Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тың игеру

Автор

Актымбаева Махаббат Бакыткызы
3 мин оқу 797 оқылым

Актымбаева Махаббат Бакыткызы

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: оқушыларға тың және тыңайған жерлерді игеру, оның негізгі ерекшеліктері жайында жалпы мағлұмат беру, тың игерудің тарихи маңызын, нәтижесі мен салдарын түсінуге жағдай жасау.
  • Дамытушылық: тақырыптың негізгі мәселелерін меңгерту арқылы тарихи оқиғаларға жан-жақты баға бере білу дағдыларын қалыптастыру. Басты мәселелерді, себеп-салдарларды ажырата білуге үйрету, ойлау қабілеттерін дамытуға көмектесу.
  • Тәрбиелік: өткен оқиғаларға сыни көзбен қарау арқылы шығармашылық әрекетке тәрбиелеу, ез елінің тарихын құрметтеу сезімін оятуға көмектесу. Өткеннен тағылым алуға үйрету.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: Қазақстан Республикасының картасы, тың игеру көрінісінің суреттері.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй тапсырмасын сұрау.

Ұйымдастыру кезеңін өткізіп болғаннан кейін үй тапсырмасын сұрауға кірісемін. Өткенді қайталау мақсатында Ұлы Отан соғысына қатысты үш параграф бойынша оқушылардың білімін тексеремін. Онда   алдын ала дайындаған тест тапсырмаларын қолданамын.

Тапсырма :

  • Фашистік Германияның КСРО-ға соғыс ашу жоспары (Барбаросса.)
  • Ұлы Отан соғысы басталған уақыт (1945 жылы 22-маусым).
  • Фашистік Германия КСРО-ны неше айдың ішінде басып алуды көздеді? (3-4 айдың ішінде).
  • Қазақстанда құрылған, Мәскеуді қорғауға қатысқан әйгілі дивизия (316-шы дивизия).
  • Ленинградты қорғауда кеудесін оққа тосып, ерлік көрсеткен батыр (Сұлтан Баймағамбетов).
  • Невель қаласы үшін болған шайқаста ерлікпен қаза тапқан батыр қыз (Мәншүк Мәметова).
  • КСРО-ның екі мәрте батыры, ұшқыш (Талғат Бигелдинов).
  • Ұлы Отан соғысында қаза тапкан КСРО азаматтарының саны (27 миллион) т.б.

Оқушылар жазып болған соң   дәптерлерін жинап алып, жаңадан сұрақтар қоямын. Сұрақтар:

  • Ұлы Отан соғысының әлем тарихында және Қазақстан тарихында алатын орны.
  • Ұлы жеңістің тарихи маңызы.
  • Соғыс зардабы.

Оқушылардың жауабын тыңдаған соң,  өткен тақырыптарға шолу жасап үй тапсырмасын қорытындылап шығамын да жаңа сабаққа кірісемін.

III. Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбымен, жоспарымен және мақсатымен оқушыларды таныстырып өтемін.

         Тақырыптың негізгі жоспары:

  1. Тың және тыңайған жерлерді игеру.
  2. Тың жерлерді игерудің нәтижесі.

Біздің еліміз осындай ірі астықты республика дәрежесіне қалай жетті?         Оқушылар бұл сұраққа өз білгендерінше жауап береді.

Соғыстан кейінгі жылдары КСРО-ның ауыл шаруашылығы өте төмен дәрежеде болды. Коммунистік партияның алдында азық-түлік мәселесін тезірек шешу міндеті тұрды. 1954 жылы компартия «Тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы шешім қабылдады. Жаңадан игерілуге тиіс тың жерлердің басым бөлігі Қазақстанда орналасты.

Қазақстанда тың игеру жүргізілген облыстар.

                  Алғашқы жылы Қазақстанда 6,5 мың га жер жыртылды. Ал тың игеру жылдары Қазақстанда барлығы 25 мың га жер жыртылған екен. Тың игеру үшін одақтас республикалардан көптеген адамдар келді. Олар мемлекет тарапынан көмек алып Қазақстан жерінде қалып қойды.

Мәтінмен жұмыс.

Параграфты оқушылармен бірге оқып шығып, төмендегі кестені толтырамын.

Тың және тыңайған жерлерді игеру нәтижесі
Жағымды (пайдасы) Жағымсыз (зияны)

Тың игерудің пайдасы мен зиянын салыстыра отырып кестені толтырып шығамыз.

Қорытынды кезең

Сабақты бекіту мақсатында төмендегідей сұрақтар қоямын:

  1. Тың және тыңайған жерлерді игерудегі басты мақсат не болды?
  2. Неліктен тыңайған жерлерді игеру көбінесе Қазақстанда жүргізілді?
  3. Тың жерлерді игерудің пайдасын айт.
  4. Тың жерлерді игеру мал шаруашылығының дамуына неліктен кері әсер етті?
  5. Тың жерлерді игерудің экологияға тигізт ең зардабы қандай болды?
  6. Тың жерлерді игеру қазақ халқының ұлттык ерекшелігіне қандай зиян тигізді?
  7. Тың игерудің тарихи маңызы?
  8. Тың жерлерді игеру неліктен солтүстік және орталық облыстарда жүргізілді деп ойлайсың?

Оқушылардың берген жауабын   басқа оқушыға толықтыртып отырамын. Барлық сұраққа жауап алғаннан кейін  басты мәселелерге тоқтала отырып өткен сабақты қорытындылаймын.

Бағалау:

Үй тапсырмасы: Тың игеру тақырыбын оқу.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Актымбаева Махаббат Бакыткызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

§7. Қимақ мемлекетінің құрылуы

Сабақтың мақсаты: Білімділік:ІХ ғасырдың соңы-ХІ ғасырдың басында Қазақстанның солтүстік шығыс, орталық аймағын мекендеген қимақ қағанатының тарихымен таныстыру; Дамытушылық:Оқушыларды қимақ қағанаты мен өзге түрік…

Актымбаева Махаббат Бакыткызы 978 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Тарихтың қайнар көзі – деректер

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тарихи дерек дегеніміз не, оның түрлері, олар қалай пайда болады. Археология, этнография ғылымдары нені зерттейтіндері, олардың тарих ғылымын терең меңгерудегі маңызы туралы білім беру.…

Актымбаева Махаббат Бакыткызы 547 оқылым 4 мин
Жалпы рубрика

Сақтардың қоғамдық құрылысы

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту. Сабақтың типі: (баяндау, әңгімелеу) аралас сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, пікірлесу, сызбалармен жұмыс, кітаппен жұмыс. Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Өткен сабақпен…

Актымбаева Махаббат Бакыткызы 904 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин