Қазақтың маңдайына біткен бағы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Автор
Ф.Қозыбақова,
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ
Тарих кафедрасының доценті
Темірханова Іңкәр,
1-курс студенті ⠀ ⠀
⠀
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлем тарихындағы кемеңгер тұлға. Жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды халықаралық деңгейге шығарды. Бүгінде Ұлт көшбасшысының есімі адамзат тарихындағы ұлы мемлекет қайраткерлерінің әлемдік хроникасында алтын әріптермен жазылған.
⠀
Кеңес Одағының ыдырауы – халқымыздың тәуелсіздік деген арманын шындыққа айналдырған бірегей мүмкіндік. Өйткені, егемендік жай ғана ұғым емес. Бұл ұлттық рухты көтеріп, жаңару және тәуелсіздік жолын жалғастыруға үлкен мүмкіндік. Дәл осы тарихи кезеңде қазақ қоғамы Елбасымызға жаңа тәуелсіз елдің сара жолын анықтауға, алып держава ыдырағаннан кейінгі қиындықтардан алып шығуды сеніп тапсырды. Сол кездің өзінде Қазақстан көшбасшысының мемлекет басқарудағы тәжірибесі мен беделі болған еді.
⠀
Ел тізгінін алмағайып, аумалы-төкпелі, қиын кезеңде қолына алып, халық бірлігін тәуелсіздіктің туы етті. Тарихтың да, тағдырдың да сынынан сүрінбей абыроймен өтіп, елдің сенімін ақтады, селкеу түсірмеді.
⠀
Қазақстан 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басындағы барлық саяси ахуалды қақтығыссыз шеше білді. Бұл ретте, еліміздің тұңғыш Президентінің еңбегі зор. Барлық өткір, кейде аса қауіпті мәселелерді салқынқанды, сенімді түрде шешті. Президент ел азаматтарының пікіріне, шетелдік саясаткерлердің кеңесіне құлақ асты. Бірақ, әрқашан Қазақстанның мүддесін қорғайтын бірегей шешім қабылдады. Бұл білік пен білімді парлап жеккен парасатты заманауи басшының тілегінің даралығын, даналығын, жолының саралығын танытады, әртүрлі саяси күштерді бір бағытқа, ел мүддесіне бағыттай алғанын білдіреді.
Мақала құжаттары
Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар
Мақаланы телефонда ашыңыз
Телефон камерасын QR-кодқа бағыттаңыз — мақала бірден ашылады
bilimger.kz/qazaqtyng-mangdaiyna-bitken-bagy-nursultan-abishuly-nazarbaev
Осы материал бойынша
AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.
Автор
Темірханова Іңкәр
Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз
Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.
- Сертификат (QR-коды бар)
- Google, Yandex жүйелерінде шығады
- Журналға шығады (онлайн)
- Анықтама, журнал
- Жеке кабинетте құжаттар сақталады
- Мақалаға тұрақты сілтеме
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз
Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.