Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ақырзаман

1 мин оқу

Қожанасырдың жалғыз қойы бар екен. Бір қулар Қожаны алдап, сол қойды сойғызып жемек болады.

Қожаға келіп:

—Алладан ертең ақырзаман болады деген хабар келді, Қожеке. Мал, дүниенің керегі жоқ. Бүгін ішкенін ішіп, жегенін жеп, бәрін бітіру керек. Сен қойыңды сой, бүгін жеп кенелейік,—депті. Қожа бұған нанады:

—Жарайды. Тек қойды далаға, көлдің жағасына апарып сойып, барлық етін сол жерде асып жейік,—дейді. Қулар мұны мақұл көреді.

Бәрі көл жағасына келеді, қойды сойып, етті жіліктеп, қазанға салады.

—Мен етті пісіре тұрайын, сендер көлге барып, шомылып келіңдер,—дейді Қожа.

Қулар мұны қостайды. Бәрі киімдерін Қожаның қасына тастап көлге шомылуға кетеді. Қожа олардың киім-кешектерін отқа жағып жібереді. Қулар келіп:

—Қожа-ау, киіміміз қайда?—деп сұрайды. Қожа оларға:

—Отқа жағып жібердім. Бәрібір ертең ақырзаман болса, керегі қанша деп ойладым,—деген екен.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз