Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Сақтардың қоғамдық құрылысы

Автор

Актымбаева Махаббат Бакыткызы
3 мин оқу 904 оқылым

Актымбаева Махаббат Бакыткызы

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың типі: (баяндау, әңгімелеу) аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, пікірлесу, сызбалармен жұмыс, кітаппен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Өткен сабақпен байланыстыра отырып, сақтардың қоғамдық құрылысының ерекшеліктеріне тоқталу, жауынгерлер, малшылар, абыздар арасындағы таптық жіктелудің себебін ашып көрсету.
2) Дамытушылық: Қоғамдық құрылысына талдау жасау негізінде оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру, қорытынды жасай білуге үйрену, ой қабілетін дамыту.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке үйрету және де болашақ өз елінің адал азаматын тәрбиелеу негізінде отанға сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру:
1 - 2 мин.
II Үй тапсырмасын сұрау.
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы.
1)  1. Сақ тайпасына жалпы шолу.
2. Сақтардың тұрмысы.
3. Сақтардың шаруашылығы.

  1. «Кім шапшаң»
    Сұрақтарға жауап беру.
    1) Сақтар қандай баспаналарда тұрды?
    2) Сақтар қандай мал түрлерін көп өсірді?
    3) Қолөнердің қандай түрлерімен айналысты?
    4) Сақтардың сусындары?
    5) Сақтардың азық - түліктері.
    6) Темірден жасалған бұйымдары.
    7) Жылқы малын неге қастерледі?
    8) Сақтарда егіншілік қалай дамыды?
    9) Бағалы металдардан нелер жасады?
    10) Сақтардың киімдері.
    11) Сақтардың қару - жарақтары.
    III Үй тапсырмасын бекіту: 1 - 3 мин.
    Тест сұрақтары оқылады оқушылар жауаптарын береді.
    IV Жаңа сабақты меңгерту.
    1. Сақтардың әлеуметтік құрылысы.
    2. Мүлік теңсіздігінің пайда болуы.
    Сақ тайпаларының іргесін қалаушы Алып Ер Тұңға (Афрасиаб) деген дерек бар.
    Сақтарда мүлік теңсіздігі болған. Сақтарда қару - жарақтардың әр алуан түрлерін өндіру ісі жедел дамыды. Бұл уақытта алғашқы құрылымдық құрылыстың ыдырап, әскери демократияның пайда бола бастаған кезі еді.
    Сақтардың тайпа басшысы → тайпа көсемі болды.
    ------------------------------------ → Ол бас қолбасшы да болды.
    Бүкіл тайпа мүшелері ←---- сайлаушылар болды.
    - Тайпа көсемі – елді басқарды, келіссөздер жүргізді, елдегі мәселелерді шешті.
    - Бас қолбасшы – сақ жауынгерлерін басқарды.
    Сақтар арасында мүлік теңсіздігі пайда болды, малға меншік қалыптасты.

    Археологтардың пікірінше сақ тайпалары мен тайпа одақтары мынадай негізгі топтарға бөлінеді:
    ↓--------------------------------↓------------------------↓
    Жауынгер ----------------- Абыз ------------ Малшы және егінші
    Найза мен садақ ------- Тостаған ------- Соқа мен қамыт
    (Квинт Курций Руф)

Сақ тайпаларының аты мекендері:

  1. Парадарайа (теңіздің арғы жағындағы сақтар)

Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында Сырдария мен Амударияның төменгі ағысы

  1. Тиграхауда (шошақ бөрік киіп жүретін сақтар) Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шаньда, Жетісуда
  2. Хаумаварга (хаома сусынын дайындайтын сақтар) Мургаб аңғарында (Түркіменстан)

Сақтар туралы пікірлер:

1) Гректер сақтарды жоғары бағалап, ең әділ, шыншыл халық деп есептеді.

2) Грек авторы Ктесий «сақ әйелдері ер жүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмектесіп, ұрысқа араласады.

3) ежелгі грек геогрофы Страбонның айтуынша сақтар жақсы шабандоздар болған

V Жаңа сабақты бекіту:
Мыналар кімдер «кім шапшаң»
1. көсем
2. қолбашы
3. абыз
4. жауынгер
5. Малшы

  1. егінші
    VI Жаңа сөздермен жұмыс:
    1. Әскери демократия
    2. Халық жиналысы
    3. Мүлік теңсіздігі
    VII Қорытындылау:
    - Сақтардың ерекшелігі.
    - Нені білу керек?
    - Нені үйрену керек?
    Ежелгі грек тарихшылары «сақтар батыр, жауынгер, «дұшпанына қатал-досына адал»болған.Олар қастасқан жауын аямаған . Батыр жауынгерлерді құрмет еткен» деген сөзбен қорытамын.

VIII Үйге тапсырма:
1. Сақ қоғамы.
2. «Сақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі»
IX. Бағалау.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Актымбаева Махаббат Бакыткызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

§7. Қимақ мемлекетінің құрылуы

Сабақтың мақсаты: Білімділік:ІХ ғасырдың соңы-ХІ ғасырдың басында Қазақстанның солтүстік шығыс, орталық аймағын мекендеген қимақ қағанатының тарихымен таныстыру; Дамытушылық:Оқушыларды қимақ қағанаты мен өзге түрік…

Актымбаева Махаббат Бакыткызы 978 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Тың игеру

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға тың және тыңайған жерлерді игеру, оның негізгі ерекшеліктері жайында жалпы мағлұмат беру, тың игерудің тарихи маңызын, нәтижесі мен салдарын түсінуге жағдай жасау. Дамытушылық:…

Актымбаева Махаббат Бакыткызы 797 оқылым 3 мин
Жалпы рубрика

Тарихтың қайнар көзі – деректер

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тарихи дерек дегеніміз не, оның түрлері, олар қалай пайда болады. Археология, этнография ғылымдары нені зерттейтіндері, олардың тарих ғылымын терең меңгерудегі маңызы туралы білім беру.…

Актымбаева Махаббат Бакыткызы 547 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин