Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Bilimger Media
1 мин оқу 42 оқылым

Автор: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Дінтану мамандығының 3 курс студенті Азаматқызы Алина

Жетекші: Сарсембаев Руслан Мейіржанұлы

Қазіргі заманда діни радикализм мен экстремизм мәселелері көптеген елдер үшін, оның ішінде Қазақстан үшін де маңызды қауіптердің бірі болып отыр. Радикалдану үдерісінің алдын алу және оған қарсы жүйелі түрде әрекет ету мақсатында дерадикализация ұғымы пайда болды. Бұл ұғым радикалды көзқарас ұстанушыларды экстремистік идеологиядан бас тартуға, қалыпты әлеуметтік ортаға бейімдеуге бағытталған кешенді жұмыс ретінде қарастырылады.

Дерадикализация – бұл тек идеологиялық күрес емес, сонымен қатар психологиялық, әлеуметтік және құқықтық деңгейде жүргізілетін көпжақты үдеріс. Қазақстанда бұл бағытта бірқатар мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Мысалы, ҚМДБ, арнайы теологтар тобы, Дін мәселелерін зерттеу орталықтары және дінтанушылар дерадикализацияның түрлі формаларын қолданады: түсіндіру жұмыстары, жеке және топтық кездесулер, түзету мекемелеріндегі арнайы бағдарламалар.

Белгілі дінтанушы Асқар Сабдиннің пікірінше, дерадикализация радикалды идеологияның негізінде жатқан қате діни түсініктерді теріске шығарумен ғана шектелмей, радикалданған тұлғаның психологиялық және әлеуметтік жағдайын да ескеруді қажет етеді. Оның айтуынша, радикалдану көбіне адамның жалғыз қалуы, әлеуметтік әділетсіздік сезімі, немесе діни білімнің таяздығы сияқты факторлармен тығыз байланысты (Сабдин А., 2020). Сондықтан радикалданған адамға тек діни тұрғыда ғана емес, әлеуметтік қолдау көрсету де маңызды.

Қазақстан тәжірибесі көрсеткендей, дерадикализацияның тиімділігі — аталған үдерістің тек арнайы мекемелердің жауапкершілігі емес, тұтас қоғамның ортақ міндеті екенін түсінуде. Бұл салада дінтанушы мамандардың, имамдардың, психологтардың және құқық қорғау органдарының бірлесе жұмыс істеуі – оң нәтиже беретін жолдардың бірі.

Қорыта айтқанда, дерадикализация қазіргі заманның рухани қауіптеріне қарсы бағытталған стратегиялық маңызды тетік болып табылады. Бұл үдерісті жүйелі түрде дамыту үшін діни білім беру сапасын арттыру, ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды күшейту және қоғамдық тұрақтылықты нығайту қажет.

Соңғы жаңарту: 10 қараша 2025, 17:22

Авторы
Азаматқызы Алина
Жетекшісі
Сарсембаев Руслан Мейіржанұлы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Университет

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қоғамның көз қарасы

Тұран Университтеті Журналистикалық факульттет тележурналист Мүмкіндігі шектеулі адамдар – қоғамның ажырамас бөлігі екені анық. Олар да өзге адамдар сияқты білім алуға, еңбек етуге, еркін жүріп-тұруға, қоғамдық өмірге…

Елубаева Жанерке Жамбылқызы 3 мин 63 оқылым
Университет

Қытай, Сингапур және АҚШ бастауыш мектептерінде ЖИ арқылы білім беру

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, 4-курс Аңдатпа Мақалада Қытай, Сингапур және АҚШ бастауыш мектептерінде жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу бағыттары мен…

Сайлаубекова Ақерке Жандосқызы 21 мин 52 оқылым
Университет

Ми неге жалқауланады? Оның түпкі себебі неде?

Мақалада жалқаулықтың артындағы ми процестері, энергияны үнемдеу әдеті, префронтальды қыртыс пен дофаминнің мотивацияға ықпалы баяндалады.

Текесбаева Диана Жанболатқызы 4 мин 54 оқылым