Мазмұнға өту

Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романындағы баспасөз тарихы

Айгерім 2 мин оқу 131 оқылым

Қазақ-кеңес әдебиеті тарихында Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романының орны ерекше.Сол заманның ағымына сәйкес қазақ топырағында тарихи-революциялық тақырыпқа арналған тұңғыш роман.Сондықтан да бұл романды революциялық күрестің көркем шежіресі деп айтуға толық негіз бар.

Бұл роман 1922 жылдары жазыла бастап,1927 жылы жеке кітап болып шықты.Бірақ романның алғашқы тараулары 1922 жылдары “Қызыл Қазақстан” журналында жарияланған еді.Романның негізгі сюжеті – сол уақыттағы қазақ даласында болған ірі саяси оқиғалар.Және де Сәкен Сейфуллин романда өзінің басынан кешкен оқиғаларын баяндайды.

Романның алғашқы бөлімдерінде Сәкен Сейфуллиннің санақ жүргізу ісімен айналысқаны жөнінде айтылады.Яғни,Сәкен Сейфуллин Омбының учительская семинариясын бітіріп,Ақмоланың бір ауылындағы жаңа ашылған мектепке оқытушы болып сайланады.Бірақ,оқу басталуына әлі екі айдай мерзім бар болғандықтан санақ жүргізу ісімен айналысып,бірнеше елді-мекенді аралайды.Романның шиеленіскен тұстарында көптеген қиын оқиғалар баяндалады.Солардың бірі романда арыстай азаматтардың басынан өткен қиын-қыстау кезеңі бейнеленетін жері бұл Атаман Анненковтың “Азап вагоны” еді.Атаман Анненковтың азап вагонында талай ауыр бейнетті басынан кешіп,тар жол ,тайғақ кешулерден өткен Сәкен Сейфуллинді қалай ауыр азаптағаны жайлы баяндалады.

Романда Сәкен Сейфуллин “Сарыарқа”, “Алаш”, “Бірлік туы”, “Ұран”, “Қазақ”сынды газеттерді атап көрсетіп, “Тіршіліктен”басқасының бәрі бір бағытта болды деп жазады.Яғни, барлық аталған газеттер Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов басқарған «Қазақ» газетінің ықпалымен жүрді, барлығы ұлтшыл болды деп жазады.Осы жөнінде толығырақ тоқталып кетсем Сәкен Сейфуллин өзінің «Тар жол, тайғақ кешу» атты кітабында сол кезеңдегі қазақ баспасөзі туралы мынадай құнды дерек келтіреді: «...Әр жерде-ақ газет шығара бастады. Семейде – «Сарыарқа» газетi, Ташкентте – «Алаш» газетi, соңынан «Бiрлiк туы». Бөкейлiкте, Астрахан қаласында – «Ұран» газетi. Ақмолада – «Тiршiлiк» газетi, Орынборда – бұрынғы белгiлi «Қазақ» газетi. «Сарыарқаны» басқарған – Қалел Қаппасұлы, жазушылары: Ермекұлы, Бөкейханұлы, Тұрғанбайұлы және басқалар. «Алашты» басқарған – Көлбай Тоғысұлы. «Бiрлiк туын» басқарған – Мұстафа Шоқайұлы, жазушылары: Болғанбайұлы, Төреқұлұлы, Қожанұлы және басқалар. «Ұранды» басқарған – А.Мұсаұлы. «Тiршiлiктi» басқарған – Рақымжан Дүйсенбайұлы, жазушылары: Сәдуақас Сейфуллин (мен), Асылбекұлы, Өмiрбай Дөнентайұлы және басқалар. «Қазақты» басқарған – А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы.Жазушылары:Әлихан Бөкейханұлы тағы басқалар.Тағы айта кетерлік ақпарат Сәкен Сейфуллиннің “Тар жол,тайғақ кешу”романында тарихы тереңде жатқан “Тіршілік”газетінің шынайы дәл тарихы,газетте көтерілген мәселелері,мақалаларының тақырыптық сипаты баяндалады.

Қазақ баспасөзінің тарихы,Сәкен Сейфуллиннің “Тар жол,тайғақ кешу” романынан бастау алды.Бұл романымен Сәкен Сейфуллин қазақ мемуарлық әдебиетінің негізін салды.Сәкен ата халқымен мәңгі бірге жасайтын, халқының мәңгі сый-құрметіне лайық біртуар тұлға!

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Публицистика негіздері: оқу құралы / Бауыржан Жақып. -2. - Алматы: Қазақ университеті,2018.-266б

2.kazgazeta.kz сайты

https://kazgazeta.kz/news/20903

Төкен Әйгерім Ермекқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 1-курс

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Айгерім

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Өмір. Өзгеріс

Мадреймова Айгерім Адам өмірінде көптеген өзгеріс болады.Ешкім алда не боларын білмейді.Адамдар жайдан жай өзгермейді,өзгертетіндей бір оқиға,жағдай болады.Мысалға адамның ең алғаш рет өмір есігін ашқан кезінен…

Айгерім 34 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

Жастардың айқайы

Жасөспірім айқайы Қазіргі таңда жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы артып келеді.Оның себебі мектептегі буллинг,ата-анамен конфлик.Осылардың бәрі жиналып балаға үлкен стресс болып,соңы қайғылы болып аяқталып жатады.…

Айгерім 25 оқылым 1 мин
Балабақша

Кітаптың маңыздылығы қандай?

Асқар Айгерім Кітап білім бұлағы-білім өмір шырағы деп қаншама білімге деген құштарлықты арттыратын қазақтың нақыл сөздері бар емес пе? Кітап-адамның өмірінде үлкен маңызы бар әрі құнды заттардың бірі деп…

Айгерім 36 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин