Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

С с дыбысы мен әрпі

Айдарбекова Алтынай Демегеновна
2 мин оқу 560 оқылым

Айдарбекова Алтынай Демегеновна

Сабақтың мақсаты: 1. С дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту. Өткен дыбысты қайталай отырып, есте сақтау қабілетін арттыру. 2. С дыбысы бар  сөз, сөйлем құрату арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту. 3. Балалардың сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, жұмбақ шешу, ребус.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер.

                                          Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

-амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

-Балалар,  біз қандай дыбыспен таныстық?

-Б дыбысымен

-Б дыбысына сөздер ойлатқызу

-Бақа, балық, балмұздақ,

-Б дыбысы қандай дыбыс?

-Б дыбысы дауыссыз дыбыс, ұяң,  кедергіге ұшырайды.

ІІІ. Жаңа сабақ

Қызығушылығын ояту: Жұмбақ шешу.

-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын соны тапсаңыздар  келесі дыбыспен танысамыз.

Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығымен суырып

Әкелді әжем бір күні.   (Сәбіз)

Өміріңді өлшейді,

Ешкімнен сұрамай.

Тіліңді алмайды,

Тетігін бұрамай.  (Сағат)

Сәбіз неше дыбыстан құралған? Сәбіз сөзін буынға бөлгізу, с дыбысы қай буында тұрғанын тапқызу. ( 5-дыбыс, сә-біз, 1-ші буын-сә, 2-ші буын-біз).

Сағат  неше дыбыстан құралған? Сағат  сөзін буынға бөлгізу, с дыбысы қай буында тұрғанын тапқызу. ( 5-дыбыс, са-ғат, 1-ші буын-са, 2-ші буын-ғат).

Тіл ұстарту жаттығуы.

Са-са-са

Ызыңдайды  маса

Оқулықпен жұмыс.

-Балалар, канекей оқулығымызды ашайық  бүгін біздің танысатын дыбысымыз оқулығымыздың оң жағында  екен.

-  С дыбысы дауыссыз дыбыс, дауыссыздың қайсысы-қатаң, көк түспен белгіленген.

- Енді балалар, оқулығымыздағы суреттерге назар аударайық.

-Асық, сандық, күнбағыс

-Осы сөздерді түсіндіріп, буынға бөлу,

-Бағандағы сөздерді оқыту, түсіндіру.

-Бос торкөздегі сөздерді толықтыру.

-сөйлем құрату (асхана, аспан)

-сөз құрату (бас, тас, лас).

Сергіту сәті

Орынымыздан тұрайық,

Қол-қолға ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып

Орнымызды табайық

Әдемі етіп жазайық.

Дәптермен жұмыс

Ең алдымен ауада жазғызу

Үлгі бойынша   c  әрпінің баспа түрін жазғызу.

Бос тор көздерді толтыру.

Дидактикалық ойын: Өткен әріптермен және С әрпінен басталатын ребусту сурет арқылы шешу, оған сөйлем құрату.

Қорытындылау

  • Сонымен, балалар бүгін қандай дыбыспен таныстық?
  • С дыбысы қандай дыбыс?
  • С дыбысына байланысты қандай сөздер білеміз?
  • Қыздар құлағына тағады?
  • Қыздар басына киеді?
  • Қыздар қолына тағады?
  • Қазір қай мезгіл?
  • Мектепте не оқимыз?

Балалар осымен сабағымыз аяқталды. Қонақтармен қоштасайық.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды жұлдызшалар, төртбұрыштармен бағалаймыз, мадақтаймыз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Айдарбекова Алтынай Демегеновна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Ғылыми мақалада бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға арналған нейрогимнастика жаттығулары мен нейроойындарды сабақта қолдану жолдары сипатталған.

Bilimger Media 2 мин 36 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 4 мин 518 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 6 мин 69 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолдану

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі Аннотация Бұл мақалада бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен тиімділігі қарастырылады.…

Қуатқызы Зина 5 мин 277 оқылым