Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Санта клаус қайдан пайда болды?

Диас Маликұлы Балтабаев
1 мин оқу 30 оқылым

Әр жылы қыстың басталуымен үлкен қалаларымыздағы дүкендердің сөрелері «рождество» суреттері мен маникендері қаптап алады. Тіпті «санта клаус» киімін киіп көшелерді аралап жүретін адамдарды да көреміз. Ұлттық мәдениетіміздің жаңғырмай, керісінше батыс шикілігінің, әсіресе христиандықтың «санта клаус» (святой Николай) аңыздарының санамызға сіңірілуі көңілге қаяу салары сөзсіз. Тіпті ұлттық мейрамымыз тәуелсіздік күніне осыншалықты көңіл бөліне ме екен деген де сұрақ туындайды. Әр ұлт өзінің мәдени түп-тамырын көтеруі, өзінің әдет-ғұрпымен өмір сүруі қалыпты нәрсе. Бірақ біздің батыстық, тіпті христиандық әдет-ғұрыптарға не қатысымыз бар екен. Жаңа жыл басқа рождество басқа. Жаңа жыл әдет, ал рождество христиандардың діни мерекесі. Бірақ телебағдарламаларда, киноларда, жарнамаларда жаңа жылмен емес, рождествомен құттықтаулары, рождествоны алдыңғы қатарға шығарулары не мақсатта болды екен?

Бәріміз білеміз білімнің ұлты болмайды, техникада да солай. Батыстың білімін, техникасын алуымыз, өркендеуіміз, олардан да озат болуымыз керек. Бірақ батыстың, салт-дәстүрлеріне, жаман әдеттеріне еліктеудің себебі не екен? Орыстармен басқа да азшылықты құрайтын христиан ұлттарды есептемегенде еліміздің көпшілігі мұсылмандар. Әйтсе де «кристмасс» (рождество христово), «святой валентин», «пасха» күндерін тойлайтындардың ұлтжандылығы, діни ождандары қайда қалды екен?.. Сөзді қорытындылай келгенде отандастарымыз, тәуелсіздік, айт,  т.б. мейрамдарға да осыншалықты мән берсе, ұлттық әдет-ғұрыптарымен ұстанымдарына берік болса екен дегім келеді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Диас Маликұлы Балтабаев

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Асқар қаһарман

Материалда Асқар Забикулиннің өрт кезіндегі ерлігі, марапаттары мен өмір жолы баяндалады. Оның есімін Астанадағы көше мен мүсін арқылы есте қалдыру жоспарланған.

Диас Маликұлы Балтабаев 1 мин 19 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым