Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Сүйікті ойыншықтар»

кенесбаева сауле
2 мин оқу 373 оқылым

Жанова Мереке Хыдыровна

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

№16 «Ертегі» балабақшасы

Қызметі: тәрбиеші

Материал тақырыбы: «Сүйікті ойыншықтар»

Білім беру саласы: Коммуникация.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Сүйікті ойыншықтар.

Мақсаты:а) Ойыншықтар туралы әңгіме құрастыру, ойыншықтардың аттарын атай білуге, оларды сипаттап айтуға үйрету.

ә) «Ң» дыбысын қайталау, дұрыс айтуға жаттықтыру.

б) ойыншықтарды күтіп, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: жұмсақ, резеңке.

Көрнекіліктер:№8 демонстрациялық материал. (түрлі ойыншықтар суреттері), №8 үлестірмелі материал (түрлі ойыншықтар суреттері).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Балаларды ойын бұрышында ойнату.

Сөздік жұмыс: Ойыншықтар, қуыршық, машина.

Билингвальды компонент: Ойыншықтар – игрушки, қуыршық - кукла, машина - машина.

Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтің іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңберіне тұрғызады.

Дос болып біз жүрейік,

Ойнайық та күлейік.

Достық деген тамаша

Міне, тұрмыз жараса.

-          Балалар, бүгін ерекше күн. Біз бүгін ойыншықтар әлеміне саяхатқа шығамыз.

Шаттық шеңберіне тұрады, қолдарын көтеріп, қимылмен көрсетеді.

Қуанады.

Ұйымдастырушылық –ізденістік

-          Балалар, сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдер ме?

(демонстрациялық көрнекілікті қолдану)

-          Қандай ойыншықтың түрлерін білесіңдер?

Билингвальды компонент: ойыншықтар- игрушки, қуыршақ-кукла, машина-машина.

Ойыншықтардың темірден, ағаштан, резеңкеден жасалатынын және матадан тігілетінін айтады. Есік қағылады. Қонаққа сиқыршы келеді.

-          Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Қазір мен сендерді өзімнің сиқырлы әлеміме қонаққа апарамын. Барасыңдар ма? Ендеше, бәрің көздеріңді жұмыңдар.

Алақай, малақай! Суф! Суф!

Ал енді көзімізді ашамыз.

-          Шынында да қараңдаршы, біз көп ойыншықтар әлеміне тап болдық.

2-3 ойыншықты көрсетеді. (машина, қуыршақ, доп).

Мынау не? Машина. Ол қандай? Машина жүргенде «ың-ың-ың» дыбысын шығарады екен. «Ң» дыбысын айтайық. Қайталаймыз. Қайталайды. Балалар басқа да ойыншықтарын сипаттайды (атын атайды, үлкен, кішкентай және жұмсақ, қатты екенін, неден жасалғанын ажыратады).

Сиқыршы: Балалар, мына ойыншықтарды сендерге сыйға тартамын, топқа барғанда ойнайсыңдар, ойыншықтарды ренжітпей, ұқыпты ұстап ойнаңдар.

Олай болса көзімізді жұмып, тобымызға оралайық.

Сиқыршы балалармен қоштасып шығып кетеді.

Сергіту сәті:

Құлыншағым, құндызым,

Құлдырайды, шабады.

Жылтыңдаған жұлдызым

Құстай қанат қағады.

(І.Жансүгіров)

№8 үлестірмелі материалмен жұмыс.

Ойын шарты: ойыншықтардың арасынан допты, қуыршақты және керікті табу.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сүйікті ойыншықтарын сұрау.

-          Иә!

-          Қуыршақ, машина, доп, қонжық, аю, қоян, балапан т.б.

Ойыншықтар – игрушки, қуыршық - кукла, машина – машина сөздерін қайталайды.

Сәлемдеседі.

-          Иә! Көздерін жұмады.

-          Көздерін ашады, түрлі ойыншықтарды көреді.

Ойыншықтарды атап, сипаттайды.

-          Мынау – машина.

-          Ол қатты, қызыл, әдемі.

«Ың-ың-ың» деген дыбыс шығарады.

Қоштасады.

Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.

Балалар үлестірмелі материалдармен жұмыс жасайды.

Рефлексиялық

түзетушілік

-          Бүгін бізге қонаққа кім келді?

-          Қайда бардық?

-          Нені көрдік?

-          Өздерің ойыншықты қалай күтіп ұстайсыңдар?

Педагог сұрақ-жауап арқылы ойыншықтар жайлы білімдерін қорытындылап, балаларды мадақтайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: әр ойыншыққа сипаттама беру және оларды ойыншықтардың арасынан табу тәрізді тапсырмаларды;

Түсінеді: ойыншықтарды, ұқыпты, күтіп ұстау керектігін;

Қолданады: дыбыстарды дұрыс айту дағдысын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

кенесбаева сауле

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

«Өзін-өзі тану» әлеміне саяхат.

Балабақшадағы «Өзін-өзі тану» оқу қызметіне арналған материалда балалардың жақсы істері, өзара қамқорлығы мен сүйіспеншілігі туралы тапсырмалар берілген.

кенесбаева сауле 3 мин 409 оқылым
Балабақша

«Ойлан, тап»

Балалардың жыл бойы алған білімін бекітуге арналған қорытынды оқу қызметі. Жоспарда санау, пішіндер, кеңістікті бағдарлау және логикалық тапсырмалар қамтылған.

кенесбаева сауле 3 мин 583 оқылым
Балабақша

«Табиғат бұрышындағы тоты құсты бақылау»

Балабақшадағы экология сабағында балалар тотықұстың дене мүшелерімен, қоректенуімен танысып, құстарға қамқор болуды үйренеді.

кенесбаева сауле 2 мин 807 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 315 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 16 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 95 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым