Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Сабақтың тақырыбы: Келер шақ

Фариза
2 мин оқу 587 оқылым

Сабақтың мақсаты:         Мәтінді мұқият оқып, өлеңнің тақырыбы мен мазмұнының сәйкестігін анықтай алып үйренеміз.

Түрлі тапсырмаларды орындау арқылы етістіктің келер шақта қолдана аламыз.

Ресурстар:     Оқулықтың 86-87-беттері;

   Жаңа сабақты түсініп алайық. Оқушыларды түгендеп, көңіл күйлерін сұрау.

Суретке назар аудар! Өлең кім туралы? Сенің ұшқыш болғың келе ме?

(Сұраққа іштей ойланып көр.)

Самғап биік, туу көкте,

Сорғалайды қырандар.

Олар білсең ғарышқа

Оқтай ұшқан зымырандар.

Оны көрген алып дер,

Жарқылдаған от қандай!

Шіркін, болсам ғарышкер

Талғат пенен Тоқтардай!

22-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, тақырып мен өлең мазмұнының сәйкестігін анықта.(86-бет)  Етістікті тауып, оның қашан болатын іс-әрекет екенін тап.

Дескриптор:                                                                                                                                               -өлең шумағын мәнерлеп оқыисың;

-өлеңнің мазмұнына назар аударасың;

 -маңызды тұстарын анықтайсың;

-сәйкестіктерін анықтайсың.

23-жаттығу. Берілген сөздермен сөйлем құрап жаз.

Етістіктерді тап. Олардың қай жақта, қашан болатын іс-әрекет екенін тап.

    Үлгі: Ол анасына көмектеседі. (3-жақта жіктеліп тұрған етістік, келер шақ)

Берілген сөздермен сөйлемдерді құрастырып жаз.

Мен  көмектесемін                                 Біз   көмектесеміз

Сен  көмектесесің                                     Сендер   көмектесесіңдер

Ол   көмектеседі                                      Сіздер   көмектесесіздер

Олар   көмектеседі.

Келер шақ ережесін жаттаймыз

Келер шақ  етістіктері іс әрекеттің алдағы уақытта болатынын білдіреді.

Келер шақ етістіктері  не істеймін?  не істейсің?  не істейді?  деген  сұрақтарға жауап береді.

24-жаттығу

Өлеңге тиісті етістіктерді қою арқылы тоықтырып жаз.

Етістіктерді тауып,астын сызып,сұрақ қой.

Көкке ұшамын,

Ұшқыш болар баламын.

Соңынан еремін

Гагариндей ағаның.

Батыр болам,

Көк аспанды сүйемін.

Жұлдыздарға

Барып -келіп жүремін.

25-жаттығу

Бос торкөздерге сәйкес келетін етістіктерді тауып жаз.

Етістіктердің қай жақта, қай шақта екенін тауып көр.

Үлгі: 

о т ы р мын

1-жақта жіктелген, осы шақтағы етістік.

Дескриптор:

-Сөйлемнің қай шаққа сәйкес келетінін белгілейсің.

-қай шақ, қай жақта тұрғанын айтасың.

Шығармашылық  жұмыс

1-тапсырма.  (Ж) Семантикалық  кестені толтыру

№ Мысалдар - Осы шақ Келер шақ Өткен шақ
1 Ол жазды     +
2 Сіз жазып отырсыз      
3 Сұрақ қиын болды      
4 Ол сонда оқымаған      
5 Қар жауып тұр +    
6 Қыс суық болды      
7 Ол келе жатыр      
8 Кітап оқып отырмын      

                                                      25-жаттығу

Бағанның сол жағындағы сөздерді тиісті  етістіктермен сәйкестендір.

Мағжан                                                      естіді

ағаш                                                            басталған

сабақ                                                           өсті

біз                                                                 келді

досы                                                            ақылдасты

  Қосымша сабақтан тыс орындауға арналған тапсырмалар:

Орындаған тапсырмаларды мұғалімге онлайн сабақта қолданып отырған құрылғылары арқылы фотоға түсіріп жіберуіңе болады.

  • Кері байланыс: Онлайн сабақ қалай жүріп жатыр?
  • Не түсініксіз болып жатыр?
  • Мұғалім сен үшін нені ескеру керек деп ойлайсың?

Сабақтан алған ақпаратыңды достарыңмен sms арқылы бөліс

Хушкелдиева  Фариза  Бақбергенқызы

«№2 Ш.Уәлиханов атындағы ЖОМ»

бастауыш сынып мұғалімі.

Түркістан обл. Жетісай ауданы. Жетісай қаласы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Фариза

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Жабайы жануарлар

Балаларды жабайы жануарлармен таныстыруға арналған сабақ жоспары. Дидактикалық ойындар, сергіту сәті және сурет салу жұмысы берілген.

Фариза 1 мин 87 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Ғылыми мақалада бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға арналған нейрогимнастика жаттығулары мен нейроойындарды сабақта қолдану жолдары сипатталған.

Bilimger Media 2 мин 37 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 4 мин 518 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 6 мин 69 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолдану

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі Аннотация Бұл мақалада бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен тиімділігі қарастырылады.…

Қуатқызы Зина 5 мин 277 оқылым