Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №6 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №6 мақала қабылдануда·7 орын қалды 7 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

Мақалаңызды журналға дайындаңыз: 3 тілде аннотация, ӘОЖ коды және ГОСТ бойынша әдебиеттер — Word файлмен. Рәсімдеу
Bilimger Media
4 мин оқу 34 оқылым

Қара жердің бетінде өмір сүріп жатқан кез-келген халықтың жүріп өткен жолының сүрлеу-соқпағына зер салсаңыз, өнердің басқа түрімен салыстырғанда, сөз құдіретіне ерекше мән беріліп, сөз киесінің айрықша бағаланып келгенін аңғарарыңыз анық. Жазушы Ғабит Мүсірепов дүниеден өтерінің алдында “әдебиет ұлы болмаған жерде, ұлттың ұлы бола алмайтындығын ұмытпайықшы” деген сөздерді осы асыл ұғымның былғанып қалуынан қауіптенгендіктен айтса керек.

Кез-келген халықтың ұлттық болмысы ең әуелі сөз өнері арқылы танылады. Сөздің салмағы арзандаса, ұлттың басынан бағы тайғаны.

«Қаршадайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жетіккен Мағжан қазақ поэзиясына сол балғын шағында ерекше аса талантты болмысымен келді... Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов. М.Жұмабаевтың дүниеге келгеніне биыл 130 жыл толуына орай, ақын шығармашылығына арнап бір-екі ауыз сөз ойымды ақ парақ пен қара сияның күшімен жастарға жеткізсем деп едім.

Екі ананы тел емген Мағжан қазақ ауыз әдебиетінің тұнығына қана отырып, жарқ етіп шыққан Абай поэзиясын өзіне мектеп етті. Сонда біз Пушкин, Лермонтовтан бастап бүкіл орыс поэзиясын игерген, орыс тілі арқылы әлем поэзиясымен еркін тыныс алған, жасы жиырмадан жаңа ғана асқан жалынды Мағжан ақынды көрдік...

Мағжан жүрегіндегі халқына деген махаббат оның поэзиясынан ерекше орын алады. Ол езу, көрген қорғансыздыққа ұшыраған күйзелу үстіндегі халықты қанша аяса да, жаралы жанның ыңыранған ауыр күйін суреттесе де, халықты бейшаралыққа айналдырмайды.

Ол жырлаған халық тағдырына қол қусырған, жерге ғана үңілген, аяғының астынан арғыны көрмейтін, титығы жеткен мүсәпір халық емес. Мағжан поэзиясында үнемі ой үстіндегі, қимыл үстінде көрінетін халық бар.
Кең даладағы шапқан ат, ат құлағында ойнаған, асаумен алысқан сағыныштарын ән-күймен түсіндіретін, жасыл даласын, жайқалған орманын, көл-дариясын сүйетін халық бар. Адам мен жер – Мағжан поэзиясының ең күшті халықтық рухы.

Сүйіспеншілік – Мағжан поэзиясының өзегі, қаны, жаны, жүрегі. Оның «Сүй, жан сәулем», «Төгілген шашы», «Күміс нұрлы ай», «Шолпан», «Сүйгенім анық», «Хор сипатты қарындас», «Жас сұлуға», «Сәуле», «Гүлсім ханымға», «Жұлдызды жүзік, айды алқа ғып берейін» т.б. өлеңдерінде адам жанының сүйгеніне деген не бір тылсым сырлы әсем өрнек тапқан. Осы өлеңдерінің қай-қайсы болса да өзінше бір әлем, бір-бірін қайталамайды. Шетінен самалдай соғып, жібектей желпіп, жүректі тербетіп, ғажап бір күйге бөлейді.

Аннотацияны 3 тілде жазып беру керек пе?Аннотация 3 тілде Мақаланы жүктеңіз: аннотация, кілт сөздер, ӘОЖ, ГОСТ әдебиеттер · тіркелусізӘОЖ · ГОСТ · Word Рәсімдеу

Мағжанның аз да болса сазды, салиқалы ғылыми мақалалары бар, солардың ішінде де қазақ тіл мәселесіне қатысты пікірлері терең талдауды қажет етеді. Мағжанның «Қазақ тілі» атты өлеңінде: «Алтын күннен бір бағасыз белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың» деп тебіренеді. Бұндағы айта кететін мәселе тіл тағдыры туралы қазақ зиялылары аз жазған жоқ, бірақ Мағжанның «Қазақ тілі» өлеңіндегі «жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім, Таза өткір күшті кең тілім» деп айтқанының мәнінде қазақ сөзі, сөйлеу мәдениеті тағылымындағы әлеуметтік сұраныс тудырып тұрған көкейкесті мәселесі бүгінгі күнде де өз құндылығын арттырмаса кемітпейді. Бұл ақынның рухани қазынаны жете ардақтауы, ұлт санасында қалдыруға деген ұмтылысы. Оған мына сөзі дәлел болады. «Өткен дәуірдегі теңіздей тұңғиық әдебиетіміздің бізге бұл күнде адасқан ұшқындары, тенті­реген тамшылары ғана жетіп отыр. Баяғыда отыз күн, отыз түн айтылатын Қобыландылардың ауызда адасып, азғантайы ғана қалған. Талай түндерге созылған ертегілердің басы қайырылып, аяғына жетіп, шоп-шолақ болып қалған» Мағжан сияқты ұлт зиялыларынан бастау алған тіл тазалығы үшін күрес бүгінгі күнде де толастаған емес.

Әлімсақтан белгілі, ең алдымен әдебиет – ар алдындағы ақиқаттың айнасы. Кез-келген ұлттың ар-ұятының өлшемін, сана-сезімінің қаншалықты өскенін, парасат-пайымының қаншалықты биіктегенін олардың әдебиетін оқу арқылы танып-білуге болады.
Қорыта келе, Мағжанның қай өлеңін алсаң да белгілі бір ырғақпен, әдемі әуезбен, сөз өнерінің сиқырлы әлеміне тарта береді. Сондықтан да Мағжанның «суретті, кестелі, көркем сөзі» ешкімге ұқсамас өзіндік өрнек. Мағжан – қазақ поэзиясында өзіндік жаңашылдығы мен дәстүр қалыптастырған, соны ізденістері арқылы өзіндік өнерпаздығына ғана тән әдеби әдістер әкелген ақын. Ол қазақ лирикасына сыңғырлаған нәзік әуез нәрін құйып, ұлттық рухты ұлттық сезімнен қуат алған өзгеше үнмен жырлады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қанарбаева Б. Жырымен жұртын оятқан. Алматы: Ана тілі, 1998. – 232 б.

2.Қазақ әдебиетінің тарихы, 7-том. Алматы: ҚАЗақпарат, 2004. – 462 бет.

3.Ысқақұлы Д. Әдебиет алыптары. – Астана: Фолиант, 2004. – 304 бет.

4.Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті: Оқулық. Алматы, 2012. – 408 бет.

Жубаназарова Н.С.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

психология ғылымдарының кандидаты, профессор

Нусупова П.Е.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Филология факультеті, 1-курс магистранты

Жұмысыңызды тапсырмас бұрын тексеріңізМәтінді тексеру Сауаттылық, құрылым, ғылыми стиль, ГОСТ — түзетулерімен · тіркелусізҚателер түзетуімен Тексеру

Соңғы жаңарту: 26 қараша 2025, 13:35

Авторы
Жубаназарова Назираш Сулейменовна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Университет

Әдебиеттер тізімін ГОСТ бойынша рәсімдеу: 20 дайын үлгі

Әдебиеттер тізіміндегі қате бірден көзге түседі: қиғаш сызық жоқ, бет аралығы түсіп қалған, сайттың қаралған күні жазылмаған. ГОСТ 7.1–2003 мен ГОСТ 7.0.5–2008 талаптарын, мәтіндегі сілтемені, тізімді реттеу тәсілдерін және 20 дайын үлгіні бір жерге жинадық.

Bilimger Media 13 мин
Университет

ӘОЖ коды (УДК): не үшін керек және мақалаға қалай анықталады

ӘОЖ коды мақаланың ең бірінші жолында тұрады, бірақ студенттер оны жиі қате таңдайды. Жүйенің құрылымын, көмекші белгілерді, жиі пәндерге үлгі кодтарды, МРНТИ-ден айырмасын және кодты өз мақалаңызға анықтаудың 6 қадамын түсіндіреміз.

Bilimger Media 10 мин
Университет

Магистрант жарияланым талаптары: қанша мақала, қайда және қашан

Магистрантқа қанша мақала керек, қай басылым есептеледі, қашан жариялау керек? Талапты ЖОО ережесі, кафедра және ғылыми жетекші анықтайды. Нұсқаулықта жарияланым түрлері, екі жылдық жоспар, ресми тізім үлгісі және кафедраға қоятын сұрақтар бар.

Bilimger Media 10 мин
Университет

Аннотация үлгісі: қазақ, орыс, ағылшын тілінде қалай жазылады

Ғылыми мақала мен дипломдық жұмысқа аннотация жазудың толық нұсқаулығы: бес бөліктен тұратын құрылым, көлемі, кілт сөздер, бір мақалаға қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі дайын үлгі, сөйлем клишелері және машиналық аударманың жиі қателері.

Bilimger Media 12 мин