Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·5 орын қалды 5 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

Bilimger Media
2 мин оқу 1 639 оқылым

Мақсаты:цифрлар туралы білімдерін бекіту.

Міндеттері:

  • цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету;
  • аяқталмаған пішіндерден геометриялық пішіндерді көре білуге үйрету;
  • «үлкен», «кіші», «өте кіші» ұғымдарын бекіту;
  • мультфильм көруге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Күтілетін нәтижелер

біледі:1-ден 5-ке дейінгі реттік санауды;

түсінеді: 1, 2, 3, 4 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді;

қолданады: заттың орналасқан орнын табуды (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде, арасында).

Қажетті көрнекі құралдар: № 2 жұмыс дәптері.

Билингвальді компонент: төрт – четыре, бес – пять, шапшаң – быстро, жай – медленно.

ҰОҚ-нің барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

«Сан және цифр» ойыны.

Педагог әр балаға 1-ден 5-ке дейінгі цифрларды үлестіреді.

Педагог балаларға 1, 2, 3, 4, 5 зат бейнеленген карточкаларды кезек-кезек көрсетеді.

Педагог белгілі бір карточканы көтерген кезде, балалар соған сәйкес санды көтеруі тиіс.

2.Негізгі кезең.

1-тапсырма.

Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді.

– Балалар, аяқкиімдерге қараңдаршы, нешеу екен?

– 10 қонақ келді деп айтуға бола ма?

– Онда неше қонақ келді?

– Тиісті цифрды қоршаңдар.

– Қандай цифрды бастырып сыздыңдар?

2-тапсырма.

Педагог балаларға пойыздың суретін көрсетеді.

Пойыздың вагондары жаңа және оларды нөмірлеуді ұмытып кетіпті. Педагог вагондарды нөмірлеуді ұсынады.

– Пойыздың неше вагоны бар?

– Пойыз қай бағытқа қарай бара жатыр? Бірінші пойыз оңға қарай, екінші пойыз солға қарай кетіп барады.

Вагондарды нөмірлеуді ұсынады.

Сергіту сәті.

Оңға бір қадам,

Солға бір қадам,

Айналып билейміз.

Алға бір қадам,

Артқа бір қадам,

Айналып билейміз.

3-тапсырма.

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

Сол аяқ пен оң аяқ,

Кезек-кезек тебеді.

Ол тынымсыз зымырап

Зыр жүгіре береді!

Педагог балаларға суретпен мұқият танысуды ұсынады және сұрақтар қояды:

–Доп нешеу?

–Доптардың көлемі қандай?

–Бұдан да кішкентай тағы бір доптың суретін салыңдар.

4-тапсырма.

Педагог балаларға геометриялық пішіндердің қабырғаларын көрсетеді. Содан соң пішіндердің қабырғаларынан шаршы, шеңбер, үшбұрышшығатындай етіп суретті аяқтаңдар деген тапсырма береді.

3.Рефлексия.

Педагог балаларды оқу қызметіне белсенді қатысқаны үшін мақтайды.

–Сендер үшінші вагонға қандай цифрды жаздыңдар?

–Сендер салған доптың көлемі қандай еді?

ақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.Педагог балаларды мадақтайды

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

«Ертегілер әлеміне саяхат» әдеби викторина

«Ертегілер әлеміне саяхат» әдеби викторина Өткізу түрі: сайыс сабақ, топтық ойын Ұзақтығы: 45 минут Мұғалім: Бекишева А.М. Сынып: 3А Күні: 21.10.2026ж. Мақсаты мен күтілетін нәтижелер Мақсаты: ертегілер туралы білімді…

Бекишева Айжан 7 мин
Бастауыш сынып

Жасанды интеллект және бастауыш сынып: оқушының шығармашылығын дамыту МА, әлде дайын білімге тәуелділік ПЕ?

Қабылбек Мадина [email protected] «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ, Алматы, Қазақстан 6B01302 Бастауыш білім беру IP мамандығының 1 курс студенті Данабаева Маржан Айкыновна…

Қабылбек Мадина 14 мин 13 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығы мен сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру әдістері

Заманбек Айсулу «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының түлегі Ақмола облысы, Шортанды ауданы Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығы мен сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру әдістері Аңдатпа Бұл…

Заманбек Айсулу 4 мин 12 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып Оқушыларының сөздік қорын байытудың тиімді әдістері

Битуганова Әсем Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің “Бастауышта оқыту әдістемесі” кафедрасының 4-курс студенті Аңдатпа Қазіргі таңда бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын…

Asem Bituganova 13 мин 15 оқылым