Мазмұнға өту

Сән әлемі 2024

Схадяр Әсем 2 мин оқу 36 оқылым

2024 жылғы сән үлгісі

ХХ ғасырда сән әлемі қатты дамыды. Бірақ бұрынғы сән үлгілері де қайта оралып, трендке айналып жатады. Сондай-ақ бұл кезеңде адамдар сәнді қуып қоймай, үйлесімді және ыңғайлы киімге де бет бұра бастады.Соның  өзін сәнге айналдыра білді. Танымал дизайнер Айда Қауменованың айтуынша, адам әр жылғы сәнді қуаламау керек.

"Әр адамның стилі бар, өзіне не жарасымды екенін біледі. Биыл мынау модада, келесі жылы анау модада деп киінуге болмайды. Өйткені әр жылдың тренді болғанымен, адам өзіне не жарасымды екенін жақсы білу керек. Менің ойымша, сән деген ұғым тренд немесе бренд киімдерді киюде ғана емес, талғаммен киіне білуде. Егер сәнді болып көрінгіңіз келсе, жарасымды киіне біліңіз", - дейді Қауменова.

Биыл әлемдік дизайнерлер қатып қалған қағидаға сүйенбей, адамға жайлылық пен үйлесімділікке ден қойыпты.

Ежелгі дәуірден келе жатқан былғары киімдер күні қазірге дейін өзінің бағасын төмендеткен емес. 2024 жылы да былғарыдан тігілген киімдер трендте болады. Әлемдік дизайнерлер ұлу жылы жұмсақ былғарыны белсенді түрде қолданатын болады. Сондай-ақ шашақты киім сәнге айналады. Ал ешқашан сәннен түспеген джинсы матасы бар киімдер де биылғы сәннің төрінде болады. Жаңа сән маусымында трикотаж бен тоқыма киімдер іздеп жүріп сатып алатын киімдер қатарына кіреді. Өйткені әлемдік дизайнерлер бұндай киімдердің модаға айналатынын айтады. Дизайнелердің айтуынша, трикотаж бен былғары үйлесімді тұрады. Қысқасы биыл қыста сәнқой болып көрінгіңіз келсе, былғары киімдер: былғары етік, қолғап, бас киімдеріңіз, жүннен тоқылған киімдеріңіз міндетті түрде болсын.

Қазақстандық "Ainur Turisbek" брендінің негізін қалаушы әрі дизайнер Айнұр Тұрысбек өз коллекциясын сән әлемі дамыған Франция, Милан, Италия, Монте-Карло және басқа да елдерде көрсетіп келеді.

"Қай коллекцияда болсын міндетті түрде адамның еркіндігін негізге аламыз. Ең бастысы матаға назар аударамыз, табиғи маталардан жасалынады. Жыл сайын креативті экономикаға назар аударылып келеді. Болашақта қазақстандық дизайнерлер сән әлемінде үлкен жзетістіктерге қол жеткізетініне сенімдімін", - дейді Айнұр Тұрысбек.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Схадяр Әсем

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Сән әлемі 2024

Мырзағалиқызы 2024 жылғы сән үлгісі ХХ ғасырда сән әлемі қатты дамыды, бірақ бұрынғы сән үлгілері де қайта оралып, трендке айналып жатады. Сондай-ақ бұл кезеңде адамдар сәнді қуып қоймай, үйлесімді және ыңғайлы киімге де…

Схадяр Әсем 37 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин