Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қыздар оқу керек қазақ әдебиетіндегі кітаптар

Тұрсынәлі Анара
2 мин оқу 76 оқылым

Тұрсынәлі Анара Талғатқызы

Қыздар оқу керек қазақ

әдебиетіндегі  кітаптар

Қазақ әдебиеті-атадан балаға мұра болып қалған халқымыздың  қымбат қазынасы. Ұлтымыздың әдебиетіндегі ең өзекті тақырыптардың бірі- әйел теңсіздігі. Бұл тақырыпта жазылған әрбір шығарма тарихымыздан, сол  кездегі  халықтың тұрмыс тіршілігімен қатар қилы замандағы қазақ қыздарының тағдырынан сыр шерте отырып тәлім- тәрбие береді, зейін қойып оқығанға ой салады. Сондай кітаптардың біразы жайлы айтып өткім келеді.

Міржақып Дулатұлы “ Бақытсыз Жамал”. Бұл шығарма қазақтың тұңғыш романы. Кітап өз  заманындағы теңсіздік пен әділетсіздіктің құрбаны болған Жамал атты қыздың тағдырын баяндайды. Әкесінің шешімімен Жамал таланты мен даналығына  қарамастан жақсы білім алудан ғана шегерілмей, одан қалса өзі сүймеген адамға қосылуға мәжбүр болады. Жамал бұған көндіге алмай жүрегін тыңдап, өзі сүйген жанмен қашып кетуге шешім қабылдайды... Бірақ бұл шешім жақсылыққа апармайды. Кітап үлкен көлемді  болмағанымен әр оқырманды бей-жай қалдырмайтындай шебер жазылған.

Бейімбет Майлин “Шұғаның белгісі”. Әңгімеде Шұға атты байдың қызы кедей мұғалім Әбдірахманға ғашық болады. Қыздың әкесі бұны ұнатпай, Әбдірахманға жала жауып, айдатып жібереді. Екі ғашықтың тағдыры әрі қарай не болатынын білгенше асық болып, кітапты қалай  оқып тастағаныңды аңғармай қаласың. Кітапта әлеуметтік теңсіздік те көрініс тапқан.

Мұхтар Әуезов “Қорғансыздың күні”. Шығармада әкесінен  айрылған соң , қиын күй кешіп отырып,екі жолаушыдан қорлық көріп, оған  шыдай алмай, қақаған суықта әкесінің моласына барып, сонда қаза тапқан Ғазиза атты қаршадай қыздың тартқан азабы көрініс тапқан. Әңгімедегі екі жолаушының өздерін сыйлағанды сыйламай,әлсізге әлімжеттік жасағаны,қызды қорлағаны нағыз қатыгездіктің,надандықтың белгісі. Оқырманның көзіне еріксіз жас әкелетін өте мұңды кітаптардың бірден бірі дәл осы кітап.

Жүсіпбек Аймауытов “Ақбілек”. “Ақбілек” романы- өрімдей қазақ қызының тағдыры арқылы әлеуметтік төңкерістер мен халықтың тыныс-тіршілігін сипаттаған шығарма. Орыс офицерінің қолына түскен Ақбілектің көрмеген қорлығы қалмайды. Бір күні еліне қайта оралғанмен жақындарынан қолдау көрмеген ол өмірден әбден түңіледі,басына түрлі ауыртпашылық түседі. Шығарма соңынды Ақбілек бәрін жеңіп, өз мұратына жетіп, бақытты болады.

Жоғарыда айтылған кітаптың кез келгені оқырманды терең ойға шомылдырып, өмірлік сабақ береді. Сонымен қатар қазақтың тарихы мен сонау замандағы дала қыздарының ауыр тағдырынан сыр шерте отырып, түрлі сезімге бөлейді. Сол себепті барлық қазақ қызы осы шығармалармен таныс болса екен деймін.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Тұрсынәлі Анара

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ әдебиеті

Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл: білімнің шамын жаққан ұлы тұлға

Мақалада Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі, қазақ балаларына білім беру жолындағы еңбегі мен әдеби мұрасы сөз болады. Оның шығармаларындағы білімге құштарлық, еңбекқорлық және адамгершілік идеяларының бүгінгі маңызы көрсетіледі.

Қожабек Амина 2 мин 11 оқылым
Қазақ әдебиеті

Асқар Алтайдың «Сират көпірі» шығармасы: тарихи романның көркем жүйесі мен рухани ұстанымдары

Мақалада Асқар Алтайдың «Сират» романы тарихи-философиялық қырынан талданып, кейіпкерлер жүйесі, көркемдік құрылымы және ұлттық рух мәселелері қарастырылады.

Жазит Алтынай 12 мин
Қазақ әдебиеті

Аңыз әңгімелердегі ұлттық құндылықтар

Ғылыми мақалада қазақ аңыздарының тарихи жадты сақтаудағы және ұлттық құндылықтарды ұрпақ тәрбиесіне жеткізудегі маңызы қарастырылады.

Сейтхан Ернұр 4 мин 29 оқылым
Қазақ әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру 

Шымкент қаласы. Қазақстан Зиятркелік "Бәйтерек мектебі" қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бұл мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Тельмаева Назерке Жаскыранкызы 3 мин 123 оқылым