Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Асқар қаһарман

Диас Маликұлы Балтабаев
1 мин оқу 19 оқылым

Астанада "Қаһарман" тұрғын үй кешенінде өрт болып, қаһарман өрт сөндірушілер 3 адамды ажалдан құтқарып, өздері күйіп қалды. 18.11.22 күні Президент өрт сөндірушілерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
Қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Забикулин I дәрежелі «Айбын» орденімен, Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Аян Кемпіров III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Астанада болған өртте денесінің 80% күйік шалып, ауыр халде жан сақтау бөліміне түскен 21.11.22 күні Асқар батырымыз дүниеден озды. Асқардың артында 2 қызы, жұбайы қалды. Асқар Серікұлы – азаматтық қорғаныс капитаны. 1994 жылы 5 қаңтарда Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Казгородок ауылында туған. Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі лауазымына 2021 жылы тағайындалған. Артынша, Астана әкімдігі кәсіпкерлер арқылы 3 бөлмелі үйдің кілтін сыйлаған еді. Амал нешік, біз сондаймыз! Қатыгез басшылық, қоғам сондай. Адамды тірісінде бағалай алмаймыз. Өлерде немесе өлген соң марапат-атақ беріп, үй сыйлап жатамыз. Тірісінде соның қызығын көрмеген соң, өлген соң оның еш пайдасы жоқ... Барымызды тірі кезінде бағалайық. Өзгенің батырлығын ұмытпайық. Дүниеден озған соң бәрі кеш.
Алдағы уақытта Астанада Асқардың атымен көше берілмек. Әрі оған мүсін қойылмақ. Асқар Серікұлының, ердің есімі мәңгілік ел есінде болмақ!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Диас Маликұлы Балтабаев

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Санта клаус қайдан пайда болды?

Мәтінде Санта клаус пен рождество туралы көзқарас баяндалып, Жаңа жыл, ұлттық мейрамдар және дәстүрлерге мән беру мәселесі көтеріледі.

Диас Маликұлы Балтабаев 1 мин 30 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым