Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Шайыр ауылынан шыққан зайырлы Есбол әуле

Байболова Мейрамгул Габитовна
1 мин оқу 48 оқылым

Туған жердей – жер болмас,
Туған елдей – ел болмас…
деп жырлағандай менің кіндік қаным тамған жер қасиетті де, киелі мекен Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы – Шайыр ауылы. Шайыр ауылының табиғаты сұлу, ауасы таза, суы мөлдір. Ауылымның көркіне көз тояды. Әсем үйлері көше бойлап, қаздай тізіліп тұр. Әр үйдің ауласынан асыр салып ойнаған баланы, бірін-бірі қуалаған қозы-лақты көресің. Көшесіне шықсаң – шексіз Қара тау ауылымды қоршап тұр. Соларға бір қарап тұрудың өзі бір ғанибет қой!!!
Шайыр ауылының аңыздары мен тарихи әңгімелерінің ғажайып суреткерлігі, тіл орамының кестелігі, көркемдігі, шендестіруге байлығы, қиялының кең құлаштығы назар аудартады.
Маңғыстауда 362 әулие орналасқан деп жатамыз, сол әулиелердің бірі Қаңғырғазы әулие, Есбол әулие, Бала әулие, Кәді әулие және де т.б. әулиелер Шайыр ауылының маңында орналасқан. Және осы әулиелердің өзіндік тарихи дастаны бар.

Шайырдың қасиетті торқалы топырағында киелі орындар да аз емес. Мұндай әулиелі атаулы жерлер ел сенімінен берік ие болған,зиярат етіп,алладан тілек тілеген,көне ғасырлар куәсі іспеттес.Ал мұндай қасиетті орындарды, қастерлеп,кейінгі ұрпақтарға бойтұмар есебінде сыйлау,тарихи орындар ретінде жете,рухани нәр есебінде таныстыру парыз.Әулиелік  орындарда  соңғы жылдары түнемелік жайлар салу үрдіс алып келеді.Әулиелердің тұнып тұрған құпия сырлары,өзіндік шежіресі ұшан-теңіз.Ата-бабалардың әруағы қолдай жүрсін деп біз төменде Шайыр маңындағы әулиелік орындар туралы қысқаша баяндаймыз:

Есбол әулие

Шайыр ауылынан шыққан зайырлы кісілердің бірі Есбол деген кісі екен.Оны жергілікті  халық күні бүгінге дейін әулие тұтады.Ол емсек,шипагер,сынықшы,Қаратау бойында өсетін дәрілік шөптердің тілін білетін,тани білетін және көріпкел,болжампаздығы ерекше болған.Есболға Маңғыстаудың аяқ жетер жеріндегі сырқат адамдар ойдан да, қырдан да ат ізін суытпай келіп жатады екен. «Ай,бір Есекеңе жетсем жазылып кетер едім-ау» деп зор сеніммен келушілер аз болмаған.Есбол әулиенің басына түнеушілер қазіргі кезде де кездеседі.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Байболова Мейрамгул Габитовна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Информатика

Информатиканы оқыту процесінде оқу проектілерін қолданудың алғы шарттары мен талаптары

Материалда информатиканы оқытуда оқу жобаларын қолданудың алғышарттары мен талаптары, компьютер мен жаңа ақпараттық технологиялардың оқу үдерісіндегі мүмкіндіктері қарастырылады.

Байболова Мейрамгул Габитовна 4 мин 43 оқылым
Информатика

Авторлық құқық», «плагиат» ұғымдары

Материалда авторлық құқықтың мәні, автордың жеке және мүліктік құқықтары, олардың қолданылу мерзімі мен Қазақстан заңнамасындағы баптар таныстырылады.

Байболова Мейрамгул Габитовна 2 мин 645 оқылым
Жалпы рубрика

Информатика сабағында дидактикалық ойындарды қолдану ерекшеліктері.

Материалда информатика сабағында дидактикалық ойындарды қолдану ерекшеліктері және олардың оқушылардың қызығушылығы мен ойлауын дамытудағы рөлі қарастырылады.

Байболова Мейрамгул Габитовна 7 мин 68 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым