Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазақтың ханы Абылай

Автор

Баймуратқызы Дильназ
3 мин оқу 55 оқылым

Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771—1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы.

«Ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, Төле бидің қолында өскен болашақ ұлт қайраткері оның тәлім-тәрбиесін молынан көреді. Қазақтың болашағы тек бірлікте екендігін ұғынған Абылай хан ат жалын тартып мінген сәттен бастап, саналы ғұмырын осы жолға арнайды. Әбілмансұр ел өміріне ерте араласады. Бұқар, Үмбетей жыраулардың және т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне сәйкес 20 жасында қан майданда ерлігімен танылады. 1730 жылдары орын алған бір ұрыста Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры Шарышты жеңіп, жауға «Абылай!» - деп ат қояды. Осы ұрыстан соң Әбілмансұр Орта жүздің сұлтаны деп танылып, ендігі жерде халық арасында Абылай атанады.

XVІІІ ғасырдың орта шенінде қазақ елін жаулардан қорғау үшін Абылай Ресеймен және Қытаймен татулық, достық қатынас сақтап, олардың қолдауы арқасында жоңғар басқыншылығын талқандауды жөн көрді. 1740 жылғы шайқаста Абылай қазақ жауынгерлерінің тікелей қолбасшысы болды. Қазақ әскері жоңғарларға қатты соққы берді. Жоңғарлар көп шығынға ұшырап, кейін шегінуге мәжбүр болды. Абылай қазақ әскерлерін ұйымдастырып, жауға қарсы көтеріп, басын біріктіріп, негізгі әскери күшті жинап көрші мемлекеттерге қазақ хандығы біртұтас ел екенін көрсетті.

1771 жылы үш жүздің өкілдері жиналып Абылайды бүкіл қазақтың ханы етіп сайлайды. Оның хан атағын Қытай императоры да, орыстың ақ патшасы да бекітеді. Ресей патшасы Екатерина ІІ Абылайды хандыққа бекіту, әйтпесе, оған әлдебір нұсқаулар беру үшін оны талай рет Петербургке, не Орынборға арнайы шақыртады, алайда  Абылай хан ол  шақыртуларға: «Мені үш жүзге хан қылып халқым сайлады, ендеше бұған қоса айрықша бір куәлік алудың қажеті жоқ», - деп жауап берген. Шын мәнінде де Абылай ханның тұсында қазақ мемлекеті өзінің ішкі, сыртқы  саясатын ешкімге жалтақтамай дербес жүргізді. Ол өз мемлекетінің дербестігін бәрінен де жоғары санады. Өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізген Абылай Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Бүгінде Абылай ханның есімімен Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының көшелері аталған. Оның есімі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне берілген. Петропавлда ханға қола шабандоз ескерткіші қойылып, «Абылай хан резиденциясы» музей кешені ашылды. Ханның портреті Қазақстанның алғашқы ұлттық валютасы, 100 теңгелік банкнотқа, тәуелсіз Қазақстанның пошта маркасына салынған. Алматы, Көкшетау, Жезқазған, Ақтөбе қалаларында ескерткіштер орнатылды.Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.  Биыл Абылай ханның туғанына 310 жыл толып отыр. Қанша уақыт өтсе де, қазақ халқының жадында Абылай хан қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келеді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды. Мұхтар Әуезов жазған мына сөздерді дәл қазіргі Тәуелсіздік заманында еске алып отырсақ, артық болмас: «Қазақтың дербес ел болуына, әрі — беріден соң, қазақтың қазақ болуына, басы қосылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас» — деген екен. Мағжан Жұмабаевтың да мына өлең шумақтарынан Абылай ханның елге қорған болғанын көре аламыз:

«Алыстан орыс, қытай - ауыр салмақ.

Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ.

Артында ор, алдында көр, жан-жағы жау.

Сол кезде елге қорған болған Абылай,

Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап»

Абылай хан мемлекеттің, қазақ халқының жағдайын шұғыл түзеді. Абылай кезеңі тарихта ең бір елеулі кезең болды. Жау қуылды, халық өз жерінде емін – еркін тұрмыс құрды, бірлікке, ұйымшылдыққа негізделген хандық билігі құрылды.  Үш жүздің басын қосқан Абылай хан жүріп өткен жол мен ол ұстанған бағыт-бағдар ұлттық құндылықтар негізінде қалыптасатын тәлім-тәрбиеден бастау алып, ұлтқа қызмет етуге үндейтін және сол арқылы өмірден өз орнын табуға ықпал ететін ұлттық ұстаным, яғни қазақ жолы болып табылады.

Жетекшісі: Фатима Қозыбақова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультетінің 1-курс студенті Баймуратқызы Дильназ

Соңғы жаңарту: 4 наурыз 2026, 06:56

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Баймуратқызы Дильназ

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр)

Абылай ханның Әбілмансұр атанған балалық шағы, жоңғарларға қарсы күресі, ел басқаруы және Түркістандағы жерленген орны туралы.

Баймуратқызы Дильназ 38 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Университет

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қоғамның көз қарасы

Тұран Университтеті Журналистикалық факульттет тележурналист Мүмкіндігі шектеулі адамдар – қоғамның ажырамас бөлігі екені анық. Олар да өзге адамдар сияқты білім алуға, еңбек етуге, еркін жүріп-тұруға, қоғамдық өмірге…

Елубаева Жанерке Жамбылқызы 61 оқылым 3 мин
Университет

Қытай, Сингапур және АҚШ бастауыш мектептерінде ЖИ арқылы білім беру

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, 4-курс Аңдатпа Мақалада Қытай, Сингапур және АҚШ бастауыш мектептерінде жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу бағыттары мен…

Сайлаубекова Ақерке Жандосқызы 49 оқылым 21 мин
Университет

Ми неге жалқауланады? Оның түпкі себебі неде?

Мақалада жалқаулықтың артындағы ми процестері, энергияны үнемдеу әдеті, префронтальды қыртыс пен дофаминнің мотивацияға ықпалы баяндалады.

Текесбаева Диана Жанболатқызы 53 оқылым 4 мин