Мазмұнға өту

Нұрсұлтан Назарбаев - кемеңгер тұлға

Темірханова Іңкәр 1 мин оқу 376 оқылым

Ф.ҚОЗЫБАҚОВА,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих және археология, этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, ғылыми жоба жетекшісі.
Темірханова Іңкәр,
Филология және әлем тілдері факультетінің 1 курс студенті. ⠀

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлем тарихындағы кемеңгер тұлға. Жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды халықаралық деңгейге шығарды. Бүгінде Ұлт көшбасшысының есімі адамзат тарихындағы ұлы мемлекет қайраткерлерінің әлемдік хроникасында алтын әріптермен жазылған.
⠀
Кеңес Одағының ыдырауы – халқымыздың тәуелсіздік деген арманын шындыққа айналдырған бірегей мүмкіндік. Өйткені, егемендік жай ғана ұғым емес. Бұл ұлттық рухты көтеріп, жаңару және тәуелсіздік жолын жалғастыруға үлкен мүмкіндік. Дәл осы тарихи кезеңде қазақ қоғамы Елбасымызға жаңа тәуелсіз елдің сара жолын анықтауға, алып держава ыдырағаннан кейінгі қиындықтардан алып шығуды сеніп тапсырды. Сол кездің өзінде Қазақстан көшбасшысының мемлекет басқарудағы тәжірибесі мен беделі болған еді.
⠀
Ел тізгінін алмағайып, аумалы-төкпелі, қиын кезеңде қолына алып, халық бірлігін тәуелсіздіктің туы етті. Тарихтың да, тағдырдың да сынынан сүрінбей абыроймен өтіп, елдің сенімін ақтады, селкеу түсірмеді.
⠀
Қазақстан 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басындағы барлық саяси ахуалды қақтығыссыз шеше білді. Бұл ретте, еліміздің тұңғыш Президентінің еңбегі зор. Барлық өткір, кейде аса қауіпті мәселелерді салқынқанды, сенімді түрде шешті. Президент ел азаматтарының пікіріне, шетелдік саясаткерлердің кеңесіне құлақ асты. Бірақ, әрқашан Қазақстанның мүддесін қорғайтын бірегей шешім қабылдады. Бұл білік пен білімді парлап жеккен парасатты заманауи басшының тілегінің даралығын, даналығын, жолының саралығын танытады, әртүрлі саяси күштерді бір бағытқа, ел мүддесіне бағыттай алғанын білдіреді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Темірханова Іңкәр

Автордың басқа материалдары

Қазақстан тарихы

Қазақтың маңдайына біткен бағы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Ф.Қозыбақова, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ Тарих кафедрасының доценті Темірханова Іңкәр, 1-курс студенті ⠀ ⠀ ⠀ Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлем тарихындағы кемеңгер тұлға. Жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз…

Темірханова Іңкәр 524 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

🇰🇿 Қазақстан тарихы — ҰБТ тесті ⏱ 40 мин · 20 сұрақ А — базалық (50%) В — орташа (30%) С — жоғары (20%) І бөлім · жеке тапсырмалар (1–10) 1Сақ тайпасының «патшалар патшасы» деп аталған атақты билеушісі – Мадий кімнің ұлы…

Bilimger Media 829 оқылым 8 мин
Қазақстан тарихы

Қазақстан тарихы ҰБТ-ға дайындық: жоғары балл алуға көмектесетін мықты лайфхактар

Қазақстан тарихы ҰБТ-ға дайындық Қазақстан тарихы — ҰБТ-да көп оқушыға жеңіл көрінгенімен, шын мәнінде жүйелі дайындықты қажет ететін пән. Бұл пәнде тек даталарды жаттау жеткіліксіз. Тарихи оқиғалардың себебі мен…

Bilimger Media 136 оқылым 3 мин
Қазақстан тарихы

Алаш қайраткерлерінің танымдық мұралары

Алматы қаласы Алатау ауданы "№185 мектеп-гимназия" тарих пәні мұғалімі Аннотация Алаш қайраткерлерінің танымдық мұрасы қазақ қоғамының саяси ойы, ағартушылық бағыты және ұлттық сананы жаңғырту тәжірибесімен тығыз…

Ешенова Айсұлу Болатқызы 106 оқылым 6 мин