Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ата-ана жіберетін топ 5 қателік

Жайна Сарсенгалиева
2 мин оқу 27 оқылым

Ата-ана болу үлкен жауапкершілікті талап етеді.Қазірде оған немқұрайлықпен қарайтын немесе отбасын асыраймын деп жүрген жұмыс басты ата-аналар жетерлік.Алайда,сіздің балаңыз бар екенін және оның саналы болып ер жетуі үшін оған берілетін тәрбиеге аса мән беруіңіз қажет екенін ұмытпаңыз!


1.Запрет қою

Егерде балаға кез келген нәрсеге отбасында запрет(сен сөйлеме,сен кішкентайсың,ойнама,тиіспе,т.б) қойылатын болса,оның ішкі жан дүниесіндегі өнері сыртқа шықпайды.Болашақта өз ойын айтуға ұялып,әр түрлі ортада өзін жайсыз сезініп,қысылатын болады.Отбасында мәселе туындаған жағдайда да, өз ойын ашық жеткізуге бір уақыт көңіл бөліңіз!Бала салмақты,салиқалы болып өссін десеңіз,оны тек іспен,сөзбен көрсеткеніңіз абзал!

2. Баламен сырласпау

Көп жағдайда ата-ана баланың жақсы көңіл күйін көріп, оның ішкі жағдайын ұмытып кетіп жатады.Бірақ сізде бала уайымдамасын деп , проблемаңызды жасыратыныңызды ұмытпаңыз!Сондықтан баламен жиі сырласу баланы дамытады .Оның күні қалай өткенін,мектепте не қызық болғандығын,достарын,кім болғысы келетіндігін,нені қалайтынын,т.б сұрап тұру қажет.Сіздің басыңыздан өткен жағдайды бала өткермес үшін баламен сырласып,оған ақыл ,кеңес беріп отқан жөн.

3.Қателігі үшін ұрысу не ұру

Әр адам көптеген қателіктердің арқасында , үлкен жетістікке жетіп оның жемісін көре алады.Сол себепті де ,бала егер қате іс жасап жатқан жағдайда оны жасауға запрет қойып,ұрыспаңыз!Кедергі болмаңыз!Себебі,одан кейін ғана ол оның ауыртпашылығын сезініп,түсінетін болады.Әрине,барлық ата-ана өз баласына қауіп төнгенін қаламайды.Дегенмен,баланы ұру ол ең үлкен қателік.Әсіресе,егер әкесі ұрған жағдайда,оны ешқашан ұмытпайтын күйге түседі.Егерде балаңыз сізді тыңдағанын,өтірік айтпағанын қаласаңыз,онда оған жылы сөзбен үйреткеніңіз жақсырақ.

4.Бала орнына шешім қабылдау

Егерде сіз балаңыздың орнына шешім қабылдап жүрген болсаңыз,оны доғарғаныңыз жөн.Себебі,бала сіздің жауабыңызға тәуелді болып қалуы әбден мүмкін.Оның өзінің ойын тыңдап көріңіз!Баланың жүрегі қалайтын нәрсеге айналасын толтырыңыз!Сонда ғана бала өзі дұрыс шешім қабылдайтын жан болып ер жетеді.

5.Өз проблемасын айту

Әрине,әр адам басынан түрлі жағдай өтеді.Бірақ баланың психикасында ол ешқашан ұмытылмайды.Балаға ненің дұрыс,ненің бұрыс екенін айтып отырған жөн.Алайда,ата-ана проблемасымен баланың санасы уланса,оның өзінің болашағы ұмытылады.Оның балалық шағы қызықсыз,тез өтіп шыға келеді.

Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің…!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жайна Сарсенгалиева

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде

Мәтінде қазақ тілінің ұлт өміріндегі орны, ана тілін отбасында құрметтеу және жастардың болашағы туралы ой қозғалады.

Жайна Сарсенгалиева 2 мин 52 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым