Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Дильназ
1 мин оқу 151 оқылым

«Ақиқат» журналы қазақ ұлтының айнасы. Ол алғаш 1921 жылдың 15 қыркүйегінде Орынборда «Қызыл Қазақстан» деген атпен шыққан болатын. «Қызыл Қазақстан» журналының алғашқы сандарында ұлттық сипаттағы өзекті-өзекті мәселелер көтерілген болатын.

Журналдың 4-ші санын оқи отырып, араб қаріптермен «Қызыл Қазақстан» деп жазылғанына, ал екінші жағында орыс тілінде «Красный Киргизстан»  деген атаумен берілген, және журналдың мазмұны орыс тілінде жазылған. Осыған байланысты Сәкен Сейфуллин: «Біз «киргиз» деген атты жоғалтып, өзімізді «қазақ» деп атасақ, басқалар да бізді «қазақ» деп атап кетеді. Біздің бір кемшілігіміз ‒ осы күнгі басқа жұрттан бұрын өзімізді өзіміз «киргиз» дейміз. Әуелі біздің «Қызыл Қазақстан» журналы орысша «Красный Киргизстан» деп аталады. Бұл біздің халқымыздың әлсіздігімізді көрсетеді. Біздің әр қазақ жігіті «киргиз» дегенді тастап, «қазақ, қазақ» дегенді жұмсап, басқа жұрттың құлағына сіңдіріп үйретуі керек. Қазақты ‒ қазақ дейік. Тарихи қатені түзейік!» («Енбекші қазақ» газеті 1923) деген үндеу тастайды. Мұндай үндеу азаттықты аңсаған халықтың Қазақ Елі боламыз деген арманының асқақтығы.

«Қызыл Қазақстан» журналының атауы кеңестік кезеңде белгісіз себептермен қайта-қайта өзгеріп отырған.  1921-1924 жылға дейін «Қызыл Қазақстан» атымен шығып тұрған басылым, 1924 жылдан 1932 жылға дейін Қазақстан КП (б) өлкелік комитетінің органы ретінде «Қазақстан большевигі» деген атпен оқырманға жол тартса, 1932 жылы бірнеше ай «Ауыл коммунисі» деп басылым атауға да ие болады. Ал, 1932 жылдан 1941 жылға дейін журнал «Коммунист» деген атқа өзгертіледі. Ұлы Отан соғысы жылдарында біраз уақыт шықпай қалған басылым, 1947 жылы ақпараттық кеңістікке қайта шығады.  1952 жылы журналдың аты «Қазақстан коммунисі» тағы да жаңа атқа өзгереді.«Қызыл Қазақстан» журналында жарияланған мақалалардың қоғамда орын алған саяси-әлеуметтік мәселелерді жариялаудағы орнын, деректік құндылығын айқындап көрдік.

Есенгелді Дильназ

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Дильназ

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Жер қатынастарын реттеу

Материалда Қазақстандағы жер қатынастарының тарихи кезеңдері, жер реформасы және 2003 жылғы Жер кодексіндегі ауыл шаруашылығы жерлеріне жеке меншік енгізу мәселелері қарастырылады.

Дильназ 2 мин 83 оқылым
Жалпы рубрика

Даму үшін - тұрақтылық қажет

Мәтінде Қазақстан тәуелсіздігі, Қаңтар оқиғасы және ел тыныштығы мен береке-бірлікті сақтау қажеттігі сөз болады.

Дильназ 2 мин 30 оқылым
Жалпы рубрика

Даму үшін - тұрақтылық қажет

Мақалада Қазақстан тәуелсіздігінің қадірі, Қаңтар оқиғасы және ел тыныштығы мен бірлігін сақтау жайы сөз болады.

Дильназ 2 мин 33 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ әдебиеті

Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл: білімнің шамын жаққан ұлы тұлға

Мақалада Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі, қазақ балаларына білім беру жолындағы еңбегі мен әдеби мұрасы сөз болады. Оның шығармаларындағы білімге құштарлық, еңбекқорлық және адамгершілік идеяларының бүгінгі маңызы көрсетіледі.

Қожабек Амина 2 мин 36 оқылым
Қазақ әдебиеті

Асқар Алтайдың «Сират көпірі» шығармасы: тарихи романның көркем жүйесі мен рухани ұстанымдары

Мақалада Асқар Алтайдың «Сират» романы тарихи-философиялық қырынан талданып, кейіпкерлер жүйесі, көркемдік құрылымы және ұлттық рух мәселелері қарастырылады.

Жазит Алтынай 12 мин 10 оқылым
Қазақ әдебиеті

Аңыз әңгімелердегі ұлттық құндылықтар

Ғылыми мақалада қазақ аңыздарының тарихи жадты сақтаудағы және ұлттық құндылықтарды ұрпақ тәрбиесіне жеткізудегі маңызы қарастырылады.

Сейтхан Ернұр 4 мин 35 оқылым
Қазақ әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру 

Шымкент қаласы. Қазақстан Зиятркелік "Бәйтерек мектебі" қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бұл мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Тельмаева Назерке Жаскыранкызы 3 мин 126 оқылым