Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Есегіме ұқсайды екенсіз

1 мин оқу

Бір күні Қожанасыр жолаушылап жүріп, сол маңды билеп тұрған ханмен кездесе қалыпты. Хан отырып:

– Менің Алмашұбар деген атым бар, шапқанда көз ілеспейді, - деп мақтанады.

– Менің асыл текті есегім бар. Ақырса даусы айшылық жерге жетеді, - дейді Қожанасыр.

- Мен ақырғанымда қызметші нөкерлерім: «Құдіретті ханымыздың дауысы арыстанның ақырғанынан да күшті», - деуші еді, сенің есегің менен де қатты ақыра ма? - дейді хан.

– Тақсыр, сіздің ақырғаныңызды естіген жоқ едім. Айқайлаңызшы, көрейін, - дейді Қожанасыр.

Хан тамағын қырнап-қырнап алып, айқай
лап қоя беріпті. Сонда Қожанасыр:

– Тақсыр, шынында да, өзіңіз менің есегімдей екенсіз,- дейді.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз