Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Рухани тәрбие беретін құнды мақала

Bilimger Media
1 мин оқу 547 оқылым

«Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасымыздың мақаласы елең еткізген дүниенің бірі болды. Бұған дейінгі ел тарихымызға сіңірген халықтардың ерен еңбектерін басып айта отырып, біздерге ой салды. Мақаланы оқып бір рухым көтеріліп қалды. Тұнып тұрған ойлар мен тарихи деректер ендігі қадамның нық басылуына үлкен себепкер болатынына сенімдімін.
Президентіміздің бұл мақаласын алдыңғы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын нақты іске асырудың картасы деп қабылдадым. Әр салада нақты қандай істер жасалуы керектігін атап айтқан. «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу дегені керемет идея екен.  Ұлы даланың ойшылдары мен білімділерінің, халықтың дарындыларының бізге қалдырып кеткен асыл мұраларын терең зерттеп, бүгінгі өмірімізде жаңаша бағалап, құрметтей білу керек. Қазақ елінің тарихи жаңғыруына үлкен мән беріп, ғылыми жақсы талдаулар жасалған құнды дүние болған  ой-толғамы өскелең ұрпаққа, жарқын болашаққа жол десек те болады.
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын оқи отырып кеудемді бір мақтаныш кернеді. Шынымен әлем xалықтары көз тіккен, қызыға қарайтын дүниелердің барлығы біздің ұлы даламызда бар екен. Еліміздің осы жеті кереметін басқа ұлт өкілдеріне таныта алсақ нұр үстіне нұр болар еді!
Мақалада ұлы даламыздың жеті қыры айғақты дәлелдермен көрсетілген. Бұл мақала барлық білім беру мекемелерінде жас ұрпақтарға насихатталып, олардың өз еліне деген сүйіспеншіліктерін, жанашырлықтарын арттырып, рухани тәрбиемен сусындатып отыр. Халқымыздың мәдениеті мен тарихы мақтан етуге тұрарлық үлкен байлық. Мұндай баға жетпес тарихы бар мемлекетімізді әрбір Қазақстан азаматы мақтан тұтуы тиіс.  Біз ұлттық кодымызды ұмытпай, әлемге өзімізді танытуымыз керек. Елбасымыз : «Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі»,- деп айтып өткендей, еліміздің одан әрі дамып, өркендеуі мен рухани жаңғыруына барлығымыз күш-жігерімізді аямай, бір кісідей атсалысайық!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ әдебиеті

Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл: білімнің шамын жаққан ұлы тұлға

Мақалада Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі, қазақ балаларына білім беру жолындағы еңбегі мен әдеби мұрасы сөз болады. Оның шығармаларындағы білімге құштарлық, еңбекқорлық және адамгершілік идеяларының бүгінгі маңызы көрсетіледі.

Қожабек Амина 2 мин 11 оқылым
Қазақ әдебиеті

Асқар Алтайдың «Сират көпірі» шығармасы: тарихи романның көркем жүйесі мен рухани ұстанымдары

Мақалада Асқар Алтайдың «Сират» романы тарихи-философиялық қырынан талданып, кейіпкерлер жүйесі, көркемдік құрылымы және ұлттық рух мәселелері қарастырылады.

Жазит Алтынай 12 мин
Қазақ әдебиеті

Аңыз әңгімелердегі ұлттық құндылықтар

Ғылыми мақалада қазақ аңыздарының тарихи жадты сақтаудағы және ұлттық құндылықтарды ұрпақ тәрбиесіне жеткізудегі маңызы қарастырылады.

Сейтхан Ернұр 4 мин 29 оқылым
Қазақ әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру 

Шымкент қаласы. Қазақстан Зиятркелік "Бәйтерек мектебі" қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бұл мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Тельмаева Назерке Жаскыранкызы 3 мин 123 оқылым