Мазмұнға өту

«Өзін-өзі тану» әлеміне саяхат.

кенесбаева сауле 3 мин оқу 408 оқылым

Ыгылова Бактыгуль Нургалиевна

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

№16 «Ертегі» балабақшасы

Қызметі: Тәрбиеші

Материал тақырыбы: «Өзін-өзі  тану»   әлеміне  саяхат»

              Білім  беру    саласы:  Әлеумет.

              Ұйымдастырылған     оқу  қызметі:   «Өзін-өзі  тану»

              Тақырыбы:  «Өзін-өзі  тану»   әлеміне  саяхат.

              Мақсаты:  «Өзін- өзі  тану»  әлемі  туралы   түсініктерін кеңейту.

              Білім    беру: -  адам  бойындағы  құнды  қасиеттер  туралы  түсініктер   беру.

              Дамыту:  -  жақсы   істер  жасай  білу  іскерліктерін  дамыту..

              Тәрбиелеу: -  өзара  қамқорлыққа, сүйіспеншілікке, татулыққа   тәрбиелеу.

              Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, көрсету,  сұрақ- жауап,  сергіту   сәті,   мадақтау,  қорытынды.

              Көрнекі  құралдар: «Өзін-өзі  тану»  әлемінің  картасы,  түрлі  түсті  қарындаштар.

Әрекет    кезеңдері

Тәрбиешінің    іс-әрекеті

Балалардың  іс-әрекеті

Мотивациялық     қозғаушы

Педагог  балаларды шеңберге  жинап, «Шаттық   шеңбері» туралы  әңгімелесе

ді. – Балалар, бүгін  мен  сендермен  осындай  әсем, жарық, кең  бөлмеде  кездескеніме  өте  қуаныштымын. –Қане, балалар, бәріміз  бір-біріміздің  қолымыздан  ұстап, шеңбер  құрып  тұра  қалайық! – Балалар, шеңбер  неге  ұқсайды? Педагог  дөңгелекке  ұқсайтын  бірнеше  суреттер  мен  заттарды  көрсетеді.- Балалар, доппен  ойнаймыз, күн  жарық, жылуын  береді. Күн  болма

са  не  болады?

Балалар  шеңбер  құрып   тұрады.

Балалар  педагогты  мұқият  тыңдап, жауап  береді:

Шеңбер   машинаның  дөңгелегі

не, күнге, алмаға, допқа ұқсайды.

Балалардың   жауаптары:

Күн  болмаса  қараңғы  болады,  біз  қорқамыз.

Іздену-  ұйымдастырушы

Педагог  балаларға  түрлі  суреттері  бар үлестірмелі  карточкаларды  ұсынады, балалар  тыңдаулары  бойынша  алады. Педагог  балалардың алған  карточкала

рындағы  бейнеленген  суреттерге  қарап, бір-бірлеріне  тілек  айтуларын  сұрайды

Педагог  балаларға  Ө. Тұрманжановтың  өлең  жолдарын  хормен  қайталауды  ұсынады:

Кел   балалар,  күлейік!

Күлкіменен  түлейік!

Қабақ  түйген  не  керек,

Көңілді боп  жүрейік!

Ойын: «Мен  де  жақсы  бала баламын»

Педагог  балаларды жағымды  істерге  жұмылдыру  мақсатында  «Мен  де жақсы  бала  боламын»  ойынын  ойнау

ды   ұсынады.Педагог  балалардан көрген

суреттері  арқылы  өздерінің  де  істеген  жақсы  істері  туралы  айтып  берулерін  сұрайды.

Дәптермен  жұмыс 

Педагог   балаларға  әліппе  дәптерде  берілген  картаның  бірінші  аялдамасын  боятып,  суреттің  мазмұны  бойынша  әңгіме  жүргізіп,  саяхатты  бастап,  алғашқы  қадам  жасағандарына  назарла рын  аударады.Педагог  балаларды  келесі  көмекші  құрал – Хрестоматиямен  таныстырады.

Дәйексөз

Педагог  балаларға  «Сүйіспеншілік  - жүректен» - деген  халық  даналығының  мағнасын  ашып  түсіндіреді. Педагог  қолына  жұмсақ  ойыншық  жүректі  алып,  төмендегідей  әңгіме  жүргізеді.

- Балалар,  менің  қолымдағы  ойыншық  қалай  аталады?

- Әрқайсымыздың  осындай  жұмсақ  жүрегіміз  бар.

- Қандай  ғажап! – Балалар,  біз  қуансақ, біздің  жүрегіміз  де  күлімдеп  тұрады  екен.

Ғажайып  сөздер.

Педагог  ғажайып  сөздердің  мағнасын  түсіндіреді.

«Балалар, әр  сабақта  біз  жақсы  сөздерді кездестіреміз. Бұл  сөздер  жай  сөз  емес – жылы,  ғажайып  сөздер. Ғажайып  сөздер  арқылы  біздің  бойымызда бір  жақсы  өзгеріс  пайда  болады,  жақсы  бала  болуға  көмектеседі.»

Қорытындылау:

Балалар, біз  бүгін  «Өзін-өзі  тану»  әлеміне  саяхатымызды  бастадық. Бұл  саяхатта  біз  көмекші  құралдармен:  дәптер, хрестоматия,  картамен  таныс- тық. Жақсы  бала  қандай  болу  керек?Ол  жақсылық  жасай білетін, сүйіспеншілігі  мол,айналасына  қуаныш  сыйлайтын  бала  екен.Жақсылық,  сүйіспеншілік, қуаныш  сөздерімен  таныстық.

Жүректен   жүрекке:

Педагог  балаларға  жұмсақ ойыншық  жүрекше  ұсына  отыра, бір-біріне  жақсы  тілектерін  айтуды  ұсынады.

«Керемет» біздің  жүректеріміз  қуанып  тұр.

Балалар  сол  сурет  арқылы  бір-біріне  жылы  сөздерін   айтады:

Нұрасыл: Сұлтанбек  күндей  жылы  бол!

Досжан: Аяна  алмадай  тәтті  бол! т.с.с.

Балалар   өлең  жолдарын  қайталайды:

Кел   балалар,  күлейік!

Күлкіменен  түлейік!

Күлкі  көңіл  ашады,

Күліп  өмір  сүрейік!

Балалардың  жауаптары:

 Ильяс: мен  де  атама  орнынан  тұруға  көмектесемін.

 Аружан: мен  де  сіңлімммен  ойыншықтарымен  бөлісемін.

 Махаббат: мен  де  ата-анамның  айтқанын  тыңдаймын.

Балалар   педагогтың  таныстыр

ған  дәптердегі  картадағы  аялдамалармен  және хрестоматиямен     танысады.

Балалар «Сүйіспеншілік  - жүректен» деген  халық  даналығын  сабақ тың   дәйексөзін  үйреніп,  қайта   лап   айтады. Балалар  жүрекше  деп  жауап  береді. Әрбір  адамның  жүрегі  соғатыны  туралы  айтады.Балалар  педагогтың  ұсынысымен  алақандарын  жүрегінің  тұсына  қойып,  лүпілін  тыңдайды.

Балалар  сабақта  өткен  ғажайып  сөздерді  педагогтің  көмегімен  қайталайды.

- Жақсылық,  сүйіспеншілік,  қуаныш.....

- Біздер,  бүгін  «Өзін-өзі  тану»   әлеміне   саяхатқа  бардық.

Бір-бірімізбен  жылы  сөздерді,  тілектерді  алдық. Өзін-өзі  тану  дәптерімен,  хрестоматиясымен  және  картасымен  таныстық. Жақсы  бала  деген  тәртіпті,  ақылды, үлкендерді   сыйлайды, кішілерге  көмектеседі.

Балалар  шеңбер  құрып  тұрады.

- Мен  саған  қуаныш  тілеймі.

- Мен  саған  сүйіспеншілік  тілеймін.

- Мен  саған  жақсылық  тілеймін.

Күтілетін    нәтиже:

Білу   керек: Балалар адам  бойындағы  құнды  қасиеттер  туралы  түсінік   алады.

Болуы   керек: Баланың бойында сүйіспеншілік,   әдептілік,қамқорлық қасиеттері болу  керек.

Баланың    қолынан  келуі:  Бала  үлкенді  сыйлау,  кішіге  көмектесу  қасиеттері

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

кенесбаева сауле

Автордың басқа материалдары

Балабақша

«Сүйікті ойыншықтар»

Жанова Мереке Хыдыровна Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №16 «Ертегі» балабақшасы Қызметі: тәрбиеші Материал тақырыбы: «Сүйікті ойыншықтар» Білім беру саласы: Коммуникация. Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: Сүйікті…

кенесбаева сауле 373 оқылым 2 мин
Балабақша

«Ойлан, тап»

Спандиярова Рахила Абылайқызы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №16 «Ертегі» балабақшасы Қызметі: Тәрбиеші Материал тақырыбы: «Ойлан, тап» Білім беру саласы: Коммуникация. Таным. Әлеумет. Ұйымдастырылғын оқу қызметі:…

кенесбаева сауле 582 оқылым 3 мин
Балабақша

«Табиғат бұрышындағы тоты құсты бақылау»

Караева Аксана Аманкосовн Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №16 «Ертегі» балабақшасы Қызметі: Тәрбиеші Материал тақырыбы: «Табиғат бұрышындағы тоты құсты бақылау» Тақырыбы: Табиғат бұрышындағы тоты құсты бақылау. Білім…

кенесбаева сауле 807 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 65 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин