Мазмұнға өту

Информатиканы оқыту процесінде оқу проектілерін қолданудың алғы шарттары мен талаптары

Байболова Мейрамгул Габитовна 4 мин оқу 43 оқылым

Қоғамның қарқынды ақпараттану дәуірінде адамның жан-жақты дамуы үшін ақпаратты жинақтай білудің, болжамдар мен қорытындылар жасай білудің және жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызды роль атқаратындығы көпшілікке түсінікті. Осыған орай , ең алдымен «Информатика» пәнін оқытудың алатын орны ерекше.

     Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту программасының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік эксприментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады.

Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалык формулалар, физикалык шамалардьң өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың динамикалык бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык жүйе кұрамында электрондық құрырғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Жаңа ақпараттық технология құралдарын информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:

өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;

құбылыстарға модельдер кұра біледі.

Программалауды оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардъң еңбек ету мен дағдысының жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Келтірілген түсініктемелер, ақпараттық мәдениет ұғымы компьютерлік сауаттылылықтың жаңа және алдыңғы ұғымдары біршама кеңейтілген компоненттерінен құрылғандығын білдіреді.

Сондықтан «ақпараттық мәдениет» ұғымына енетін барлық жаңа түсініктер ЭЕМ көмегімен есеп шығаруға арналған математикалық модельдеу әдістерін қолдану мәселелеріне ерекше қатысты болады. Практикалық есептерді шешудің барлық кезендерін қарастыру әрекеті мен математикалық модельдеу әдісі туралы алғашқы мәліметтерді мектептің білім беру мазмұнына енгізу көптен бері ғалымдар мен әдіскер-математиктердің басты мақсаты болып келеді. Оқушыларға оның мазмұнын пайдалы және көрнекі түрде ашуға мүмкіндік беретін, бірақ әдістемелік өңдеуге оңай берілмегенімен, жаратылыстану ғылымының бұл бөлімі өте қызығарлық білім мен дүние танымдық күшке ие. Міне, сондықтан математикалық модельдеу идеясын бейнелеуге тырысуды біз мектеп «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің алғашқы бағдарламасынан табамыз [2,32 6-б.].

Жаңа бағдарламада тағы да бір мақсаттың кеңеюін көрсетейік – компьютерлік сауаттылық компоненті бұрынғы редакцияда ЭЕМ-мен «қарым-қатынас» дағдыларын дамыту болса, ал жаңа жүйеде «қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің негізгі түрлерін жетік пайдалану» және «осы жүйелердің қызметі негізіне жататын негізгі принциптерді түсіну» дағдыларымен сәйкес келеді.

Бұл кезеңде мектептің информатика курсының мазмұнды әдістемелік саласы ретінде ақпараттық технологиялар бөлімін тұрақтандыру мақсатында жүмыс істейтініміз белгілі.

Информатика саласынан оқушыларға білім беру мақсатының даму эволюциясын схема түрінде былай белгілеуге болады:

АлгМ®КС®АқМ®?

Тізбектің соңындағы сұрақ белгісінің сақталуы толық түсінікті.

Оқушылардың ақпараттық мәдениетінің бағдарламаның

«машиналық» нұсқасымен бірге енгізілген жаңа түсінік сол уақытта жарияланған компоненттердің қатарына тұйықтала алмады, бұл оқыту мақсатының дидактикалық сипаттамасына қарама қайшы келеді.

Сонымен бірге, «ақпарттық мәдениет» термині мектепте білім берудің информатика саласындағы мақсатымен ұзақ теңестіруге керекті жеткілікті ойдағыдай тұжырымдау тапты.

Ал қазірггі кезеңде ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қажет екені белгілі болып отыр.

Оқытудың әдістемелік жүйесі дегеніміз – оқушыны оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған, оқу процесінің өзара байланысқан және бір-біріне себепші болатын оқыту түрлерінің, формаларының және жоспарлау мен өткізу құралдарының, бақылау мен сараптаудың, түзетулерінің реттелген жиынтығы [23, 322-б.].

Информатканы оқыту әдістемелік жүйесі – оқыту тәсілдерін алгоритмдеу, жүйелеу, мақсатты анық тұжырымдау негізінде мұғалім мен оқушылардың өзара әр алуан әрекеттестіктерін қамтиды. Сондықтан жүйеде үйретуші (мұғалім) – сабақтардың жетекшісі, ал, үйренуші (оқушы) – оқу объектісі болып табылады (1.3-сурет).

Информатиканы қазіргі оқыту әдістемелік жүйесінің өзіндік сипаттамалары [27]:

оқу процесін ғылыми негізде жоспарлау;

теория мен практикалық дайындықтың бірлігі;

оқу материалын оқытудың жоғарғы деңгейдегі қиындығы мен оны жеделдете оқытылуы;

оқушылардың белсенділігі мен өз бетінше ізденімпаздығы;

жеке және ұжымды іс-әрекетерді бірлестіру;

оқу процесін техникалық оқыту құралдарымен жабдықтау; - әртүрлі пәндерді кешенді түрде оқыту тәсілдері.

Информатиканы оқытып, үйретудің мақсаттары жалпы білім беретін орта және кәсіптік бағдар беретін мектептерде тәрбиелеу мен білім берудің жалпы мақсаттарымен, сонымен бірге ғылыми өзгешелігі, қазіргі қоғамдағы және ғылымдар жүйесіндегі алатын орнымен анықталады.

3-сурет. Оқытудың әдістемелік жүйесі

Құралда информатиканы оқыту осы ұстанымдардың негізінде қарастырылады. Информатиканың әдістемелік жүйесінің негізгі компоненттерінің мазмұны мен өзара байланысы айқыналады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Байболова Мейрамгул Габитовна

Автордың басқа материалдары

Информатика

Авторлық құқық», «плагиат» ұғымдары

Авторлық құқық -программалық бұйымды әзірлеуге қатысты автордың құқықтық жағдайын анықтайтын заң шығаратын нормалар жиынтығы. Авторлық құқық деген не? Автордың туындысы - оның меншігі. Ал, әңгіме меншік құқығына…

Байболова Мейрамгул Габитовна 645 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Информатика сабағында дидактикалық ойындарды қолдану ерекшеліктері.

Информатика сабағында дидактикалық ойындарды қолдану ерекшеліктері. Өркениетті қоғам дамуының қазіргі кезеңі орынды түрде ақпараттандыру кезеңі деп аталады. Бұл кезеңнің тән ерекшелігі - қазіргі заманғы ақпараттық…

Байболова Мейрамгул Габитовна 68 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Шайыр ауылынан шыққан зайырлы Есбол әуле

Туған жердей – жер болмас, Туған елдей – ел болмас… деп жырлағандай менің кіндік қаным тамған жер қасиетті де, киелі мекен Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы – Шайыр ауылы. Шайыр ауылының табиғаты сұлу, ауасы таза, суы…

Байболова Мейрамгул Габитовна 47 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Информатика

Информатика – болашаққа апарар цифрлық көпір

С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Аннотация Бұл мақалада қазіргі білім беру жүйесіндегі информатика пәнінің рөлі мен маңызы жан-жақты қарастырылады. Информатика сабағының оқушылардың…

Мусаева Мария Алтинбековна 63 оқылым 2 мин
Информатика

Киберқауіпсіздік негіздері: мектеп оқушыларына арналған интерактивті нұсқаулық

Түркістан Облысы, Түркістан қаласы №4 С.Сейфуллин атындағы мектеп-лицей Информатика пәнінің мұғалімі Қазақша аннотация Бұл ғылыми жоба мектеп оқушыларына арналған «Киберқауіпсіздік негіздері» тақырыбында интерактивті…

Маханбетова Жансая Изетуллақызы 187 оқылым 9 мин
Информатика

Информатика сабағында жасанды интеллект құралдарын қолдану: авторлық тәжірибе

“Шалқар орта мектебі “ КММ Информатика пәні мұғалімі Қазіргі таңда білім беру саласында цифрлық технологиялардың рөлі артып, мұғалімнің кәсіби қызметінде жаңа тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. Өзімнің…

Нурекенова Дариха Сарсеновна 161 оқылым 1 мин
Информатика

Цифрлық құралдармен бiлiмгерлердiң уақытын ұйымдастыру

“Қ. Байсейітов атындағы саз колледжі” Информатика мұғалімі Аңдатпа Бұл мақалада цифрлық құралдардың бiлiмгерлердiң уақытын тиiмдi ұйымдастырудағы рөлi қарастырылады. Цифрландыру дәуiрiнде бiлiм алушылар үшiн уақытты…

Кенжебаева Айдана Болатканкызы 51 оқылым 5 мин