Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Кітаптың маңыздылығы қандай?

Айгерім
4 мин оқу 36 оқылым

Асқар Айгерім

Кітап білім бұлағы-білім өмір шырағы деп қаншама білімге деген құштарлықты арттыратын қазақтың нақыл сөздері бар емес пе?

Кітап-адамның өмірінде үлкен маңызы бар әрі құнды заттардың бірі деп ойлаймын.Кітап болмаса біздің бүгінгі қоғам қандай болмақ еді? Бекерден бекер Біздің Алаш зиялыларымыз,қаншама білім ағартушыларымыз шырылдап оқыңдар,оқы деп! Айтпағы да осы емес пе?! Білімсіз адамның күні қараңғы болмақ дегенді алғашында естігенде түсінбесем керек,қалай? деген сұрақ өз-өзімде туындады.Өсе келе,бұл ойменен толық келісер едім.Қазақтың қазақ болып қалыптасуы,тәуелсіздік алуы білімнің арқауы.Бір мезетке, өзіміздің кеңестік замандарға барып көз жүгіртсек, кеңес уақытында орыстардың бізді отарлауы,білім алудан қорыққаны, ислам дінінен алыстатуы,орыс тілінде сөйлеуге мәжбүрлеуі бекер болмағаны. Демек қазақтың потенциалы жоғарғы халық! Ал қазірше? Байқауымша жастардың кітап оқуға мотивациясы мүлдем төмендеп бара жатыр, жоқ десекте болады. Кеше инстаграм желісінде отырғанда бір кісі сториста сұрақ-жауап өткізген еді. Соның ішінде көзіме қатты түскені мынадай сұрақ келіп түсіпті:
-кітапқа қалай қызығушылықты арттыруға болады?
Бұл сұрақ мені біраз ойландырды,неге біздің қоғам кітапты оқуға мотивация іздеуі керек? Сонда кітаптың құндылығын түсінбеуіме?
Менің ойымша, кітап оқуға мотивация керек те шығар,алайда мотивация тұрақты зат емес, ол дофамин секілді бір рет дәмін татқан соң тоқтай алмайсың. Ол бір де бар, бір де жоқ. Демек, мотивациясыз қалай кітап оқуды тұрақты түрде әдетімізге айналдырсақ болады? Ендігі кезекте осы сұрақтарға жауап беретін болсам, онда менің ойымша біріншіден,дисциплинаны күшейту керек.Былай жалпақ тілмен айтқанда, белгіленген бір уақытта, отырып арнайы өзіңді кітап оқуға арнау. Себебі, осыдан бір апта шамасында кітап туралы керемет подкаст көрген болатынмын ондағы сұхбаттасып отқан адамдардың айтуынша егер дисциплина болмаса онда адамның күнін де тәртібі де жоқ, ал күн тәртібі жоқ болған адамның күні хаоста өтеді. Осыдан шыға айтатынымыз, дисциплинаны күшейту керек, дисциплина болған адамда бойында ешбір кедергі келтіретін артық ойда жоқ! Ол нақты өзінің не жасау керек екендігін біледі, өз-өзімен толыққанды келісімі бар адам.
Екіншіден, әрбір тұлға өзіне қызықты жанрда жазылған кітаптарды іздестіре бастағаны жақсы. Себебі, қазір меломан,кітапханаларға қоғам сирек кіреді. Сирек кіргендіктең қалай өзінің ұнататын жанрын табады? Қалай кітапқа қызығушылығын арттырады? Ойланып көріңіздер. Егер мүлдем өзіне не ұнайтынын білмеген адам ұнамайтынынан жалығып кетеді ғой. Содан <<неге қызығушылығым жоқ, не ұнайтынын білмеймін>>- дейді. Сол үшін алдымен өзіңізге ұнайтын жанрды таңдап алыңыз. Кітапханаларда түрлі жанрда жазылған кітапты тегін ашып оқып көруге болады. Білгісі келетін адамға кім кедергі жасай алады?
Тек талпынысы жоқ адам сырттай сылтау іздеуге дайын.
Менің өзім де, кітапқа қызығушылығым ашылды өзіме сүйікті ұнайтын жанрдағы кітаптарды оқи бастағанда. Мысалға маған өте қатты ұнайды, үлкен жетістікке жеткен,өмірдің мәнін тапқан сондай бір адамды жақсылыққа ұмтылдыратын осындай бір жанрдағы кітаптарды оқи бастаған кезімде.Сол кезде кітап оқыған әрбір бет маған үлкен сүйіспеншілікті алып келді...
Кітап адамның азығы деп мұғалімдеріміз айтушы еді, кезіңде бұндай сөздерге ойланбаушы едік, бірақ оқырмандар осы сөзге назар аударып көрулеріңізге шақырамын, көптеген білімді азаматтарымызды қарасам барлығында кем дегенде кіші кітапханасы бар байқайсыздарма?
Сөйлеген сөздері де өте салмақты, философиялық, фактіге сүйенген, тілі де ойыда таза адамдар! Бұндай адамдардың әрбір айтқан сөзін тыңдай бергін келеді, себебі ойлары терең, көздері ашық, кеудесі кең!
Мүмкін менің субъективті көзқарасым бойынша қазір кітап оқитындардың дәрежесі түсіп кеткендіктен ба?- деген ой туады.Себебі қайда қарасаң кітап оқитындардың немесе озат оқитын оқушыларды буллингкке ұшырап жатқандығын байқасақ болады, кейін баланың ойында оқымысты болу жаман! Бұл онша емес, мен одан да бұзық болайын, міне осы кезде мені бәрі сыйлайды,ақылымды тыңдайды құлақ асады - деп шатасуы мүмкін. Тренд, тренд деп кеткен заманда кітапты ұмытып телефонға телміргеніміз де бар... Бірақ осы кітап оқуды трендке айналдырсақ нәтижесі қандай болады екен? Қызық , ия? Мүмкін соңында интеллегент адамдар, қоғам қайраткерлері сияқты білімді-білікті азаматтар қайтадан көбейеді ме? Бәлкім қоғам құртыладыма?- әй-қайдам қоғамның рухы оянбаса одан түспес!
Оян қазақ көтер басты!- деп кеткендей М.Дулатов атамыз, руханиятымызды көтерейік. Ату жазасында болсам да, бірақ өзімнің ұрпағымды білімсіздіктен сақтап шығамын деген ұлт зиялылармыздың қасыңда біз кімбіз? Осынша қан мен тер майданында жаның берседе, артынан тәуелсіздік пен бейбітшілікті аңсап, асыға беруге тырысқан еңбегі қайда?
Менің жиі естіп жүрген сөздермінің бірі -Ой қайдағы оқу,оқымайақ-та мен миллионер боламын!- бірақ мен бұл ойды құптамас едім. Неге? Себебі,қаншама дүниежүзінде миллионер,миллиардерлер бар соның ішінде Қазақстандық отандасымыз Марғұлан Сейсенбектің өзің алып қарасақ ол кісі кітапті жиі оқитының байқасақ болады. Бұл жетпейді десеңіз баршаңызға белгілі, танымал Microsoft корпорациясының негізін қалаушы, жомарт, меценат және вакцина маманы Билл Гейтстің өзі әлемге әйгілі, оқушылардың екінің біріне бұйыра бермейтін арманында қалған Гарвард университетінде оқып жүрген кезінде, мақсатын тауып жұмыс істейтін саласын дамытумен айналысамын дегендіктен ғана шығып кеткен болатын. Осыдан кейін неге қаншама миллионерлер,миллиардерлер оқымаған дейсіздер? Шамамен алғанда адам жылына 100 кітап оқып, тіпті бұданда көп кітап оқуға шамасы жетеді. Кітап оқыған адам мен кітап оқымаған адамның арасында айырмашылықтар айрықша байқалады.
Айтқым келетіні <<Еріншектің ертегі бітпес>>- сылтауды табу оңай,бірақ жеңу қиың! Бір жерден күшті бір ойды оқып қалып едім: әдет болып сіңісіп кеткен әрбір заттаң айырылуға болады. Жаман әдетіміз қаншалықты көп болса онда оданда көп бойыңызда жақсы әдеттер мен алмастырыңыз! Барлығын өзгертуге болады, тек шын ниет пен амал ғана қажеті!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Айгерім

Пікірлер 1

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

  1. Нуртуган

    Керемет жарайсың алға басабер,өркенің өссің

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Өмір. Өзгеріс

Мәтінде өмірдегі өзгерістерге әсер ететін жағдайлар, жасөспірімдерге ата-ана қолдауының маңызы және қиындықтарды сынақ ретінде қабылдау туралы айтылады.

Айгерім 1 мин 34 оқылым
Жалпы рубрика

Жастардың айқайы

Мәтінде мектептегі буллинг пен отбасындағы қысымның жасөспірімдерге әсері баяндалып, жастар мен ата-аналарға қолдау көрсету жөнінде кеңестер ұсынылады.

Айгерім 1 мин 26 оқылым
Математика

Орта мектепте 7-сынып алгебрасында қысқаша көбейту формулалары тақырыбын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері.

Материалда 7-сынып алгебрасындағы қысқаша көбейту формулаларының тарихы, тақырыпты оқыту кезеңдері және формулаларды математикалық есептерде қолдану қарастырылады.

Айгерім 8 мин 58 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 309 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым