңызды екенін көрсетіп тұрғандай. Сонда тәрбие дегеніміз не? Бұл туралы қаншама даналар ой қозғады десеңізші. «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» - дейді дана Мұхтар Әуезов. Меніңше әр бала өзінің туған жерін, өз Отанын қадірлеп өсуі керек. Сонда ғана ол отансүйгіш, адамгершілігі мол азамат болып өспек.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев мұғалімдердің қоғамдағы орнын бағалай отырып былай деді:

«Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы азаматтық қадір – қасиеттердің мән – маңызын түйсінетін жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді.

Отанымыздың сезім тұлғаның тектілігімен туындап, тәрбие арқылы өсіп жетіліп, патриоттық сана терінде қалыптасады.

Ұлттық патриотизмді қанмен, тектілікпен туа біткен қасиеттердің тәрбие арқылы бекіп, нығаюы, елін, жерін шексіз сүйіп, ұлттық барлық қасиеттерін ардақтау деп түсінеміз.

Біздің Отанымыз – Қазақстан. Ендеше жастарымыз осы мемлекеттің мүддесін қорғайтын патриоттары болуы керек. Патриотизмнің мәнін ашуды патриотизм идеяларының қалыптасып дамуы Аристотель, Платон, Цицерон есімдерімен тығыз байланысты. Рухани дүниенің басты қасиеттері – адамгершілік, әділеттілік, т.б. қасиеттерді Аристотель «Адамның қалыптасуына, оның жер бетіндегі міндетін атқаруына сабақтас қасиеттер» деп қарастырады.

Туып - өскен жеріне, ана тіліне, өз халқының, елінің, әдет ғұрпына, салт дәстүріне деген сүйіспеншілік адамдарда ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастаған. Сондықтан да Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін халыққа білім беру саласында отаншылыққа, ұтжандылыққа, елдегі барлық халықтарға достық қатынасқа тәрбиелеуді аса маңызды міндет етіп қойды.

Оқушылардың бойында патриоттық сезім  қалыптастыруда тарихи тұлғалардың өмірбаяндық деректерін жүйелі түрде қолдана білу күнделікті ұстаздық тәжірибеде басшылыққа алынуы тиіс.

Ендеше, ұлттың ұлы тұлғаларын білу – тарихи тамырыңды тану, сол арқылы қазіргі заманға лайықты көзқарасыңды, патриоттық сана сезіміңді қалыптастыру деген сөз. Ондай дарабоз тұлғаларымыз М.Әуезовтің сөзімен айтқанда «бір кезде бел көрінсе, келер ұрпақ тарихына: өз тұсына көрсетіп кеткен көмегімен, орнатып кеткен туымен, тастап кеткен үлгісімен, нұсқап кеткен бетімен менді  бел ғана емес биік тұғыр болып, асқар тау боп көрінеді». Мысалы, қазақ жеріне жасалған жойқын жоңғар шапқыншылықтары ұлтты  жойылып кетушілік қаупі тұрғанда қазақ халқын біріктіреді. Қазақ қоғамында ерекше бірігу рухы пайда болды. Оларды халық арасынан шыққан мықты батырлар басқарды. Қиын кезде Абылай, Әбілқайыр хандардың, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің, талантты қолбасшылар – Бөгенбай, Қабанбай, Райымбек, Наурызбай, Малайсары  және Жәнібек батырлардың даңқы шықты. Осы ұлы тұлғалардың өмірбаяндық деректері де патриоттық тәлімді көрсетеді.

Тарих тереңіне көз жіберсек, ата – бабаларымыздың бойында патриоттық сезім, жастарға үлгі боларлық патриоттық ерліктер мен істер мол болғандығына көз жеткіземіз. Осы патриоттық  сезім ұрпақтан  ұрпаққа дамып, нығайып, жетіліп отыр.

Мысалы, қазақ жерінде XVII ғасырдың аяғынан 1916 жылға дейін 300-ге жуық ұлт-азаттық көтерілістер болған. Осынау тарихи мәні бар оқиғаларды жас ұрпаққа,  нақтылай түсіндіре, жеткізе айту тарихшылардың міндеті болып табылады.

Біздің оқу орнымыз ер балалардың спорт мектеп- интернаты, болғандықтан, тарих сабағында өзім тарихи құжаттар мен деректерді және ұлы тұлғалардың өмірбаяндық деректерін, жазба ескерткіштерін, аңыз әңгімелерді көп қолдануға тырысамын. Тарихи қайраткерлердің тарихи образы, егер ол нақты және оқиғалы материалдарға байланысты баяндалса білім берік және ұзақ  сақталады.

Мен жұмыс істейтін спорт-мектеп интернатында кілең ер балалар оқып, дәріс алуда. Біздің мектептің ерекшелігі спорт мектебі болғандықтан жарыстарға, басқа қалаларға, шет елдерге кетіп қалады. Қанша сабақ программасынан қол үзіп қалады. Әріптестерімнің және директордың  оқу жұмысының меңгерушісінің шеберлігінің арқасында жарыстан келген балаларға өткен сабақтарды толық игертуге ат салысамыз.

Мысалы тарих сабағында тарихи тұлғалардың өмірбаянын есте қалуы үшін алдын ала тапсырма беремін.        8 – сыныпта  «1836 – 1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі деген тақырыпқа оқушылардың өздеріне ерік беріп, сот – сабақ ретінде өтетінімізді хабарладым.

Оқушылар келесі сабаққа рөлдерді бөліп, әжептеуір дайындықпен келген.

Нәтижесінде бала ізденгендіктен тарихи тұлғалардың өмірі жайында естен шықпайтындай көп мағлұмат алған.

Сабақ үстінде осындай батыр ағаларымыз туралы баяндайтын болам, мен қосымша деректерден сол батырлар туралы аңыз - әңгімелермен баяндаймын. Нәтижесінде құр деректерден гөрі мұндай сабақтардың естерінде іс- түссіз кетпейтініне көзімді жеткіздім.

Сөзімді қорыта келгенде өсіп келе жатқан ұрпақ ата – бабаларының жасаған ерліктерінен, тарихта қалдырған жеңістерінен үлгі алады. Осыны ұмытпағанымыз жөн, әріптестер!

Әдебиеттер

  1. Тұрлығұл Т. Т. Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі. Алматы «Ғалым» ғылыми баспа орталығы. 2003.
  2. Қазақ тарихы ғылыми әдістемелік журнал. 2006ж. №2.
  3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
  4. Мектеп. Ғылыми -әдістемелік педагогикалық журнал. 2007. №3

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Байдарбекова Гүлмира

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру 

Шымкент қаласы. Қазақстан Зиятркелік "Бәйтерек мектебі" қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бұл мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Тельмаева Назерке Жаскыранкызы 116 оқылым 3 мин
Қазақ әдебиеті

Жазылым академиясы: эссенің толық бағыты» – оқушылардың жазылым құзыреттілігін дамытудың тиімді құралы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Абай атындағы негізгі мектебі» КММ Жамбыл облысы, Талас ауданы Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, сыни ойлау қабілетін қалыптастыру және…

Казакбаева Жанар Меирбековна 62 оқылым 2 мин
Қазақ әдебиеті

Әдеби мәтінді сахналау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

«Сарыжар жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Қазақстан, Ақтөбе Аннотация: Мақалада әдеби мәтінді сахналау әдісінің оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы педагогикалық…

Аблашимова Жазира Бекмуратовна 96 оқылым 6 мин
Қазақ әдебиеті

Медиаэтика: медиа саласында жиі кететін қателіктер.

Бальзакова Арайлым, 3 курс Мәтіндегі қате медиа этикасын бұзады Қазіргі таңда медиа әлемінде ақпараттың дәлдігі маңызды рөл атқарады. Мәтіндегі қателіктер мен жалған ақпараттардың таралуы медиа этикасының бұзылуына…

Арайлым Бальзакова 31 оқылым 2 мин