Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ыстық нан

1 мин оқу

Қожанасыр әпенді базардан өтіп бара жатып, наубайшының жұмысына қызыға қарап қалады. Наубайшы тандырдан ыстық, көмпиген, қызыл күрең нанды лып еткізіп ала қойып, үлкен кәрзеңкеге үйіп қойып жатты.

Қымбаттым, мына нандарға сары май қосылған ба?—деп сұрайды Әпенді наубайшыдан.

—Иә, майға шыланған нан.

—Бұл нандардың ыстықтығы сонша қолды күйдіріп алуға болатын шығар.

—Әрине.

—Ал мына нандар қосарланып жасалған ба?

—Иә, олар қосарланып жасалған.

—Оларға нені қосып жесе, жақсы болар екен? Қаймақпен бе, әлде нишалламен бе? Сіз қалай ойлайсыз?

—Қайсысын қосып жесе де болады. Алыңыз, мұндай нан еш жерде жоқ.

—Қуана алар едім де, қуана жер едім, тек, әттең, ақшамның болмай түрғаны...

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз