Мазмұнға өту

Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде

Жайна Сарсенгалиева 2 мин оқу 50 оқылым

Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.Қазақ халқының ана тілі шексіз бай,өте көркем.Өз тіліміздің көркемдігін көркейту ұлт байрағын көтерумен бірдей.Демек,әр адамзат баласы баға жетпес байлығын көзінің нұрындай сақтауы тиіс.
Ананың сүтімен бойға дарыған туған тілді құрметтеу ең қымбат,ең асыл қасиет.Ақын Мұқағали атамыз “Менің үш бақытым-Отаным,қасиетті ана тілім,қастерлі де қадірлі халқым” деген.Әрине,бұлар барда еш қор болмайтынымыз анық.
Қазіргі қоғамда асыл мұрамыздың маңыздылығының арта түсуі барлығымызға мәлім.Болашақ жастардың қазақ тілінде білім алып,басқа да тілдерді жетік меңгеріп жатқандығы біз үшін үлкен жетістік.Бүгінде елімізде 7400-ден аса мектеп бар.3809 білім ошағы қазақ тілінде болса, 1287 ілім ордасы орыс тілінде білім береді. Ал 2319 мектеп араластілде.Дегенмен,статистикалық ақпараттарға сүйенсек, соңғы 8 жылда қазақ мектептерінде оқитын оқушы саны 19 пайызға, орыс мектептерінде оқитын білім алушылар саны 21 пайызға артып отыр.Халқымыз мұның себебі,баланың тілі өз ана тілінде шықпауында деген болжамда.Шынында да,баланың тілі ана тілінде шығып, сол тілде ойлана алмаса кейін оны меңгеру қиын болары анық.Тілдің тұғыры отбасынан басталады.
Сөздің қадіріне жетуді,қазақ тілінің тазалығын сақтауды назардан тыс қалдырып жүргендейміз.Халқымыз “тілдің шұбарлануы-ұлтқа төнген кауіп” деп бекер айтпаса керек.Кейбір жастардың тілге деген немқұрайлығының соңы,оны жоғалтуға алып келетіні сөзсіз.
Мемлекет басшымыз Кемелұлы Тоқаев Егемен Қазақстан және Айқын газеттеріне сұхбат берді.Бұл сұхбаттарда қазақ тілінің хал-ахуалын ,оның шешу жолдары жайлы өз пікірін білдірген."Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде.”-деген болатын елбасымыз.
“Тіл” деген құнды байлығымыздың арқасында ғана біз қазақ халқы деп аталдық.Сондықтан оны тарих пен болашақты байланыстыратын жәдігер десекте артық етпейді.Тілі өз тілінде шыққан жастардың ғана болашағы жарқын,әрі биік болады.Оны естен шығармаған абзал.
Қадір мырза Әли жырлағандай “Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте “ деген өлең шумағын еліміздегі әр азамат ұран ретінде ұстанса,қазақ тіліміз ешқашан өшпей,мәңгі сақталады.Әлем таныған ел болу үшін,асыл қазынамыздың жұлдызын биіктетуіміз керек.Бұл біздің басты парызымыз!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Жайна Сарсенгалиева

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Ата-ана жіберетін топ 5 қателік

Ата-ана болу үлкен жауапкершілікті талап етеді.Қазірде оған немқұрайлықпен қарайтын немесе отбасын асыраймын деп жүрген жұмыс басты ата-аналар жетерлік.Алайда,сіздің балаңыз бар екенін және оның саналы болып ер жетуі…

Жайна Сарсенгалиева 27 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин