Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Сән әлемі 2024

Схадяр Әсем
2 мин оқу 37 оқылым

Схадяр Әсем Мырзағалиқызы

2024 жылғы сән үлгісі

ХХ ғасырда сән әлемі қатты дамыды, бірақ бұрынғы сән үлгілері де қайта оралып, трендке айналып жатады. Сондай-ақ бұл кезеңде адамдар сәнді қуып қоймай, үйлесімді және ыңғайлы киімге де бет бұра бастады, соның өзін сәнге айналдыра білді. Танымал дизайнер Аида Қауменованың айтуынша, адам әр жылғы сәнді қуаламау керек.

"Әр адамның стилі бар, өзіне не жарасымды екенін біледі. Биыл мынау модада, келесі жылы анау модада деп киінуге болмайды. Өйткені әр жылдың тренді болғанымен, адам өзіне не жарасымды екенін жақсы білу керек. Менің ойымша, сән деген ұғым тренд немесе бренд киімдерді киюде ғана емес, талғаммен киіне білуде. Егер сәнді болып көрінгіңіз келсе, жарасымды киіне біліңіз", - дейді Қауменова.

Биыл әлемдік дизайнерлер қатып қалған қағидаға сүйенбей, адамға жайлылық пен үйлесімділікке ден қойыпты.

Ежелгі дәуірден келе жатқан былғары киімдер күні қазірге дейін өзінің бағасын төмендеткен емес. 2024 жылы да былғарыдан тігілген киімдер трендте болады. Әлемдік дизайнерлер ұлу жылы жұмсақ былғарыны белсенді түрде қолданатын болады. Сондай-ақ шашақты киім сәнге айналады. Ал ешқашан сәннен түспеген джинсы матасы бар киімдер де биылғы сәннің төрінде болады. Жаңа сән маусымында трикотаж бен тоқыма киімдер іздеп жүріп сатып алатын киімдер қатарына кіреді. Өйткені әлемдік дизайнерлер бұндай киімдердің модаға айналатынын айтады. Дизайнелердің айтуынша, трикотаж бен былғары үйлесімді тұрады. Қысқасы биыл қыста сәнқой болып көрінгіңіз келсе, былғары киімдер: былғары етік, қолғап, бас киімдеріңіз, жүннен тоқылған киімдеріңіз міндетті түрде болсын.

Қазақстандық "Ainur Turisbek" брендінің негізін қалаушы әрі дизайнер Айнұр Тұрысбек өз коллекциясын сән әлемі дамыған Франция, Милан, Италия, Монте-Карло және басқа да елдерде көрсетіп келеді.

"Қай коллекцияда болсын міндетті түрде адамның еркіндігін негізге аламыз. Ең бастысы матаға назар аударамыз, табиғи маталардан жасалынады. Жыл сайын креативті экономикаға назар аударылып келеді. Болашақта қазақстандық дизайнерлер сән әлемінде үлкен жзетістіктерге қол жеткізетініне сенімдімін", - дейді Айнұр Тұрысбек.

shadiarovaasem@gmail.com

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Схадяр Әсем

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Сән әлемі 2024

Материалда 2024 жылғы сән бағыттары, былғары, джинсы, шашақ пен трикотаж киімдер және дизайнерлердің үйлесімділік пен жайлылық туралы пікірі баяндалады.

Схадяр Әсем 2 мин 36 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым